- •1. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері
- •2.Тас ғасыры дәуіріндегі Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары.Қазақстан жеріндегі тас дәуірі.
- •4. Сақтар туралы деректер. Сақ тайпаларының орналасу территориясы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы, мәдениеті.
- •5.Ғұндар мен үйсіндер мемлекеттері туралы деректер, олардың саяси тарихы, шаруашылығы және әлеуметтік құрылысы.Ғұндар.
- •8. Түргеш және Қарлұқ қағандықтары.
- •13. “Ұлы Жібек жолы” және Қазақстанның көне қалалары.
- •20. Хiii-хv ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті.
- •21. Қазақ хандығының құрылуы.
- •23. Қасым, Хақназар хандар тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы.
- •65) Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени өмірі.
- •69) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1953 жж.).
- •71) Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
- •73) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстан өнеркәсібі дамуының негізгі тенденциялары.
- •73) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс көріністері.
- •74) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық -саяси өмірі.
- •75, Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы.
- •76) М.Горбачевтің реформалары кезеңіндегі Қазақстан (1985-1991 жж.).
- •77) 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы: себептері мен сипаты.
- •81. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы экономикалық қайта құрулар және нарыққа көшудің қиындықтары.
65) Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени өмірі.
Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап И.В.Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Қ.стан мәдениет саласында Коммунистик партя саясатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл білім беру саласында көрініс тапты. Бұл кезде шығарылған оқулықтар партия комсомол және пионер ұйымдарға жас ұрпақтың санасы мен мінез құлқына Станилизмнің догмаларын тықпалады. Тоталитарлық жүйенің кұшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Ғалымдарды, жоғарғы оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары жиырмасыншы жылдары басталды. Сталин өлгенге дейін жүргізілді. Нәтижесінде отызыншы жылдардың орта кезінде А.Байтұрсынов, С. Асфендияров, Х.Досмұханбетов, Т.Жүргенов, О.Жандосов және басқа да кқрнекті қоғам қайраткерлерлің педагогтердің өмірі қиылып кетті. 1928ж. араб әрпі латын әрпімен, ал 1940ж. кириллица мен (орыс әрпі) күштеп алмастырылды. 1920-30ж. араб әрпімен шыққан басылымдарды пайдаланғандар қудалауға ұшырайтын боды. Медреселер, мешіттер жаппай жабылды.
Қазан революциясынан кейін тоталитарлық жүйенің үстемдігіне оның қайшылықтарына қарамастан Қазақстан мәдениетіде алға ілгерілеушілік болды. 1921ж. маусымда болған Қ.стан пария ұйымының бірінші конференциясы республикадан шыққан сауатты қызметкерлердің көбін мүмкіндігінше саяси ағарту жұмыстарына жіберілді. 30 ж. қарсанында Қазақ орталық атқару комитеті жиырма мұшенің он екісі қазақ ОАК пленумының 151 мүшесінің 81қазақ, 32 өздер атқару комитетінің төрағаларының он тоғызы қазақ болып, Қазақ өздері мен губерниялардың техникалық ақпараттардың жиырма пайызын, өлкелік мекемелер қызметкерлерінің он үш пайызын құраса олардың арасында шала сауаттылар аз болмаған. Мәдени ағарту жұмыстарының ошақтары кітапханалардан, мұражайлардан, театрлардан, жұмысшы клубтардан, халық университеттерінен, көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы қызыл отаулар құрылды. Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі дамыды. Степная правда қазіргі (Казахстанская правда), Еңбекші қазақ газеттері, Қазақ журналы шыға бастады. (25жылы 31 газет, 13 қазақша). 1919 ж. 26 желтоқсанда Ленин РКФСР халық арасындағы сауатсыздықты жою туралы халық комиссарлар кеңесінің заңына қол қойылды. Бұл құжат бойынша 8-50 аралығында оқу жазу сауатын ашуға міндетті болды. 23-24 ж. бастап бастауыш және жеті жылдық мектеп 15% өсті. 1925 жылдары республикада он төрт педагогоикалық техникум және бірнеше халық ағарту институ жұмыс істеді. 29 жылы мал дәрігерлік, зоотехникалық отызыншы жылы ауыл шаруашылық институты, 31 жылы медицина институты ашылды. 1941 жылы республикада жоғарғы оқу орындар саны 20-ға жетіп оларда 10,4 мың студент оқыды. 1921 жылы тамыз айында академиялық орталық құрылды. 1940 жылдар қарсаңында 110 ғылыми зерттеу институттары мен мекемелері жұмыс істеді. Қазақстан көркем мәдениет дам көріністерінің бірі кино өнерінің дүниеге келуі. Ең алғашқы кино 1930 ж. Түркісіб деректі кинокартинасы болды. Одан кейін Жұт 1931 ж., Қаратау сыры 1933 ж. түсірілді. 1938 ж. Ленфильм шығарған дыбысты Амангелді көркем фильмі жарыққа шықты.
67) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Қазақстан – майдан арсеналы.Ұлы Отан соғысы жылдарында ел басына төнген қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды. Қазақстан өзiнiң барлық мүмкiндiктерiн – адамдар, өндiрiстiк қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды. 1939 жылғы санақ бойынша Қазакстанның халқы 6,2 миллион адам болды. Оған соғыстың алдында және соғыс жылдарында майдан шептерiнен көшiрiлген, сондай-ақ, жер аударылған халықтар қосылып, тұрғындар саны 1740-қа артты. Соғыстың алдында әскери қызметте жүрген 178 000 қазақстандықты қоспағанда, соғыс жылдарында Қызыл Армия қатарына 1 196 164 қазақстандық шақырылды. Еңбек армиясы мен құрылыс бөлiмдерiне 700 000 адам шақырылды. Майданға Қазақстанның әрбiр төртiншi азаматы аттанды. Партия ұйымдарының үштен екiден астамы және республиканың 250 мың комсомолы майдан даласында жауға қарсы ерлiкпен шайқасты. Армия қатарына шақырылған қазақстандықтардың көпшiлiгi Қазақстан аумағында құрылған әскери құрамалардың қатарын көбейттi. Олар 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, оған қоса басқа да әскер түрлерiнiң 50-ге тарта жекелеген полктары мен батальондары болды және оларға қосымша 3 атты әскер дивизиясы және 2 атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық құрамасы ретiнде құрылды. Олардың қатары, негiзiнен, ерiктiлермен толықтырылды және жартысынан астамын партия, комсомол мүшелерi құрады. Майданға дейiн олар республикалық бюджетпен және тұрғындардың ерiктi түрде қосқан қаржысымен қамтамасыз етiлдi.Қазақстан бүкiл соғыс бойына майдан үшін офицерлер дайындау ісін бір сәт те тоқтатқан емес. Жалпыға бiрдей дайындық бөлімдерінде, Осоавиахимде комсомолдық және спорттық ұйымдардардағы алғашқы жауынгерлiк даярлықтарда пулеметшiлер, минометшiлер, мергендер мен теңiзшiлер, медбикелер мен басқа да жауынгерлiк мамандықтар бойынша 2 миллионға жуық мамандар дайындалып шығарылды. Қазақстанда құрылған отыздан астам әскери оқу орындарында 16 мың офицерлер дайындалды. 20 мыңнан астам шәкiрттер соғыстың қиын кезiнiң өзiнде Қызыл Армияның сержанттар мен қатардағы жауынгерлерiнiң қатарын толықтырып отырды. Республикадағы кеңестiк, партиялық және әскери қызметкерлердiң арасында өздерiн жоғары маман ретiнде көрсеткен белсендiлер аз болған жоқ, олардың қатарында Н. А. Скворцев, Ж. Шаяхметов, Н. Д. Оңдасынов, П. Б. Алексеев, М. Т. Погребецкий, Я. С. Черныйларды атап өтуге болады.Сталинград шайқасы кезiнде Батыс Қазақстанның Орал өзенiне дейiнгi аймағы Сталинград майданының тылдағы ауданы деп есептелдi. 