Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Даурен.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126 Кб
Скачать
☆

Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

Оқушы компьютермен жұмыс жасау барысында электр тоғымен зақымданған жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің төмендегі берілген әрекеттеріне назар аударуы қажет:

  1. Тоқты өшіру (щиттағы қалқандағы) батырманы басу арқылы;

  2. Зақымданушы тоқ әсерінен (сымнан) босату;

  3. Дәрігер шақыру;

  4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына байланысты көмек көрсету.

  1. Күйген жағдайда:

  • Ауырғанды сездірмейтін дәрілер (анальгин, валерьян, және т.б.) беру;

  • Күйген жерге арнайы май жағу;

  • Зақымданған жерге суық су құю;

  • Алдын-ала жараланған жерді, микробтар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау.

  1. Есінен танып қалған жағдайда:

  • Зақымданушыны жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып, қырымен орналастыру керек.

  1. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:

  • Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексеру керек, егер тіл күрмеліп қалған болса, оны қолмен дұрыс қалпына келтіру қажет.

  • Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолдан дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасау.

Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар

Оқушыны компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда келтірілген жаттығуларды пайдалануы қажет:

  1. Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру);

  • Алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төмен қарау;

  • Сағат тілінің баытымен және керісінше көзді айналдыра, қозғалыс жасау;

  • Көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыр.

  1. Басты бұру жаттығуларын жасау:

  • Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;

  • Басты жан-жаққа бұру.

  1. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту.

  2. Денені босаңсыту және оны керіліп ширықтыру.

Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметі

Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бір бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігің беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің немесе системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледі.

ОС-тың екі негізгі қызметін атап айту қажет, олар:

1)барлық қолдаңбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қаматамасыз ету;

2)әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мумуіншілігін беру.

ОС-тың негізгі жұмысына программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғыларымен байланыса отырып әрекет етуін қамтамасыз ету, оған керекті ЭЕМ-нің жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру сияқты функциялар жатады. ОС-тың негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны басқару ОС-тың командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттерден тұрады.

Сонымен, ОС – адам мен ЭЕМ апараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.

ОС дербес компьютердің аппаратурасының жалғасы сияқты, ол атқаратын істерді мынадай үш топқа жіктеуге де болады:

  1. Мәліметтерді енгізу-шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру;

  2. ЭЕМ-ді сыртқы ортамен байланыстыру;

  3. Мәліметтерді сақтау мен өндеу жұмыстарын атқару.

Компьютерлердің әртүрлі модельдерінде қолданылатын ОС-тердің

мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Ең көп тараған ОС түрлерінде MS-DOS (PS-DOS), СDOS, MSX, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолдаңыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер – Windows программалары жатады.

Біз қарастырғалы отырған MS-DOS жүйесі 1981 жылы IBM PC компьютерлерімен бірге шығып, ол әрбір компьютерге орналастырылған болатын.

Қазіргі кезде стандартты операциялық жүйе ретінде Windows есептеледі, бірақ MS DOS жүйесінің негізгі түсініктері операциялық жүйелердің бәрінде де толық пайдаланылады.

Windows жуйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

  • Компьютердің барлық құрал-жабдықтарын (аппараттарын басқару);

  • Файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

  • Қолдаңбалы программаларды іске қосу.

Бұған қоса Windows жүйесі:

  • Бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • Әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасу;

  • Масштаб бойынша өзгеріле алатын шрифтер қолдану;

  • Мультимедия мүмкіндіктерін қолдану;

  • Жвлпы ортақтастырылған анықтамалық жүйені пайдалану істерін қамтамасыз ете алады.

Windows жүйесінің негізгі түсініктері

Терезе – Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы “терезе” екені осыны білдіреді.

