Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын тарих шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
510.98 Кб
Скачать

4. Сақтар туралы деректер. Сақ тайпаларының орналасу территориясы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы, мәдениеті.

Сақтардың саяси тарихы.Сақ тайпаларының атауы:

-гректер – азиялық скифтер.

-парсылар – құдіретті еркектер.

-ирандықтар-жүйрік атты турлар.

Сақ тайпаларының негізгі 3 тобы:

АТАУЫ: Парадарайа (теңіздің арғы жағындағы сақтар) – Арал теңізі маңы, Сырдарияның төменгі ағысы.

Тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) –Сырдарияның орта ағысы, Тянь – Шань, Жетісу.

Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар) – Мургаб аңғары, парадайаның оңтүстігі.

Шараушылығы:

Көшпелі мал шаруашылығы, 3 түрін үйлестірді.

-Көшпелі мал шаруашылығы

-Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Жетісу , Шығыс Қазақстан, Батыс пен Орталық Қазақстанның бір бөлігі, Тянь Шань, Алтай тауларының етегі.

-Отырықшы мал шаруашылығы –Оңтүстік Қазақстан, Талас, Шу , Сырдарья.

Мәдениеті-аңдар мен аңыздар қиял – ғажайып бейнелерді суреттеу.

Бесшатыр қорымы – (Іле өзенінің жағалауы, Желшалғыр тауы) 31 обадан тұрады.

Есік қорымы (Алматы қаласының шығысы, Іле Алатау баурайы), 40 – тан астам обадан тұрады, 1969-1970жж. зерттелген.

5.Ғұндар мен үйсіндер мемлекеттері туралы деректер, олардың саяси тарихы, шаруашылығы және әлеуметтік құрылысы.Ғұндар.

Б.З.Б. 1 мыңжылдықта Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі жерде әр түрлі тайпалар мекендеген. Б.з.б. 4 – б.з.б. 3ғғ. –ғұн тайпалар бірлестігі құрылды. Аумағы. Қытайдың солтүстігі, Байкал, Ордос аралығы.

Билеушісі –шаньюй(тәңірқұты).Ғұндар қоғамы – көшпелі патриархалды.

Саяси тарих.

-Б.з.б. 209 жыл – ғұндар оңтүстігіндегі көршілері дунхуларды басып алды.

-Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды бағындырды.

-Қытай билеушілері жыл сайын жібек мата, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп тұруға мәжбүр болды.

-Енисей жағалауы мен Алтай тауларында мекендеген тайпаларды жаулады.

Шаруашылығы.

Ғұндар өмірінде мал шаруашылығының маңызы ерекше болды. Көшпелілер тұрмысында мал қысы-жазы тебіндеп бағылған. Жылқы ерекше маңызды орын алды. Аң аулау мен қолөнер болған. Баспанасы – киіз үй.

Үйсіндер.

Үйсіндер-Орталық Азиядағы алғашқы этникалық бірлестік.Аумағы – Қытайдың солтүстік – батысы (Бесбалтық). Шу, Талас өзендері, Қаратаудың шығыс беткейі.

Ордасы. Қызыл аңғар (Чигучен немесе Чигу) Ыстықкөл мен Іле арасы.

Билеушісі –ГУНЬМО.Тайпа көсемі –бек. Халқы – 630мың.адам.

Ерте темір дәуірінде үйсіндер сақтардан кейін Жетісу жерін мекендеген. Жетісудағы үйсін мәдениеті 700 жылдай өмір сүрген.

Қоғамдық құрылысы.

Мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген. Қытай дерегіндегі Усунго, Синго атаулары – көшпелі мемлекет.

6. Қаңлылар туралы жазба деректер, олардың территориясы, саяси тарихы, шаруашылығы.Қаңлылар. (б.з.б.3-2ғғ.-б.з.5ғ.)

Аумағы- Арыс, Талас жағалаулары, Сырдарияның төменгі ағысы.

Негізгі мекені –Сырдарияның орта ағысы.

Ордасы –Битянь (Түркістан маңы немесе Таразға жақын жер)

Халқы – 600мың адам.

Қаңлылар шекарасы - осы күнгі Ташкент, Қаратау, Талас аралығы.

Деректер.

-Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбалары” еңбегінде қаңлылар өмірі мен тұрмысын баяндаған.

-Қытайдың “Цянь Ханьшу” дерегінде Қаңлы мемлекетінің құрылу тарихы мен шекарасы туралы жазылған.

-АВЕСТА (б.з.б.6ғ.) кітабында “канха” қамалы туралы мәлімет берілген.

-“Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең билік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді”.

Шаруашылығы. мал шаруашылығы, егіншілігі, аң аулау, құс және балық аулау кәсібі, жүн өндеу, металл өндірісі, сауда ісі.

,,,,,,,,,. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуының тарихи-географиялық жағдайлары.Мал шаруашылығы.

Негізгі шаруашылықтары –көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Жайылым ақсүйектер қолында болды. Негізінен жылқы мен қой өсірді. Қыпшақ қоғамында байлық жылқының санымен есептелген.

Егіншілік.

Түрік тайпалары егіншілікпен де айналысты. Көшпелілердің отырықшылыққа көшуінің себептері:

-мал санының азаюы

-малдың және жайылымдардың, су көздерінің ақсүйектер қолында топтасуы.

Егіншілікпен негізінен Сырдария, Шу, Талас, Іле өзендері аңғарларында, Алатау бөктерлерінде айналысты. Х-ХІІ ғғ. Отырар өңірі – суармалы егіншіліктің орталағы.

Жетісу өңірінде бидай, тары, жүзім өсірілген. Қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тасбұршақ, күріш, арпа пайдаланған.

Егіншіліктің дамуы қала санының және тұрғындардың көбеюіне байланысты. Шу аңғарында өңделетін жердің көлемі – 700мыңшаршы метр.

7. Түрік және Батыс Түрік қағандықтары.

Түрік қағанаты.(552-603ж.ж.)

552 жыл – Бумын 50мың әскерімен (авар) жужань мемлекетін талқандады.

Жужань –IV ғасыр Монғолия мен Батыс Манчьжурияда құрылған көшпелі тайпалар одағы.

552 жыл –Түрік қағанаты (мемлекеті) құрылды.Алғашқы қағаны – Бумын.

Түріктер Қытайдан Әмударияға дейінгі, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулаған.

Батыс Түрік қағанаты.

Аумағы. Іле, Шу-Еділ, Кубань-Есіл, Ертіс –Тарым, Әмудария.Ордасы –Суяб (Шу өзені бойы), жазғы ордасы –Мыңбұлақ (Жамбыл облысы).

Халқы –он оқ бұдун. Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған. Тайпа екіге бөлінді: -дулу-5тайпа. –нушеби-5тайпа.

Қоғамдық құрылымы.

Қағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған – ең жоғарғы билеуші, әскер басы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]