Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын тарих шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
510.98 Кб
Скачать

74) Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық -саяси өмірі.

1960 ж.ортасынан 1980 ж. ортасына дейін кезең тоқырау жылдары. Жаңашыл үрдістер әлсіреді; Қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады. Бетбұрыстар кезеңі басталды.Социализм жүйесі елдерінде социализмді бірте бірте жетілдіру идеясы туындады.

  • 1967 жыл Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған мәжілісте Л.И. Брежнев еліміздегі тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы деп мәлімдеді.

  • 1977 жылғы мамыр­ КСРО Конституциясының жоюасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Нәтижесінде 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. Ал 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды.

Коммунизмге өтер жолдағы кезең кемелденген социализм, ал КСРОның саяси негізі халық депутаттары Кеңестері деп танылды. Бұл кезеңнің экономикалық жүйесін мемлекеттік және колхоздық кооперативтік меншік түріндегі социалистік меншік құрайды.

1978 жылғы 17 наурыз Қазақ КСР Конституциясының жобасы бүкілхалықтық талқылауға түсті. 1978 жылғы 18 сәуір Қ.стан Компартиясы ОК­і жаңа конституция жобасын мақұлдап, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясының қарауына ұсынылды. Осы жылдың 20 сәуір­ Қазақ КСР жаңа Конституциясы қабылданды. Республикадағы ең жоғарғы заңды билік органы Жоғарғы Кеңес. Атқарушы Билік Министрлер Кеңесі. Екеуі де партиялық бақылау жағдайында жұмыс істеді. Келеңсіз құбылыстар ұлтаралық қатынастарда да байқалды:

  • Ана тілін оқытуды жақсарту жөнінде бірден бір қаулы не шешім қабылданды.

  • Орыс тілін оқыту сапасын арттыруға көбірек көңіл бөлінді.

­ 1963 жыл Мәскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш бейресми бірлестігі «Жас тұлпар» құрылды.

­ Ұйымдастырушысы Мұрат Әуезов.

­ 1974­77 ж. Х. Қожахметов қазақ халқын қайта түлету мақсатында «Жас қазақ» ұйымын құруды ойластырды.

Саяси жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнерде бейнеленген зиялылар қудалауға ұшырады.

Кеңестік қоғамның саяси жүйесіне тән белгілер:

  1. демократияны шектеу;

  2. еңбекшілерді меншік пен билікке жақындатпау;

  3. адамның жеке басын аяқасты ету;

  4. қоғамдық ұйымдардың партиялық мемлекеттік аппаратпен тұтасуы;

  5. Сөз бен іс арасындағы алшақтық.

Бұл жағдай кеңес адамдарының бойында самарқаулық, сенімсіздік, маскүнемдік секілді жағымсыз қылықтар туғызды. Тоқырау кезеңінің идеологиясындағы басты бағыттардың бірі орыстандыру саясаты. Хрущевтік брежневтік әкімшілік тарихи жаңа қауымдастық кеңес халқын жасауды көздеді.

75, Хх ғасырдың 70-80 жж. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы.

Экономикалық саясаттың басты міндеті халықтың әл ауқатын көтеру деп есептелді. Кеңес адамдарының тұрмыс деңгейі жақсара бастады:

  • Жан басына шаққандағы нақты табыс 2,6 есеге өсті; төменгі жалақы 70 сом;

  • Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы өсті (100­ден 210 сомға);

1971­89 жылдар жұмысшылар мен қызметкерлер табысы 123,7 сомнан 233,7 сомға өсті.

Мемлекет ақшаның құнсыздануын халықтан жасырды:

  • 1970­86 жылдар­ нақты жалақы 20% төмендеген.

  • 1985 жылғы 1 сом 1960 жылғы 54 тиынға тең боды.

  • орташа зейнетақы 51,1 сомнан 93,2 сомға көтерілді. 1971 жылы колхозшылар үшін де зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді.

  • 1970­80 жылдары 887,7 мың пәтер тұрғызылып, 3 млн.нан астам адам қоныстандырылды.

Осы мәліметтер халықтың тұрмыс дәрежесі үнемі өсіп келеді деген ой туғызады, ал іс жүзінде халық тұрмысы 30­40 жылдармен салыстырғанда ғана жақсарды. Денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері 20­25 жылдар деңгейінде қалып қойды. Дамыған капиталистік елдерден халықтың материалдық тұрмыс дейгейінің елеулі түрде артта қалушылығы күшейді. Оның себептері: әлеуметтік саланы дамытудағы қалдықты ұстанымның сақталуы; тауарлар сапасының нашарлауы; ақы төлеудегі теңгермешілік; қоғамдық меншіктің өктемдігі.

Тұрмыс дейгейінің төмендеуінің зардаптары: Қазақстан халықтың тұрмыс дәрежесі бойынша Одақтың көрсеткіштерден артта қалды; еңбекке немқұрайлы қарау туындады; ұрлық, еңбек тәртібінің құлдырауы, маскұнемдік жаппай құбылысқа айналды, тауар зәрулігі күшейді. 1979 жылы Алматы қаласындағы жергілікті ұлт өкілдері 11% болды. Өнеркәсіпте істейтін қазақ жұмысшылары 12%.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]