Терезе жақтаулары (шекаралар) – бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып қатары орналасқан. Тақырып қатарының сол жағында Жуйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің көлемін өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып қатарынан төменірек меню қатары орын алған. Ал меню қатарынан төменгі төртбұрышы аудан – терезенің жұмыс аумағы деп аталады.

Шартбелгі (Icon) – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін.

Жарлық (shortcut) – бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.

Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 95) және программалық топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылады.

Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді.

Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция – экран бетімен сілтеменің қозғалуы (жылжуы) болып табылады. Бұл дайындық операциясы, ол өздігінен ешқандай әрекет-амал орындайды.

Келесі операция – сырт еткізу (Click). Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады, мысалы, сілтемені графиктік элементтің шартбелгісіне жеткізіп, енді басқа бір операция орындауға болады. Сырт еткізу деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады.

Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ батырмасын жылдам түрде екі рет сырт еткізу әрекеті жатады (Double-Click).

MS DOS операциялық жүйесі

Дербес компьютерлердің файлдық жүйелері

DOS деген сөз дискілік операциялық жүйе дегенді білдіреді, MS – операциялық жүйені жасаған Microsoft фирмасы атының қысқартылуы.

Файл атауы файл атынан және файл кеңейтілуінен тұрады. Файл аты (filename) 8 таңбадан, кеңейтілуі (filename extension) 3 таңбадан аспауы қажет.

Стандартты файл кеңейтілулерінің қалытасқан атаулары бар – txt, bak, sys, exe, com т.c.c. Файлдың аты және кеңейтілуі арасына нүкте белгісі қойылады.

Файл кеңейтілуіне байланысты қандай программа екенін білуге болады: .com, .exe – орындалатын программалар;

.bat- командалық файлдар; .pas- паскаль тіліндегі программа; .for – фортран тіліндегі программа; .c- си программасы; .asm- ассемблер программасы; .bak- көшірме файл; .txt- мәтіндік файл; .sys- жүйелік файл; .doc- құжаттық файл; .pic, .pcx, .bmp- бейнелік файлдар.

Операциялық жүйелерде бірнеше дискілермен жұмыс істеуге болады. Дискілер атауы латын әріптерімен (A:, B:., C:, D:, т.б.) белгіленеді.

Каталог дегеніміз файл, аты, файл өлшемі, соңғы өзгертуінің уақыты мен мерзімі, файл атрибуттары (сипаттамалары) т.б. файл туралы мәліметтер жазылатын дискідегі арнайы орын. Егер каталогта файл аты жазылса, файл сол каталогта орналасқан деп айтады. Әр каталогта көп файл жазыла береді.

Каталогтар әдетте латын әріптерімен және цифрдармен белгіленеді. Тақырыптас файлдар тобын жазуға арнап, әр каталогтар ішкі каталогтар құруға болады. Сонымен дискіде тармақталған каталогтар пайда болады. Каталог синонимі директория деп аталады. Ең сыртқы каталогты түбір каталог деп атайды. Дискі мен файл орналасқан каталогтар тізімі файл жолы деп аталады. Файл жолы файл атымен қосылып файлдың толық атын құрайды.

Жұмыс Істеп жатқан дискі атауы, каталог аты, файл аты “ағымдық” деп аталады.

Орындалып жатқан программа, істеп тұрған программа режимдері “Екпінді” деп аталады.

MS-DOS операциялық жүйесінің құрамы

Операциялық жүйенің құрамы: MS DOS енгізу-шығару базалық жүйесі BIOS және басқы іске қосу блогы Boot Record, енгізу – шығару базалық жүйесінің кеңейтілген модулі - io.sys, операциялық жүйенің негізгі модулі - msdos.sys, командалық процессор command.com, операциялық жүйесінің мүмкіндікткрін кеңейтетін утилиталар: fdisk.com, format.com, sys.com, scandisk.com, defrag.com болып табылады.

