Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын тарих шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
510.98 Кб
Скачать

1. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері

2. Деректер және тарихнамаТарих мынандай негізгі міндеттерді шешеді: гносеологиялық - Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді; аксеологиялық адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да, ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады; праксеологиялық - күрделі де көп қырлы тарихи құбылыстарға өзіндік баға беру және талдау қабілетін қапыптастыруға мүмкіндік туғызады; прогностикалық - тарих, ол болашақтың негізі қаланған өткен заман, тарих аяқталмайды, тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар, өйткені, онда бұрын ашылмаған шындықтар айқындалады.

Тарих - келешектің «архимед нүктесінің» негізі. Ол халықты топтастырушы әрі біріктіруші қызметін атқарады. Тарих қай халықтың болмасын қайталанбас ерекшелігін, нақтылығын дербес қарастыра отырып, олардың бүкіл адамзат қауымдастығының құрамдас бөлігі екенін көрсетеді, соған сәйкес әлемдіктарих жүйесіндегі орнын айқындайды. Жалпы алғанда, тарих өзгермелі өмірден адамның өзіндік орнын табу жолының кілті. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан нақты мысал бола алады. Өйткені, қазақстандық қоғам -жүздеген ұлыстардың, сан алуан діндер мен өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар мәдениеттердің тоғысқан қоғамы. Қазақстан тарихы, яғни Отанымыздың тарихы күллі қазақстандықтардың дүниетанымының негізі болып табылады. Халық тарихи оқиғалар зердесі арқылы өзінің дүниетанымын, менталитетін қалыптастырады әрі өзінің қоғамда және ғаламдық деңгейде алғанда әлемдік қауымдастықта алатын орнын айқындай алады.

Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаты. Отанымыздың тарихы, ол киелі Қазақжерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың, соның ішінде, әрқайсымыздың ата-бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру, ал біздің өміріміздің мәні - оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру т. б.Тарих білімінің негізін деректер құрастырады. Тарихи деректер - ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар, айғақты деректер. Тарих ғылыми тұрғыда шынайы болуы үшін, ең алдымен ол нақтылы деректерге негізделуі қажет. Сондықтан да, тарих ғылымының негізгі ұстанымдарының бірі - деректер арқылы негіздеу болып табылады. Сол себепті де тарих ғылымында «дерексіз - тарих жоқ» деген қағида берік қалыптасқан.Тарихнама - бұл тарих ғылымының тарихы. Ол бір жағынан тарих білімінің қозғалысын, тарихи оқиғалар жөнінде мәліметтерді, жаңа деректерді табу және жазуды, ал екінші жағынан - тарихты зерттеудің ұстанымдары мен әдістерін дамытуды қарастырады.

2.Тас ғасыры дәуіріндегі Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары.Қазақстан жеріндегі тас дәуірі.

-1958 жыл – археолог Х. Алпысбаев Қаратау жотасынан (Оңтүстік Қазақстан) көптеген тұрақтар тапты.

Палеолит дәуірі.

(б.з.б. 2 млн.500 мың.- 12 мың ж.ж.)

Палеолит дәуіріне жататын 5 мыңнан астам қашау мен үшкір еңбек құралдары табылған аймақ- Жамбыл облысы (Бөріқазған, Шабақты тұрақтары).

Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнелері:

-Шақпақата (Маңғыстау түбегі)

-Арыстанды (Қаратау)

Бұл тұрақтардан табылған құралдар Олдувай (Шығыс Африка) тұрағынан табылған ең көне құралдармен бірдей.

Кейінгі тас ғасыры тұрақтары:

-Шульбинка (Шығыс Қазақстан)

-Арыстанды (Оңтүстік Қазақстан)

Бұл тұрақтардан өте жақсы өңделген қырғыштар табылды (бұдан 25 мың.жыл бұрынғы)

-Сезімбұғы (Орталық Қазақстан) жүзі түзу, қайқы тас пышақ түріндегі қырғыштар табылды.

-Батпақ (Орталық Қазақстан)

Жер бетінен 6м. тереңдіктен табылған 300-ге таяу тас құрал табылды(б.з.б.30-25мың ж.)

Рулық қауым шықты. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Қауымда ортақ меншік болған. Көсем басқарған.

3.Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов мәдениеті.

Қола дәуірі.(б.з.б.2800жыл – б.зб. 900 жыл)

Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың. жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңыншы жылдықта басталған.

Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші –Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан табылды. Сондықтан Андрон мәдениеті деген атау алды(1914ж.-археолог А.Я.Тугаринов)

Андрон мәдениетінің аумағы:Орал (Жайық) – Енисей өзендері –Батыс Сібір –Памир тауы.

Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғалымдар - Ә.Х.Марғұлан, К.А.Ақышев, А.Г.Максимова, С.С.Черников, А.М.Оразбаев.

1927 жыл –археолог М.П.Грязнов Андрон мәдениетінің ескерткіштерін Батыс Қазақстаннан тапты.

1946 жыл – ғалым Ә.Х.Марғұлан басшылығымен құрылған археологиялық экспедиция қола дәуірін жоспарлы зерттеуді бастады.Андрон тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған аумағы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден 30-дан астам қоныс, 150-дей оба зерттелді.

Солтүстік және Батыс Қазақстанда 80-нен аса қоныс зерттелді.

Петровка, Боголюбов (Солтүстік Қазақстан) қоныстары ор, дуалдар мен қоршалған. Ең ежелгі қаласы – Арқайым (Қостанай мен Челябы облыстарының шекарасы).

Андрондықтар еуропеодтерге ұқсас . Академик В.П.Алексеев: “Орал мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін –кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі,келбетті адамдар”.

Шаруашылығы:

-Мал бағу

-балық аулау

-саз балшықтан ыдыс жасау

Баспаналары:

-жартылай жертөле

-жер бетіне салынған үй

Табиғат күштеріне табынған. Андронов қоғамы: рулық – тайпалық құрылым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]