Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Даурен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.46 Кб
Скачать

Жеке тапсырма

  1. C:\>A:

A:\>md TX

  1. A:\>cd TX

A:\TX>md TX2

  1. A:\TX>C:

C:\>cd Windows

C:\Windows>copy *.*ini A:\TX\TX2

  1. A:\TX>dir

A:\TX\>cd

A:\TX\TX2>dir

  1. A:\TX\TX2>del*.ini A:\TX\TX2>cd..

A:\TX>rd TX2 A:\TX>cd..

A:\TX>rd TX

Мұрағаттар деген не және олар не үшін қажет?

Кей кездері, тұрғылықты дискіде немесе ауыстырылатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда, немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір мұрағаттық файлда орналастыру мақсатымен мұрағаттау қолданылады.

Мұрағаттаудың қажеттілігі құнды ақпарат пен бағдарламалық жасақтаманы зақымданудан және жойлудан (кездейсоқ не қастықпен, компьютерлік вирустар әсерінен) сақтап қалу мақсатымен көшірумен де байланысты.

Мұрағат – қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы. Бір мұрағатта (қысылған файлда) бірнеше файл немесе типті бірнеше қалта сақтала алады. Бұл дискіде немесе дискетте көбірек ақпаратты орналастыруға мүмкіндік береді.

Мұрағаттаушылар – мұрағаттық файлдармен жұмыс ітеуге, яғни мұрағаттық файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар. Мұрағаттаушылар компьютер жадысындағы ақпаратты арнайы математикалық әдістер көмегімен сығуға мүмкіндік береді. Бұндайда файлдың өлшемі кішірек көшірмесі жасалады.

Недәуір кең тараған мұрағаттаушы бағдарламалардың мүмкіндіктері бірдей деуге болады және барлық параметрлері жағынан бір бірімен артықтығы жоқ: бір бағдарламалар жылдамырақ жұмыс істесе, екінші біреуінде файлдарды қысу деңгейі жоғарырақ. Тіпті бағдарламаларды тек қысу деңгейі бойынша ғана салыстырсақ та, олардың ішінде нақты көшбасшысы жоқ: түрлі файлдарды түрлі бағдалмаларда жақсы қысылады. Ең кең тарағандары ішінен WinZIP, WinRAR, ARJ бағдарламаларын ерекше атап қөрстуге болады.

Мұрағаттаушы бағдарламаға қарай мұрағаттық файлдардың нақты белгіленген түрі (кеңейтімі болады). Недәуір жиі кездесетін мұрағаттар типі zip, rar, arj болады. Олардан басқа, компьютерлерде cab, lzh, tar, gz, uue, bz2, iso және т.б. мұрағаттар қолданылады.

WinZIP, WinRAR мұрағаттаушыларымен тәжірибелік жұмыс

WinRAR бағдарламасын іске қосу үшін Бастау Барлық бағдарламалар – WinRAR әмірлерін қолдануға немесе Жұмыс үстеліндегі бағдарлама белгішесін екі рет шертуге болады. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін бірден файлдарды басқару режимі орнатылады.

Мұрағаттаушы терезесінде амалдық және құралдар үстелдері, сонымен қатар күй жолағы бар. Амалдық мәзірдің негізгі әмірлері құралдар үстеліндегі батырмаларда қайталанады.

Терезенің орталығында қандай да бір диск немесе қалтадағы файлдық нысандардың тізімі орналасады. Бұл тізімі мұрағатталуы тиіс қалталар мен файлдарды таңдауға арналған. Мұрағат жасау үшін Үстеу батырмасы, мұрағаттан шығару үшін Бөліп алу батырмасы қолданылады. Бұл батырмаларды басқан кезде өзіне сәйкес сұхбат терезелері ашылады.

Мұрағатты әзірлеу

Мұрағаттық файлды бірнеше тәсілмен жасауға болады. Біз сізге ең оңайын көрсетейік:

  1. Жетектегішті ашып, мұрағатталуы тиіс файлды табыңыз.

  2. Оны тіңтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Мұрағатқа үстеу әмірін таңданыз.

  3. Мұрағаттаушы бағдарламаның Мұрағаттың аты және параметрлері жеген сұхбат терезесі ашылады, онда Жарайды батырмасын басу керек.

  4. Жасалған мұрағаттық файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады.

Қажет болса, мұрағаттаушы бағдарлама терезесінде мұрағаттық файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады.

Мұрағаттау барысы Мұрағат жасау терезесінде көрініп тұрады. Жоғарғы айғақтауыш жолағы кезекті файлды қысу процесін көрсетеді. Одан төменірек процесс басталғаннан бері өткен уақыт және мұрағатты түгел әзірлеуге жұмсалады деп мөлшерленген уақыт көрсетіледі. Төменгі айғақтауыш жолағы мұрағат жасалуы барысын түгел көрсетіп тұрады. Болдырмау батырмасының көмегімен мұрағат әзірлеу процесін кез келген уақытта тоқтатуға болады. Әрине, бұндай жағдайда мұрағаттың жасалып қойған бөлігі қолдануға жарамай қалады да, оны жою керек болады.