
- •1. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері
- •2.Тас ғасыры дәуіріндегі Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары.Қазақстан жеріндегі тас дәуірі.
- •4. Сақтар туралы деректер. Сақ тайпаларының орналасу территориясы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы, мәдениеті.
- •5.Ғұндар мен үйсіндер мемлекеттері туралы деректер, олардың саяси тарихы, шаруашылығы және әлеуметтік құрылысы.Ғұндар.
- •8. Түргеш және Қарлұқ қағандықтары.
- •13. “Ұлы Жібек жолы” және Қазақстанның көне қалалары.
- •20. Хiii-хv ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті.
- •21. Қазақ хандығының құрылуы.
- •23. Қасым, Хақназар хандар тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы.
- •65) Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени өмірі.
- •69) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1953 жж.).
- •71) Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
- •73) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстан өнеркәсібі дамуының негізгі тенденциялары.
- •73) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс көріністері.
- •74) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық -саяси өмірі.
- •75, Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы.
- •76) М.Горбачевтің реформалары кезеңіндегі Қазақстан (1985-1991 жж.).
- •77) 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы: себептері мен сипаты.
- •81. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы экономикалық қайта құрулар және нарыққа көшудің қиындықтары.
81. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы экономикалық қайта құрулар және нарыққа көшудің қиындықтары.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз алдына ұлттық мемлекет қалыптасып, шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдісімен аралас нарықтық қатынас қағидаларына ауысу үрдісі байқалды. Әрине, 90-жылдардың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қиыншылығы мен ауыртпалығы аз болған жоқ. Әсіресе, өтпелі кезеңде орын алған қиындықтар зардабы ауыл шаруашылығына, бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері мен одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті әрі көкейтесті мәселе Республика Президентінің еңбектерінде, түрлі заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінің күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік мәселелерін, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтайтын теориялық және тәжірбиелік маңыздылығын одан әрі зерттеп, зерделеу керектігі ешбір күмән тудырмайды.
82. Қазақстанның БҰҰ-на мүше болуы. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.егемендік алғанға дейінгі кезеңде Қазақ елі Ресей патшалығының құрамында, одан кейін, КСРО құрамында болғандығы тарихымыздан белгілі. Қазақ елі үшін жаңа кезеңнің баспалдақтары 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, әлемдегі өзге мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде дамуының алғашқы кезеңдерінде басталған еді. Қазақ елі егеменді мемлекет ретінде 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, осы жылы 29 қыркүйекте қазақтардың Бірінші дүниежүзілік құрылтайы ашылды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Пекин, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. 83. 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы, негізгі мазмұны 1995 жылғы Конституцияға сай Қазақстан Республикасында конституциялық бақылаудың жаңа моделі – Конституциялық Кеңес белгіленген болатын. Бұл мемлекеттік органның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының Республиканың бүкіл аумағында үстемдігін қамтамасыз ету, сонымен бірге ол билік тармақтарының бірде-біріне кірмейді. Конституциялық Кеңес өз өкілеттіктерін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан дербес және тәуелсіз іске асырады, Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынады, ешбір саяси және өзге де себептерді негіз етіп ала алмайды. Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Палаталарының Төрағалары, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірі, Премьер-Министр Конституциялық Кеңеске өтініш беру субъектілері болып табылады. 84. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды. 2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. Қазақстандағы компартиялық жүйе. Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлайуы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды. 1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды. 1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау. 1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды. 1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тередеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті. 85. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. Ұлттық мәдени орталықтар.1 мамыр – Қазақстан халық тарының бірлігі күні. 1995 жыл дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты настарды реттеудің тиімді тетік терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалып тас тыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқық тық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді. Елбасының Қазақстан халқы на Жолдауында айтылған мәсе лелер қатарында ерекше көрсеті ліп кеткен бағыттың бірі — Қазақ стан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты “Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру” мәселесі. Бағыттың бұлай ата луының өзі өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын көрсетеді. 86. ҚР Президентінің “Қазақстан - 2030” Үндеуінің стратегиялық мақсаты, міндеттері, маңызы. 1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер: 1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. 