Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын тарих шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
510.98 Кб
Скачать

73) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстан өнеркәсібі дамуының негізгі тенденциялары.

Қоғамдық саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық реформаларды іске асыруды тежеді. Тежеліс тетігінің өзегі сөз бен іс арасындағы алшақтық. 70 ж. ғылым мен техниканы тұтастырып, ғылыми өндірістік бірлестіктер құру мәселесі көтерілді. Мұндай бірлестіктерде ғалымдардың, конструкторлардың, инженерлердің, жұмысшылардың еңбегі бір орталыққа тоғыстырылды. Өндірістік және ғылыми өндірістік бірлестіктер көбейді: 1971 ж.­28, 1985 ж.­162. Осындай бірлестіктер мен бірлесе жұмыс істейтін кәсіпорындар саны артты: 1971 ж.­97, 1985 ж.­ 610. Бірақ тәжірибе нәтижесі күткендей болмады. Оның себептері: КСРО да ҒТР негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді.

90 ж. ортасында КСРО Батыс Еуропа елдері және АҚШ пен салыстырғанда әр өнімге шаққанда қуат пен шикізатты 2­3 есе көп жұмсалған.

  • Республика өндірісінде көмірдің 50­60%­ы; мұнайдың 70­ы, темірдің 11,5%­ы рәсуә етілген.

  • Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылардан уақыт бос жоғалды.

  • Өнімді шек қойылмастан жалпы көлемді жоспарлау сақталды.

  • Республика басшылығы алып аумаққа әуестенушілкке қолданды. Нәтижесінде ірі аймақтық өндірістік кешендер тұрғызылды: Павтодар­Екібастұз; Маңғыстау, Қаратау­Жамбыл; Шымкен­Кентау.

  • Соның ішінде Қазақстандағы ең ірі территориялық өндірістік кешен­ Маңғыстау.(1970).

  • Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981­85 ж. әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұсқан келтірді. Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70­ж. өнеркәсіп жетекші орын алды. 170­тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді: Лисаков кен­байыту комбинаты; Шерубай­Нұра шахтасы; Талдықорған аккумлятор зауыты.

Павлодар облысында Екібастұз отын энергетика кешені, Ертісте Шүлбі СЭС­і құрылыс басталды.

1975 ж. қарай барлық кәсіпорындар энергетикасымен қамтамасыз етілді. Минералды тыңайтқыштар өндіру 1,8 есе, сары фосфор 2,5 есе өсіп, фосфор өнеркәсібі КСРО бойынша алдынғы қатарға шықты.

1970­75 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд.сом жұмсалды (32%). 4970­85 ж. өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, машина жасау, химия өнеркәсібі 3 есе өсті.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен республика одақ бойынша 3 орында болды. 70­80ж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау халық тұтынатын тауарлар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісі дамуының жеткіліксіз болуына әкеп соқты. Нәтижесінде, халық тұтынатын азық түлік емес тауарларың 60%ы шеттен әкелінді.

73) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс көріністері.

70­80 ж. ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданды: Материалдық базаны нығайту, Мамандандыру мен шоғырландыру, Қаражат көлемін арттыру. 1971­85 жылдар ауыл шаруашылығына 18 млрд. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бірақ бұл күткен нәтиже бермеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады: 1871­75 ж.­13%; 11 бесжылдықта­0,4%.

1964­85 ж. мал шаруашылығы құлдырады: 4.2 млн.­ірі қара; 55 млн. қой­ешкі; 5,1 млн.­шошқа өлім жетімге ұшырады. Ауылшаруашылық өнімдерін жоспармен сатып алу интенсивтендіру жолындағы тосқауылға айналды. Бұл түрлі тәсілдер арқылы сығып алынатын азық түлік салғыры болып шықты. Жалпы өндірілген еттің бестен бір бөлігін төрттен бір бөлігіне дейінгі мөлшері одақтық қорға жіберілді. 1970­85 жылдары республика жыл сайын одақтық қорға 300 мың тонна ет жіберді. Пайда 9 млрд.сом, шығын 18­87 млрд. сом болды.

Ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу, бағаларын көтеруге ұмтылу айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өз өнімдеріне өздері баға белгілеу құқығы тыңайтқыштардың, техниканың, құрама жем түрлері құнының бақылаусыз өсуін туғызды. Ауылшаруашылығы өнімдері бағасы екі есеге артса, оларға арналған өнеркәсіптік өнімдерінің бағасы 2­5 есеге көтерілді. 70 ж­ы экономиканың аграрлық саласы басқарудың әкімшілік әдістері күшейді. Колхоздардың өзін өзі басқаруындағы демократияландыру процесі тежеліп, партия және әкімшілік органдардың тарапынан бақылау күшейе түсті.Колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро­өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК­нің 1976 ж.шешімі. Әр түрлі шаралар пайдаланылды, алайда еш нәтижесіз. Ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырау бастады. 80 ж­ң ортасында азық түлік өнімдерімен шектеулі қамтамасыз еу жүйесі енгізілді. Ауыл шаруашылығының тиімділігінің төмендеуінің басты себебі шаруалыр өз еңбегінің жемісін өздері көре алмады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]