1942 жылдың қыркүйек айында бұл аумақ соғыс жағдайында деп жарияланды. Ал Орал мен Гурьевте мемлекеттiк, партиялық және әскери органдардың билiгiн бiрiктiрген қорғаныс комитеттерi құрылды. Осы кезеңде немiс әуе күштерi Қазақстан аспанын шарлайтынды шығарды. Олар Едiл қыратына баратын жалғыз темiржол желiсi Урбах-Жоғарғы Басқыншақ-Заплавноенiң Қазақстандағы бөлiгiн барынша қатаң түрде бақылауға кiрiстi. Немiстiң бомбалаушы ұшақтары сонда Шұңғайға 24, Сайқанға 36, Жәнiбекке 40 рет шабуыл жасап, бомба тастады. Сондықтан да кеңес қолбасшылығы темiр жолдың қазақ бөлiмшесiн қорғауға әуе кеңiстiгiн бақылайтын төрт байланыс және хабарландыру батальонын, 2 зениттiк артиллерия полкін және әуе қорғанысы күштерiне қарсы шабуылға шығатын 3 әуе шабуылшылары полкін ұстап отырды. Аспаннан жаудың 30 бомбалаушы ұшағы атып түсiрiлдi.Батыс Қазақстанның қалалары мен ауылдарын әуе шабуылынан қорғауды майданның арнайы қызметi өз мойнына алды.Соғыстың алғашқы күнiнен бастап Қазақстан жалпы майданның ең қуатты тiрегiне айналды. Бұл, әсiресе, жау қолында қалған, өндiрiстiк қуаты көшiрiлген қалалардың, Кеңестер Одағының өнеркәсiбi мен ауыл шаруашылығының жалпы одақтық экономикаға қосар үлесiн толықтыру үшiн қажет болды. Сөйтiп, қарбалас кезеңнiң өзiнде бұрыннан бiзге бейтаныс өндiрiстердi игерiп, экономиканың жаңа салаларын жолға қою сияқты соны мiндеттер қойылды.Қазақстандықтар бұл iске өте белсене кiрiстi, әсiресе, Қарағанды шахтерлерiнiң еңбегi ерекше. Донбастан ауып келген жұмысшылармен бiрге соғыстың 4 жылының iшiнде Қарағанды 34 миллион тонна көмiр өндiрдi. Мұның өзi осы кен орны ашылғаннан бергi 86 жылдың iшiнде шығарылған көмiрдiң мөлшерiнен әлдеқайда асып түстi. Сол еңбек ерлерiнiң арасында «Қарағанды көмiр» комбинатының бастығы Г. Г. Спицин, көмiр комбайнының инженер-конструкторы С. С. Макаров, шахта директоры Т. Күзембаев және А. Г. Стаханов, шахтерлар Ж. Мұқанов, Б. Нұрмағамбетов, И. Нуров және тағы да көптеген кеншілер болды.Орал-Ембi мұнай өндiретiн ауданында сұйық отын өндiру 39 пайызға көтерiлдi. Осы салада Р. Есқараев, Н. Құрманалиев, С. Әжiбаев сияқты мұнайшылар аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Соғыс жылдары Қазақстан одақ көлемiнде мыс (30 %) пен қорғасын (85 %) өндіруден жетекшi орынға ие болды. Шығыс-Қоңырат молибден, Жездi марганец, Дондағы хромит кенi, Ақшатау молибден-вольфрам және Текелiдегi полиметалл комбинаттарын iске қосқаннан кейiн, Қазақстан бүкiл одақта молибденнiң 60, металл қосындыларының 65 және жартылай полиметалдық кендерiнiң 79 пайызын бере бастады. Сол жылдары Қазақстанда 460 завод пен фабрика, кенiштер мен шахта, жекелеген өндiрiс орындары пайдалануға берiлдi. Олардың қатарында Ресейден