Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын тарих шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
510.98 Кб
Скачать

69) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1953 жж.).

Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағында экономикалық саясатты жаңартып, жаңа экономикалық даму жолына түсу мәселелері төңірегінде әр түрлі пікірлнр айтылды. 1947 жылға дейін Сталин халық шаруашылығының даму бағытына байланысты дәйекті шешім қабылдамады. Ұлы Отан соғысының аяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс мемлекеттері арасында орын алған алшақтық Сталиннің соғыстың алдыңғы жылдары қалыптасқан экономикалық жүйені қалауына әсер етті. Ендігі жерде кеңестік басшылар социалистік экономиканы нығайту негізі ретінде бірнеше бағыттарды белгіледі. Олар: ауыр өнеркәсіп, әскери өнеркәсіп кешенін дамыту; Одақтық республикалар экономикасын орталықтан басқару; еңбеккерлердің еңбек етуге ынтасын арттырудың орнына мәжбүрлеу әдістерін қолдану.

Соғыстан кейінгі алғашқы 1946 жыл ауыл шаруашылығы үшін қиын жыл болды. Соғыстың ауыр зардаптары салдарынан Молдавия, Украина, орта қаратопырақты аудандарда, Төменгі Поволжьеде және т.б. аудандарда аштық орын алды. Қазақстанда орта есеппен 1 га-дан 4ц.астық алынып, астық салынбаған аудандардағы шығындар Қазақстан астығы арқасында толықтырылды. Ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтардан арылу мақсатында 1946 жылдың желтоқсанында КСРО Министрлер Кеңесі КСРО-ның шығыс аудандарында егін егетін жер көлемін ұлғайту жөнінде қаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде егін егетін жер көлемін 10 млн.ға көбейту көзделді. 1950 жылы 1946 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы егістік көлемі 1 млн. 173 000 га.артады.

Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбекақысы өте төмен болды. Өйткені, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы өте төмен болды. Мысалы, астық бағасы өз құнының сегізден бір бөлігін ғана жапты. 1946 жылы мемлекет 1 колхозға 143000 сом ақша жұмсаса, 1950 жылы 170000 сом ақша жұмсаған. Сондықтан колхозшының айлық еңбекақысы 40 сом болды.

1953-1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев тұсында ауыл шаруашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың тәуелсіздігімен ұштастыруға бағытталған талпынушылық байқалды. Оның негізі 1953 жылы КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумының шешімдері болып табылады. Ұлттық табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық саясаты өзгерді, ауылшаруашылық өндірісін сатып алу және дайындау бағалары көтерілді. Сталиндік қатаң бақылаудан бас тарту көп ұзамай-ақ өз нәтижесін бере бастады.

Бірақ та бұл кезеңдегі аграрлық саясат тұрақты болмады. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстанға тікелей басшылығы бұл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2-хатшы Л.И.Афонов босатылып, олардың орныныа орталықтан жіберілген Р.К.Пономоренко және Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынеға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1-хатшылары ауыстырылды.

69) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы (1946 - 1953 жж.). Ұлы отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қ.стан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қ.стан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің әсіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. 1945 ж. КСРО Қарулы Күштерінің едәуәр бөлігінің запасқа шығару есебінен Қ.станға 104 мың солдат пен офицер, ал 1947 жылдың 1­ші қаңтарына қарай 188,2 мың адам келді. Өнеркәсіпте 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді. 1946 ж­ғы. 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінгенаудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіпті соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, оны одан әрі асып түсіру міндеті белгіленді. Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай ақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Қ.станға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша 3-ші орынға шықты.Мұндағы қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпрындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 ж­мен салыстырғанда 40 %­ға өсетін болып белгіленсе, Республикада ол 2,2 есеге арту көзделді. Қ.стан халқы соғыстан кейінгі төртінші бесжылдық жоспардың көрсеткіштерін орындауға құлшына кірісті. Бұл кезде, әсіресе ауыр өнеркәсіптің қара металлургия және түсті металлургия саласы ойдағыдай дамыды. 1950 ж. металлургиялық процестердің тұйық цикілімен жұмыс істейтін Қарағанды металлургия зауытының құрылысына арналған дайындық жұмыстары басталды. Өскеменде қорғасын мырыш комбинатының құрылысы одан әрі жалғасты, 1947 ж. ол алғаш рет мырыш берді.Балқаш мыш қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар одан әрі жүргізілді. Жезқазғанда аса ірі мыс балқыту комбинатының объектілерінің кешенін салу жалғастырылды. Текелі қорғасын мырыш комбинатының екінші кезегін іске қосуға әзірлік басталды. Шымкент, Риддер қорғасын зауыттары мен жұмыс істеп тұрған басқа да кәсіпорындар қайта құрылып кеңейтілді.Төртінші бесжылық тапсырмаларын орындау барысында өнеркәсіп салаларында жаңа техника түрлері енгізіліп отырды. Қарағанды өнекәсіп бассейнінде жұмыс істейтін алты жаңа шахта іске қосылды. Саран учаскесі пайдалануға берілді. Көмір ашық әдіспен қазылатын Екібастұз кен орны пайдалана бастады. Бесжылдық аяғына таман көмірді шабу мен қопару және оны темір вагондарына тиеу толық механикаландырылды. Бірқатар мұнай кәсіпшілерінің, соның ішінді Қаратон, Мұнайлы және басқа кәсіпшіліктердің іске қосылуын мұнай өндіруді 1950 ж. соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 52 %-ға көбейту мүмкіндік берді.1950 ж.электр қуатын өндіру 1945 ж. қарағанда 2,3 есе өсті.Бесжылдық тапсырмасы бір жарым есе артық орындалды. Өскемен жылу электр орталығының бірінші кезегі, Алматы құлама су электр станцияларының 6,7,8 ГЭС­тері, Тишин ГЭСі, Құлсары ЦЭСі т.б. іске қосылды.Химия өнеркәсібінде «Қаратау» кен химия комбинатының, Жамбыл суперфосфат зауытының бірінші кезектері бірінші кезектері пайдалануға берілді. Ауыр өнеркәсіптің тез дамуы және оның жаңа салаларының құрылуы жеңіл және тамақ өнеркәсібінің одан әрі дамуына өз әсерін тигізді. Семейде тері илеу зауыты, Петропавлда тігін фабрикасы өнім бере бастады. Шымкентте мақта мата комбинаты салынды. Бесжылдықтың аяқ шеңінде республика жеңіл өнеркәсібінде 65 кәсіпорын істеді. Тамақ өнеркәсіпте көптеген жаңа кәсіпорындар салынды. 178 май зауыты, 6 тоңазытқыш, 3 сыра қайнататын, макарон фабрикасы сіке қосылды. 4-ші бесжылдық қорытындысы бойынша Қ.стан өнеркәсібінің жалпы көлемі 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5; мұнай 1,5; газ 1,9; электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.Соғыстан кейін көлік пен жол қатынасы одан әрі дамыды. Темір жолға едәуір өаржы бөлінді. Теміржолмен жүк тасу 1945 ж-мен салыстырғанда екі есе артты. Тас жолдарының желісі ұлғайды, автомобиль көлігінің жүк тасу айналымы 1940 ж-мен салыстырғанда 1950 ж. 1,9 есе өсті. Егер 1945 ж. өнеркәсіпте 304 мың адам жұмыс істесе, 1950 жылы ол 366 жетті.Сайып келгенде, өнеркәсіпті қалпына келтіру оны жаңа деңгейге көтеру ауыл селоны қанау есеінен іске асты.

70) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі (1946-1953 жж.).Қ.станның экономикасын бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдық саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. Республиканың қоғамдық саяси өмірінде Қазақ КСР ның мемлекеттік Гимінің 1946 жылы 26­шы шілдеде енгізілуі зор оқиға болды. Оның текстін ақын жазушылар Ғ. Мұхамедханов, Ә. Тәжібаев және Ғ. Мүсірепов, музыкасын компазиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский және Л.Хамиди жазды. Гимннің осы музыкасын Егемен Қ.станның жаңа гимнінде де өзгеріссіз сақталып қалды.Соғыстан кейінгі жылдары Коммунистік партия халық шаруашылығын дамытуға және әлеуметтік мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарын барынша тартқанымен, олардың қоғамдық өмірде, халықпен жұмыс істеудегі дербестігі шектелді.Қ.станның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші ж­ң басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы әсіресе тигізді. Республика компартиясы Орталық Комитетінің 1947 ж. наурызда өткен пленумы төменгі партия ұйымдарынан Қ.стан арихын жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, БК|б|П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелере жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындауды талап етті. Соғыстан кейінгі жылдарда Қ.станда пісіп жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әкімшіл әміршіл жүйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушыларының шығармалары ҰЛЫ Отан соғысына арналған. Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Ә. Нүрпейсовтың «Курляндия» т.б. Осы жылдары Әуезовтың «Абай жолы», С. Мұқановтың «Ш.Уалиханов»сияқты тарихи шығармалар жарық көрді.1946 ж. Қ.стан Ғылым академиясы құрылып, республикада ғылым мен ғылыми зерттеу мекемелерінің дамуында елеулі рөл атқарды. Онда 500 жуық асперанттар жұмыс істеді. Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 ж. Қ.станда жалпы білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы орта оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Қорыта келе сталиндік тоталитарлық жүйенің үстемдігі нәтижесінде көптеген қарама қарсылықтар, елеулі көлеңкелі жақтар орын алды. Бұл республикада демократиялық қатынастардың тежелуіне, қазақтың ұлттық мәдениетінің одан әрі дамуына үлкен зардаптарын тигізді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]