MS DOS операциялық жүйесің іске қосу процесінде келесі әрекеттер жүреді: компьютердің тұрақты жадысынан BIOS оқылады, компьютер тестілеуден өтеді, конфигурация тесеріледі, басқы іске қосу программасы істейді және MS DOS ізделінеді. Дискіден жедел оперативтік жадыға келесі модульдер оқылады: io.sys, msdos.sys, config.sys (аспаптар туралы мәлімет жазылатын конфигурация файлы) command.com, autoexec.bat және DOS – тың шақыру белгісі:

C:\>

Пайда болады. DOS-тың шақыру белгісі компьютердің жұмысқа дайын екендігін білдіреді, яғни керек команда енгізіп, немесе орындалатын программаны шақыра беруге болады.

MS-DOS жүйесінің командалық режимі

MS-DOS жүйесінің командалары келесі құрамнан тұрады: аты, параметрлері, кілттері.

Параметрлер командада қолданылатын құрылымдары сипаттайды.

Кілттері команда опциялары мен режимдерін көрсетеді.

Файлдармен орындалатын амалдар: файлдарды құру, өшіру, орнына келтіру, көшіру, ауыстыру, атын өзгерту, іске қосу, түзету және т.б.

Norton Commander операциялық қабыршығы

Norton Commander мүмкіншіліктері

Norton Commander – қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге арналған программа, онда командалары пернетақтада термей-ақ, тек пернелерді басу арқылы орындауға болады. Ондай операциялық жүйемен жұмысты жеңілдетуге арналған программаларды “операциялық қабыршық” деп атайды.

Norton Commander қолданушыға келесі мүмкіндіктер береді:

  • Экранда әрдайым каталог мазмұнын көрсетеді;

  • Диск, каталог,файл және жедел жады мөлшері туралы информация алуға;

  • Бір каталогтан екіншісіне көшуге;

  • Каталогтар құруға, атын өзгертуге, көшіруге және өшіруге;

  • Каталогтардан файлдарды (тобымен немесе жалғыздан) көшіруге, ауыстыруға, атың өзгертуге және өшіруге;

  • Кез-келген файлды көруге және мәтіндік файлдарды түзетуге;

  • Командалық жолдарды түзетіп, DOS-тың кез-келген командасын орындауға болады.

Norton Commanderді іске қосу

NC.EXE файлының толық жолынан тұратын келесі команданы терініз:

C:\NC\NC

Бұндағы C: - NC.EXE файлы жазылған диск аты, ал NC – каталог аты.

NC – Norton Commander деген сөздің басқы әріптерінен құралған қысқартылуы, командадағы бірінші NC-каталог атын, екінші NC-программа атын (nc.exe) көрсетеді.

Функциялық пернелер қызметі

F1 - көмек; (экранға анықтама шығарады)

F2 – шықыру; (экранға қолданушы менюін шығарады)

F3 – оқу; (экранға файл мазмұнын шығарады)

F4 – түзету; (экранға редакторда файл мазмұнын түзетуге шығарады)

F5 – көшіру; (файл немесе каталогты көшіреді)

F6 – ат өзгерту; (файл және каталогтың атын өзгертеді)

F7 – каталог; (жаңа каталог құруға қолданылады)

F8 – өшіру; (файл немее каталогты дискіден өшіреді)

F9 – меню шығару; (NC меню жолын экранға шығарады)

Alt+F1- диск; (сол жақ тақтада диск атаулары шығады)

Alt+F2- диск; (оң жақ тақтада диск атаулары шығады)

Alt+F3- оқу; (файл мазмұнын қарау)

Alt+F4- түзету; (файл мазмұнына түзеу енгізу)

Alt+F5- сығу; (файлдарды архивтеу)

Alt+F6- алу; (архивтелген файлдан керек файлды алу)

Alt+F7- іздеу; (дискіден файл іздеу)

Alt+F8- журнал; (соңғы командалар тізімі)

Alt+F9 – жол; (тақтадағы жол санын өзгерту)

Alt+F10- тармақ; (каталог тармақтарын шығару)