көшiрiлiп әкелiнген 107 кәсiпорын болды. Соның арқасында металл өңдейтiн, машина жасайтын ондаған заводтармен қатар, танкке қарсы қолданатын қарулар, бомба, оқпан жасайтын және торпедамен қоса танктiң автоматты огнеметтерiн шығаратын, радиостанциялар мен рентген аппараттарын жасайтын, шағын метражды двигательдер шығаратын және де әскери техника мен оған қажеттi басқа да қажеттi құрал-жабдықтарды дайындайтын кәсiпорындар ашылды. Осы әскери өнеркәсiптiк кешендердi салуда ерен еңбек еткендердiң қатарында өндiрiстiң мықты ұйымдастырушылары А. Қойшығұлов, Д. А. Қонаев, П. Х. Резчик, Н. К. Пышкин, алдыңғы қатардағы инженерлер мен жұмысшылар И. А. Аристов, Г. А. Бариков, Л. Я. Селеменова, Я. И. Феферулер болды. Металл өңдеу мен машина жасау саласында республиканың жалпы өнiм шығаруы 1940 жылғы 16 % салыстырғанда 1945 жылы 35 % көбейдi. Қазақстанның жалпы индустриялық қуаты соғыс жылдарында 37 пайызға дейiн өстi.Ауыл шаруашылығында да еңбек ету мен өмiр сүру жағдайы күрт өзгердi. Жалпы еңбеккерлердiң 70-80 % тек қана әйелдер болды. Жылына 400 еңбеккүннен аса жұмыс істейтін колхозшы әйелдердің саны үш есе көбейiп, 1940 жылғы 20607-нiң орнына 1945 жылы 94202-ге дейiн жеттi. Сол жылдары мал шарушылығы мен егiс даласында, тракторлар бригадасында жанқиярлықпен еңбек еткендердiң санын айтып жеткiзудiң өзi мүмкiн емес. Олардың ең үздік дегендерінің бірқатарын атап өтуге болады: Ш. Берсиев, Ы. Жақаев, Ким Ман Сам, А. Дацкова, Ж. Мұқашев, И. Кудлай, П. Ангелина.1941-1945 жылдардың аралығында колхозшылар мен совхоздардағы машина-трактор станциялары еңбеккерлерiнiң ерен еңбегiнiң нәтижесiнде майданға бiздiң елiмiзден 5 829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет, сондай-ақ өнеркәсiпке қатысты көптеген шикiзаттар мен жабдықтар жiберiлдi. Соғыстың аса қиын жағдайының өзiнде денсаулық сақтау мен бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк жүйенi сақтап қалуға, кейбiр кездерде тiптi оны дамытуға қол жеткiзiлдi. Мысалы, 20-дан астам жоғары оқу орындарына тағы да жаңадан төртеуi қосылды. Сөйтiп, студенттердiң саны 10,4 мыңның орнына 15 мыңға дейiн көбейдi. Әсiресе, Ресей мен Украинадан келген ғалымдардың арқасында ғылыми мекемелер көбейiп, iлiмге жақсы жағдай жасалды. Республика геологтары соғыс жылдарының өзiнде 500 жаңалық ашып, 150 кен көздерiн зерттеп, жаңадан пайдалануға бердi. Сол ауыр жылдары жаңадан 12 ғылыми зерттеу институттары ашылып, ғылыми қызметкерлердiң саны 152-ден 860 адамға дейiн көбейдi. Осының өзi КСРО Ғылым академиясының бөлiмшесi болған Қазақстан ғылымын дамытып, 1946 жылы оны Қазақ КСР Ғылым академиясы деңгейiне көтеруге дейiн жеткiздi.
