Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Даурен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.46 Кб
Скачать

Сканер

Сканерлердің (мәтіналғы) көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графикалық түрде енгізіледі, содан соң арнаулы бағдарламалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.

Сканер көмегімен кез келген мәтіндік және графика түрінде мәліметті компьютерге тасымалдауды автоматтандыруға болады.

Әдетте, қағаз парағын, журнал, кітап, слайд, үлдір және тағы басқаларды қолданады.

Сканердің даму жолында көптеген технологиялар мен сканерлеу әдістері өзгрді.

Үй және кеңсе қолданушыларының арасында үлкен планшетті сканер көп таралым алды. Планшетті сканерлерге сканерлеуші бастиектің қозғалтқышы арқылы түпнұсқаны бойлай жылжитын сканерлер жатады.

Көшіргі аппараттар секілді сканерде түрлі обьектілер көшіретін шағылдырғыш қақпағы бар.

Әдетте, планшетті сканер қалыпты А4 парақтарын сканерлеуге арналған, бірақ үлкен өлшемді сканерлер де кездеседі.

Үлгілердің көп түрі болса да, сканерлерді бірнеше белгі бойынша топтастыруға болады:

  • Түрлі түсті суретті цифрлау мүмкіндігі;

  • Суретті құрастырудың әдісі;

  • Қолданудың ерекшеліктері (тетіктің түрі немесе оның жоқтығы);

  • Максималды шешүі және компьютерге қосылу әдісі.

Сканерлердің шешуі көпшілігінде 1 дюймге 100-150-ден бірнеше мың нүктелерге дейін өзгереді. Бұл жерде оптикалық және интерполяциялық шешулерін айыруға болады. Біріншісі, сканердің оптикалық мүмкіндіктерінің салдары болып табылады. Екіншісі, көрші нуқтелердің бағдарламалық интерполяциясын қолдану арқылы жоғары шешуін алады, бірақ та суреттің сапасы төмен болады. Оптикалық шешуі бар принтер жақсырақ, себебі шешуі жоғары болған сайын сапасы да жоғарылайды.

Планшетті сканерлер шешуі кемінде 600 dpi, кейде 1200. Бұл көрсеткіш жақсы планшетті сканерлерінде 2400-800 dpi-ға жетеді.

Фотосурет сканерлеп және оны сурет түрінде сақтау үшін 600-1200 dpi

шешуі әбден жеткілікті. Мәтінді айырып тану үшін 600 dpi жеткілікті.

Шешуі көлденең және тік жағынан тең келмейді. Кіші сан қозғаушының адымын белгілейді, ал үлкені сканерлеу элементінің шешуін белгілейді. Мысалы, 1200 х 600 dpi мынаны білдіреді, түпнұсқаны қадаға 1200 dpi шешуімен сканерлей алатынын білдіреді, ал 1/600 осы қадағаны қозғалтатын қозғаушының адымын көрсетеді.

LPT-ның параллельді портына сканерді қосудың ескі әдісінің бірі. Мұндай қосудың кемшілігі – компьютерге сканерден деректерді беру жылдамдығы төмен болуында, сондықтан LPT интерфейсі бар сканер көп кездеспейді.

Дәл қазір USB шинасына қосу әдісі ұтымды, барлық қазіргі жүйелік тақташаларында USB порттар бар.

Соңғы кезде SCSI және FireWire бейімдеуіштерге қосылатын сканерлерді кездестіруге болады.

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі

Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей;

  1. Жалпы ережелерді;

  2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;

  3. Жұмыс жасау кезіндегі;

  4. Апаттық жағдайдағы;

  5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

І. Жалпы техника қауіпсіздігі ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

  • Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға;

  • Дербес комьютерде суланған қолмен;

  • Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үлкен қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

  • Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды;

Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанандағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстарымен шұғылдануға тыйым салынады.

Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқадағы туралы журналды толтырады.

2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

- Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек:

- жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.

Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

3.Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау жасау кезіндегі техника қауіпсіздігігің ережесіне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;

  • Сыныпқа кірішулермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат еткізіледі;

  • Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;

  • Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет.

Көз жаттығуларын білу міндетті.

4.Аппаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек:

  • От сөндіруде көмек көрсету қажет;

  • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі қажет;

  • Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;

  • Электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білуі қажет. Оны әр түрлі материалдарды (электр тоғы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

  • Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;

  • Жұмыс орнын ретке келтіру;

  • Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.