2. Реформаларды аяқтау. 3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. 4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық: 1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту. 3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру. 5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану. 6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту. 7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру. 87. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы мәдениеттің дамуы.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында: «…еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу. Келер ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз», – деп атап көрсетті. Бұл – еліміздің өткені мен бүгінгісіне үңіліп, болашағын зерделейтін тарихшыларға, қоғамдағы өзгерістердің жай-күйіне немқұрайды қарай алмайтын әрбір азаматқа маңызды бағдар болса керек. Елбасының Жолдауы Астанадағы Мемлекет тарихы институты ғалымдарының өткен он тоғыз жылдық тарихты шынайы саралап, қол жеткен жетістіктер мен келер ұрпаққа сабақ болар кейбір «әттеген-айларды» жасырмай жазуда өзіндік серпін берді. 88 Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі – Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейдегі танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады. Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастырыу қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Әлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мәдениеті мен өмір салты бойынша әркелкілене (әр түрлі бола түсуде) түсуде. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің интернационалданрылуының, халықаралық және ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен некенің санының артуының нәтижесі. Бұл заңды процесс болып табылғанымен, өкінішке орай көп жағдайда ұлтаралық шиеліністің күшеюіне, кейде тіпті қан-төгіске әкеленетін ашық дау-жанжалдарға да алып келіп ұрындыруда. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр. Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген хылықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді 89. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы тіл мәселесі. ҚР Конституциясының 7-бабының маңызы мен мәні. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылыҚазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың үлесі 60 пайыздан 95 пайызға ұлғаюы тиіс.Алайда осы күнге дейін қабылданған бағдарламалардың іс жүзінде көрінбеуі мәселенің дұрыс жолға қойылмағанын көрсетеді дейді мамандар.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылы Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың үлесі 60 пайыздан 95 пайызға ұлғаюы тиіс. Алайда осы күнге дейін қабылданған бағдарламалардың іс жүзінде көрінбеуі мәселенің дұрыс жолға қойылмағанын көрсетеді дейді мамандар. Қыркүйектің аяғында Алматыдағы Саяси шешімдер институтында 2020 жылға дейінгі қазақ тілін дамытуға арналған бағдарлама талқыға салынды. Жиналған мамандар 10 жыл ішінде Қазақстанның 95 пайызын қазақ тілінде сөйлету мүмкін бе деген сұрақ жауап іздеп әлек болды. Жиын бастан аяқ орыс тілінде өтіп, бағдарламаның ұтымды және кемшін тұстары талқыланды. 7 бап1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі.2) Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.3) Мемлекет Қазақстан халқының тілдерінің үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. 90. 2012 жылғы ҚР Президентінің жолдауы – «Әлеуметтік экономикалық даму»: мақсаты мен міндеттері.Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдың объективті талдауына ие әрі Қазақстанның алдына қойған проблемалардың нақты көрінісі мен басшылардың оларды шешу жөніндегі жоспарларын айқындайды.Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан жолының жаңа кезеңі – жаңа міндеттер екенін атап өтті. Әрине біздер, ауылдықтар үшін ең маңызды мәселелердің бірі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы болып отыр. Бағдарлама аясында ауылдық округтерді абаттандыруға бір миллиард теңге бөліну жоспарланған. Сонымен қатар ауылшаруашылық кәсіпорынының басшысы ретінде мені Президенттің бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетігін жасап, енгізуді тапсыруы жігерлендірді. Ірі шаруашылықтар мен бастаушы фермерлерге ауылшаруашылық өнідірісіне тәуекелін төмендету үшін займдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін жасап енгізуге көмек көрсетіледі. Елімізде ет пен сүт шаруашылығын және жемазық өндірісін дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасатыны да қуантарлық жайт.Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан көмек көрсетті әрі көрсетіп келеді. Шынында да біздің аграрлық секторымыз үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Елбасының ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек ету қажет деген сөзіне толықтай қосыламын. «Луганск» өндірістік кешені осы бағытта белсенді атсалысуға дайын.Біздің шаруа қожалығымыз мал шаруашылығы саласында индустриялық технологияларға көшті. Барлық мал шаруашылық базында заманауи жабдықтар орнатылып, егістікте алдыңғы қатарлы технологиялар пайдаланып, жаңа техника жұмыс істейді. «Луганск» ӨК-де ауылшаруашылық өндірісіне қазіргі заманғы тәсілді енгізу одан әрі қолданылады.Президент Үкіметке жұмыспен қамту бағдарламасын кең ауқымды жүзеге асыруды бастауды тапсырып, жастарға жұмыс орындарын ұсынуға ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысы Жолдауында ауылдық кәсіпкерлерді шағынкредипен, сондай-ақ жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға назар аударылды. Бұл барша қазақстандықтар үшін, әсіресе біз сияқты ауылдықтар үшін аса маңызды.