68) 1941-1945 жж. соғыс майдандарындағы қазақстандықтардың ерліктері. Соғыстың алғашқы күнiнен бастап Қазақстан жалпы майданның ең қуатты тiрегiне айналды. Ел ішінде майдандағы жауынгерлер мен офицерлерге, олардың отбасыларына көмек көрсету, азат етiлген аудандардың экономикасын көтеруге қолғабыс ету сияқты түрлі патриоттық бастамалар кең қолдау тауып жатты. Қазақстандықтардың майданға тек қана ерiктi түрде берген көмегiнiң өзi армияның қарулы күшiне 4 700 миллион сом болып қосылып, бүкiл Одақтың екi апта бойындағы соғыс шығындарын өтеуiне жетiп отырды. Қазақстан халықтарының ұл-қыздары ерлiкпен белсене қатысты. Бiздiң 300 жерлесiмiз Батыс Еуропа елдерiнiң фашизмге қарсы күштерiнiң қатарында шайқасты. Қазақстандықтардың қатарынан үш партизан – А. С. Егоров пен Н. В. Зебницкий және Ф. Ф. Озмитель жауға қарсы күрестегi ерлiктерi үшiн Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды. Ал Қасым Қайсеновке алғашқылардың қатарында «Халық қаһарманы» деген құрметтi атақ берiлдi.Бiрақ соғыс пен халық тағдырын майдан даласындағы ұрыстар шештi. Асқан ерлiгi және соғыс өнерiндегi ғаламат жанқиярлығы үшiн Отанның ең жоғары мәртебесi – Кеңестер Одағының Батыры атағына 11 649 жауынгер, офицерлер мен генералдар ие болды. Олардың 497-сі – Қазақстанда туған немесе Қазақстанның әскери комиссариатынан майданға шақырылғандар. Герман басқыншылырына қарсы соғыста көрсеткен ерлiгi үшiн 1941 жылдың 22 шiлдесiнде Алтын жұлдыздың ең алғашқы иегері болған адам – 19-танк дивизиясының командирi генерал-майор К.А. Семенченко. Ал соңғысы 1942 жылы жоғары атаққа ұсынылған Б. Момышұлы едi, бiрақ ол атақ батырдың өзi қайтыс болғаннан кейiн, 1990 жылдың 11-желтоқсанында берiлдi. Кеңестер Одағы Батыры атағын алған қазақстандықтардың ішінде Қарулы Күштердiң барлық түрлерiнiң және әскери есеп мамандарының өкiлдерi, қатардағы жауынгерден бастап, корпус командирiне дейiн болды. Олардың арасынан төртеуi бұл жоғары атақты екi реттен алды, 11 жерлесiмiз Даңқ орденiнiң үш бiрдей дәрежесiмен марапатталды. Олар – бомбалаушы ұшқыштар Т. Я. Бигельдинов, Л. И. Беда, И. В. Павлов және сынақшы ұшқыш С. Д. Луганский. Соғыс кезiндегi мiндеттi түрде болатын қайта құруларды бастан кеше отырып, қазақстандық 12 дивизия Жеңісті армия қатарында қарсы алды. Олардың бесеуi бiр орденге, төртеуi екi орденге, тағы екеуiнiң әрқайсысы екi-екiден ордендерге ие болды. 5 дивизия Гвардиялық атағын алды. Рейхстаг үстiне Жеңiс туын қадау құрметіне 1943 жылы Қостанайдың Старая Русса ауданында 151-атқыштар бригадасы негiзiнде жасақталған Кутузов орденді Идрицк 150-атқыштар дивизиясы ие болды. Бұл дивизия көршiлес басқа да әскери бөлiмдердiң қолдауымен тарихи мiндеттi тамаша орындап шықты. Оның 756-атқыштар полкiнiң барлаушылары М. Егоров пен М. Кантария Рейхстаг ғимаратының күмбезiне Жеңiс туын орнатты, сөйтiп, оған «Берлин дивизиясы» деген құрметтi атақ берiлдi.Фашистiк Германиямен соғыста 55 миллион боздақ құрбан болды. Әсiресе, Кеңестер Одағы халықтары орны толмас адам шығынын тартты. Бiз майдан даласында 8668,4 мың офицерлер мен жауынгерлерден айрылдық, уақытша басып алынған аумақтарда, концлагерлер мен каторгалық жұмыстарда 18 миллион бейбiт тұрғындар жау қолында қаза тапты. Бiздiң республикамыздың да адам шығыны зор болды. Бұл соғыста Қазақстан 602 939 адамнан айрылды. Әрбiр екiншi қазақстандық майдан даласынан қайтып оралмады. Кеңес Одағы халқының фашистiк Германияны жеңген аса зор құрбандығы осындай. Бiрақ бұл жеңiстiң аса маңыздылығы – КСРО халықтарының тек өздерiн қорғап қалғанында және болашақ дамуға ғаламат құрбандықпен жол салғанында ғана емес, жалпы адамзат баласын аман алып қалғандығында. Сондықтан да сұрапыл соғыста қайтпас қаһармандығымен, қайсарлығымен жеңіске жеткен ата-бабамыздың даңқы арта берсін демекпіз.
