- •1. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері
- •2.Тас ғасыры дәуіріндегі Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары.Қазақстан жеріндегі тас дәуірі.
- •4. Сақтар туралы деректер. Сақ тайпаларының орналасу территориясы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы, мәдениеті.
- •5.Ғұндар мен үйсіндер мемлекеттері туралы деректер, олардың саяси тарихы, шаруашылығы және әлеуметтік құрылысы.Ғұндар.
- •8. Түргеш және Қарлұқ қағандықтары.
- •13. “Ұлы Жібек жолы” және Қазақстанның көне қалалары.
- •20. Хiii-хv ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті.
- •21. Қазақ хандығының құрылуы.
- •23. Қасым, Хақназар хандар тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы.
- •65) Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени өмірі.
- •69) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1953 жж.).
- •71) Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
- •73) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстан өнеркәсібі дамуының негізгі тенденциялары.
- •73) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс көріністері.
- •74) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық -саяси өмірі.
- •75, Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы.
- •76) М.Горбачевтің реформалары кезеңіндегі Қазақстан (1985-1991 жж.).
- •77) 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы: себептері мен сипаты.
- •81. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы экономикалық қайта құрулар және нарыққа көшудің қиындықтары.
71) Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954-1955 жж. 2) 1956-1958 жж. 3) 1959-1965 жж. Тың игеруТың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-гежетті. 1956 жыл Қазақстан алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды.
Орталық басгылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның ХХ съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет – астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды.
Қазіргі таңда экономистер тың және тыңайған жерлерді игермей-ақ, астық өндіру кезіндегі астықты аударғандағы әр гектардан 1 ц.өсірсе, бұл тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді – деген пікірде.
60-жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайы қайтадан ауырлап, өзінің өсу деңгейін тоқтатқан болатын. Себебі, жаңадан игерілген жерлер өз мүмкіндіктерін сарқыды, колхозшылар мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің материалдық жағдайы төмен боғандықтан еңбекке ынтасы болмады.
Cоғыстан кейінгі жылдары Қазақстан шикізат көзі ретінде қаралып, соғыстан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру базаларының біріне айналды. Оның соғыстан кейінгі даму жоспары 1946 жылы 18 наурызда Жоғары Кеңестің бірінші сессиясында бекітілген « 1946-1950 жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту заңымен» белгіленді.
72) 1965-1985 жж. Қазақстан мәдениеті мен ғылымы 1962-1963 оқу жылдары 8 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек политехникалық мектептерін құру шарасы көзделді. 1970 ж. экономикадағы ірі агрокешендер құру кезеңінде «болашағы жоқ» ауылдар жойылып, шағын комплектілі мектептер жабылды.
1970 ж. 10.154 мектепте 3 млн. 226 мың оқушы оқыды.
1986 ж. 8.728 мектепте 3 млн.348 мың оқушы оқыды.
1970 ж. жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды.
1972 ж. республикада жалпыға бірдей орта білім беруге көшудің соңғы кезеңі басталды.
1980 ж. басы жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды.
1986 ж. 10 қараша «Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы» қаулы шықты.
1960-80 ж. аралығында 27 жоғары және 100 ден астам орта арнаулы оқу орындары ашылды.
1965-66 ж. 39 жоғары оқу орнында 144,7 мың студент оқыды.
1985 жыл55 жоғары оқу орнындам 273,3 мың студент оқыды.
1985 жыл246 орта арнаулы оқу орнында 272,6 мың адам оқыды.
Қазақстандық ғалымдарының ғылыми зерттеулерді дүние жүзіне танымал болды:
Д.В. Соколовский катализаторларды электрохимиялық әдіспен зерттеуді тұңғыш бастаушы.
Социалистік Еңбек ері, академик У.М. Ахмедсафин гирогеология және гидрофизика ғылымдарын ұйымдастырушы.
М.А. Айтхожин өсімдік жасушаларындағы информосомаларды тапқаны үшін марапатталған Лениндик сыйлық иегері.
1970 ж. «Гүлдер», «Дос Мұқасан», «Айгүл» ансамбльдері құрылды. Қазақ киносының Ш. Айманов, М. Бегалин, С.Қожықов секілді ірі қайраткерлерінің қатысуымен жасалған фильмдер кино өнерінің таңдаулы туындылары. Алматыда Мемлекеттік өнер мұрайжайы, Қазақ КСР мұражайы, Қазақ ұлт аспаптар мұражайы ашылды. 1978 ж. 12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясын» шығару аяқталды. 1978 ж. республикада 19 мыңнан астам кітапхана болды. Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңестік жетістіктерді зерттеуге жұмылдырылды. Мәдени дамуда табыстар мен қайшылықтар қатарласа жүрді. Кеңестңк насихат ұлттық мәдениеттің гүлденуі туралы, тұтас алғанда кеңес мәдениетінің интернационалдануы жөніндегі тезисті үнемі қуаттап жатты.
