- •1. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері
- •2.Тас ғасыры дәуіріндегі Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары.Қазақстан жеріндегі тас дәуірі.
- •4. Сақтар туралы деректер. Сақ тайпаларының орналасу территориясы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы, мәдениеті.
- •5.Ғұндар мен үйсіндер мемлекеттері туралы деректер, олардың саяси тарихы, шаруашылығы және әлеуметтік құрылысы.Ғұндар.
- •8. Түргеш және Қарлұқ қағандықтары.
- •13. “Ұлы Жібек жолы” және Қазақстанның көне қалалары.
- •20. Хiii-хv ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті.
- •21. Қазақ хандығының құрылуы.
- •23. Қасым, Хақназар хандар тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы.
- •65) Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени өмірі.
- •69) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1953 жж.).
- •71) Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
- •73) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстан өнеркәсібі дамуының негізгі тенденциялары.
- •73) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс көріністері.
- •74) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық -саяси өмірі.
- •75, Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы.
- •76) М.Горбачевтің реформалары кезеңіндегі Қазақстан (1985-1991 жж.).
- •77) 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы: себептері мен сипаты.
- •81. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы экономикалық қайта құрулар және нарыққа көшудің қиындықтары.
76) М.Горбачевтің реформалары кезеңіндегі Қазақстан (1985-1991 жж.).
1985 жылғы сәуір айында Кеңестер одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия комитетінің Бас хатшысы М.С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады.
Тоқырау жылдарында Одақтың барлық ауқымында, оның ішінде Қ.станда да басқару ісінде жағымпаздық, парқорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларда іріктеу тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар мен маңызды рөл атқарды.
77) 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы: себептері мен сипаты.
1986 жылдарда Қ.станның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтің орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небәрі 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Д.А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды.
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық Партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар және т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек» деген ұран болды. Мұндай көсемнің Қ.станда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне осындай күрделі жағдайда Г.В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С.М.Мұқашев, Н.Назарбаев, О.С. Мирошхин, Л. Даулетова т.б. қатысты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады. Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айтуға дейін барды. Осыған байланысты 1987ж. партия ұйымдарында тазалау басталды.
78) КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы.
Қ.станның тәуелсіздік алуы бұрынғы кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО ның құлауының басты себептерінің бірі ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуды артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай ақ өндіріс шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. КСРОның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы әсіресе ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. Жалпы бүкіл Одақ бойынша 1970-85 жылдары тоқырау кезеңінде экономиканың басты көрсеткіштері өспеді, керісінше төмендеп кетті. КСРОның экономикасының артта қалуы Қ.станға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы айталған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 70-ші жылдардан бастап 80-ші жылдардың аяғына дейін Қ.стандағы жан басына шаққандағы ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12%-ға төмендеді.
Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретінде Қ.станда болған 1986ж. көтеріліс.
Сондықтан бірқатар ұлт республиалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша 89-ж-ң мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латва мемл.ң егемендігі туралы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп КСРО дан шығып тәуелсіз емлекетке айналды. Осыдан кейін көп кешікпей ақ 1989-90 ж. егемендік туралы Декларацияны КСРОның басқа республикалары да қабылдады.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Мнск қаласында (Беловеж кездесу) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген барлық мемл.ң, жаңа достық Одағын ТМД құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған біріңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді деп көрсетеді.Бірақ бұл шешім басқа респ.ң наразылығын тудырды. Себебі заң б/ша Қ.стан, Орта Азия, Закавказье респ.ң келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке шешуге тиіс емес еді. Сол себепті 1991 ж.12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қ.стан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМДға тек барлық респуб.ң тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы айырықша атап көрсетіледі.
1991 жылғы 21желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайда ТМД құрылғандығы жөнінде шартқа қол қойды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік экономикалық мәселелер шешу көзделді.
79. Қазақстандағы экологиялық мәселелер. “Невада-Семей” қозғалысы.1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген "Невада-Семей" козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Ұлттық ақыл-ойдың Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сынды кемеңгерлері дүниеге келген, Алаш жұртының рухани әрі мәдени орталығы болған Семей топырағы 40 жылдан астам уақыт бойы ядролық қару сынақтарының салдарынан экологиясы бұзылып, халқы теңдессіз зардап шекті. Тарихи деректерге көз жүгірсек, алғаш рет 1949 жылы сынақ жасалған кезден бастап 1989 жылға дейінгі аралықта 490 ядролық жарылыс жасалса, оның 117-сі жер бетінде жүзеге асқан екен. Осы сынақтарға қоса химиялық жарылғыш заттарды қолдану арқылы 175 жарылыс өткізілген. Жалпы Семей полигонында жасалған бұл сынақтардың жиынтық қуаты Хиросима қаласына тасталған атом бомбысынан 2,5 мың есе артық. Ал қолдан жасалған апаттың салдарынан зардап шеккен адамдардың саны 1,5 миллионнан асып отыр. Демек, осындай алапат қасіретке душар қылған Семей полигонының символикалық мән-маңызы өте зор болып отырғандығы шындық. Қазіргі таңда бұл өңір қырып-жою қаруы нысаны ретіндегі өмірін толығымен тоқтатып, оның қарусыздану әрі бейбітшілікті нығайтуға бет бұрған өңір ретіндегі танымалдығы артып келеді. Өйткені дәл осы өңірде 2006 жылы қыркүйектің 8-інде Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдері арасында Ядролық қарудан азамат аймақ туралы шартқа қол қойылды. Бұның жаһандық әрі өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосылған маңызды ұжымдық үлесті білдірудегі мәні ерекше. Сонымен қатар әлем жұртшылығына киелі қазақ жерін бірнеше ондаған жылдар ойсыз ойрандап, жер асты былай тұрсын, тіпті ашық ауада адамзат өміріне аса қатерлі атом сынағына тосқауыл болған «Невада-Семей» қозғалысы да осы жерде құрылған болатын. Қозғалыс ядролық сынақ нысандарының жабылуына ғана ықпал етпей, сонымен қатар ауқымы кең қызметтерімен экологияға, табиғатты қорғау мәселелеріне, халықаралық деңгейлерде адам құқығы проблемаларын шешуге де мұрындық бола білді
80. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады
