Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Даурен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.46 Кб
Скачать

Мұрағаттан бөліп алу

Қысылған файлды жұмыс ұшін пайдаланбастан бұрын, оны ашу қажет:

Файлдарды мұрағаттан бөліп алудың ең оңай тәсілі мынау:

  1. Жетектегішті ашып, мұрағаттық файлды тауып алыңыз (түрі – zip, rar және т.б.).

  2. Файлды тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Ағымдағы қалтаға бөліп алу әмірін таңданыз.

  3. Ағымдағы қалта файлдары тізімінің соңында мұрағаттан бөліп алынған файлдар пайда болады.

Файлдарды мұрағаттан таңдап бөліп алу үшін мұрағаттық файлдың мазмұнын қарап шығу қажет. Бұл үшін мұрағат атауын екі рет шертсеңіз, WinRAR бағдарламасының сұхбат терезесі ашылады.

Мұрағаттан бөліп алғыңыз келетін файлдарды бөлектеп, құралдар үстеліндегі Бөлектеп алу батырмасын шерту қажет. Ашылған сұхбат терезесінде файлды орналастыратын орынды көрсетіп, Жарайды батырмасын басу керек.

Компьютерлік вирустар

Компьютерлік вирустар – бұл комьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандағы зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттігі жатады. Өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейілеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ, олар желідегі компьютерлер арасында және Internet арқылы тарап, компьютерлердің жұмысын тежеп, басқа да ақауларды тудырады. Компьютер вирус зақымданған бағдарламамен жұмыс істеген кезде оны “жұқтырып” алуы мүмкін.

Адамға жұғатын вирустын әрекеті сияқты, компьютерлік вирустардың әрекеті де әртүрлі болады: тітіркендіруден білдіруге дейін. Оның үстіне, үнемі вирустардың жаңа, алдыңғысына ұқсамайтын түрлері пайда болып тұрады. Бақытымызға орай, вирустарды жұқтыру мүмкіндігін және олардың бүлдірушілік әсерін бірқатар білімдерді меңгере отырып төмендетуге болады.

Зақымданған бағдарлама не қосымшаны ашып, іске қосқан кезде жұмыс барысында қиындықтар туындаған кезде Сіз вирустың бар-жоғынын хабарсыз болуыңыз мүмкін.

Компьютердің вируспен зақымдағанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:

  • Компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді;

  • Компьютер сұраныстарға жауа беруін доғарып, бұғатталып қала береді;

  • Жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді;

  • Компьютер өз бетімен қайта қопарылып, ақаулармен жұмыс істеуді бастайды;

  • Қосымшалар қателермен жұмыс істейді;

  • Дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады;

  • Басып шығару қателермен жүреді;

  • Қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды;

  • Мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді;

Бұлардың бәрі вирус жұққандығының типтік белгілері. Алайда олар бағдарламалық жақтаманың немесе құрал-жабдықтардың вирустарға еш қатысы жоқ ақауларынын хабар беруі де мүмкін. Сондықтан да, компьютерде вирусқа қарсы қазіргі заманғы сапалы бағдарламалар орнатылмаса, компьютердің вирустармен зақымдағаның дәл анықтау оңай емес.

Вирустармен күресу үшін антивирустар деп аталатын арнайы бағдарламалар бар.

Вирусқа қарсы бағдарлама (антивирус) – компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдуге, сондай-ақ файлдың вирус жұқтуруынан алдын алуға арналған бағдарлама.

Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарлмалардың алуан түрлері бар:

Dr.Web, Касперский антивирусы, Eset NOD32, McAfee, AVG, Panda Software, Norton Antivirus және т.б.

Касперский Антивирусы (AVP) – ең танымал вирусқа қарсы бағдарламларының бірі. Компьютерге орнату кезінде Каспрский Антивирусы тұрғылықты дискіде орналасқан нысындарды мәтінмәндік мәзіріне құрамдасып, өз тобын Бастау Бас мәзіріне үстейді. Жұмыс істеу барысында амалдық жүйенің жүйелік үстелінде вирусқа қарсы бағдарламаның белгішесі пайда болады.

Касперский Антивирусының көмегімен жергілікті, алмалы, ықшым дискілерде вирустардың бар-жоғын тексеруге болады.

Касперский Антивирусы орнатылған болса, компьютерді вирус жұқтырған-жұқтырмағанына толық тексеру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

  1. Касперский Антивируы вирусқа қарсы бағдарламасын ашу.

  2. Қорғаныс қосымшасын таңдау.

  3. Менің компьютерімді тексеру дегендуі басу.

  4. Тексеру нәтижелері жою немесе емдеу қажет болатын вирустардың бар-жоғың көрсетеді.

  5. Содан кейін Касперский Антивирусы бағдарлмасы терезесін жабу керек.

Вирустар бар-жоғына тексеру әмірі

Жекелеген нысандарды вирустардың бар жоғына тексеру үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен ерекшелеп алып, мәтінмәндік мәзірден Вирустардың бар-жоғына тексеру әмірін таңданыз.

Вирус табылған жағдайда ашылған сұхбат терезесінде ұсынылған әрекеттердің бірің таңдау қажет.

Өз комьютерініздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

  • Компьютерінізді вирустардың бар-жоғына кем дегенде екі айда бір рет тексеріп отырыныз.

  • Өз вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтамыздың деректер қорын кем дегенде 3 айда бір рет жаңартып отырыңыз.

  • Өзініз сенімді болмаған кез келген сыртқы тасымалдаушыны вирустар бар-жоғына тексеріп отырыңыз.

  • Өз компьютерінізде бөтен адамдардың жұмыс істеуіне жол бермеңіз.

  • Күмәнді бағдарламаларды көшіріп жазбауға тырысыңыз.

  • Вирусты өз бетіңізбен залалсыздандыра алмасаңыз, маманға жүгінініз.