
- •1. Оңтүстік Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасының миссиясы және көзқарасы.
- •2. Ағымдағы жағдайдың сараптамасы
- •2.1. Жер қорының жалпы сипаттамасы
- •2.2. Жер ресурстарын пайдаланудағы және жер қатынастарындағы өзекті мәселелер.
- •3. Оңтүстік Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
- •Облыстық жер қатынастары басқармасының стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын мемлекеттік стратегиялық мақсаттарына сәйкестендіру
- •4. Облыстық жер қатынастары басқармасының функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдері
- •5. Нормативтік құқықтық актілер
- •6. Облыстық жер қатынастары басқармасының бюджеттік бағдарламасы.
- •Стратегиялық бағыттар мен мақсаттарға, міндеттерге және бюджеттік бағдарламаларға шығындардың бөлінуі
|
|
|
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің |
|
2009 жылғы « 20» « желтоқсан » |
|
№ 401 қаулысымен бекітілген |
|
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
жер қатынастары басқармасының
2010-2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. Миссиясы және көзқарасы …………………………………………………....... 3
2. Ағымдағы жағдайдың сараптамасы…………………………………………. 3
2.1. Жер қорының жалпы сипаттамасы............................................................... 3
2.2. Жер ресурстарын пайдаланудағы және жер қатынастарындағы өзекті мәселелер............................................................................................................... 4
3. Оңтүстік Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері....................................... 6
4. Облыстық жер қатынастары бақармасының функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдері.................................................................................... 7
5. Нормативтік құқықтық актілер ………………………………………............ 9
6. Бюджеттік бағдарламалар................................................................................. 9
1. Оңтүстік Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасының миссиясы және көзқарасы.
Миссиясы:
Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы мемлекеттік мекемесі. Атқаратын функциясы: Жерді қорғау мен тиімді пайдалануға және құнарлығын арттыруға жағдай жасау, жер қатынастары саласындағы мәселелері бойынша үйлестіру жұмыстарын нығайту.
Көзқарасы:
Облыстың жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану. Жер ресурстарының сапасы мен көлемі жөнінде толық шынайы ақпараттандыру.
2. Ағымдағы жағдайдың сараптамасы
2.1. Жер қорының жалпы сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысының жер аумағы Қазақстандағы барлық жер көлемінің 11724,9 мың гектарын алып жатыр, немесе 4,3%.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4635,6 мың гектар,
елді мекендердің жерлері 693,9 мың га,
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 61,4 мың га,
ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 311,1 мың га,
орман қорының жерлері 3133,7 мың га,
су қорының жерлері 134,2 мың га,
босалқы жерлер 2755,9 мың гектар.
Барлық жер: - 11724,9 мың гектар.
Оңтүстік Қазақстан облысының 0,9 мың гектар жері территориядан тыс, көрші Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан.
Ауылшаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4635,6 мың га, оның ішінде:
егістік жер 860,8 мың га, ал суармалы егістік жері – 450,7 мың гектар,
көп жылдық екпе ағаштары- 27,3 мың га,
тыңайған жер – 161,9 мың га,
шабындық – 140,5 мың га,
жайылым – 3316,1 мың га,
басқа да жерлер – 129,0 мың гектар.
Облыс бойынша 2008 жылғы жер тепе-теңдігін 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы арнайы жер қоры 49,8 мың га азайып, керісінше елді мекендердің жерлері 9,3 мың га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 1,8 мың га, орман қорының жерлері 2,5 мың га, су қорының жерлері 0,1 мың га және ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 36,1 мың гектар жерге көбейді.
Жер реформасын жүргізу, жерге жеке меншіктік құқығының аясын біртіндеп өсуіне ықпал етті.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендіру шаралары негізінде 2008 жылдың 1-ші қарашасына 71010 шаруа қожалықтары (фермер) құрылған, мемлекеттік емес ауылшаруашылық кәсіпорындары 3837, соның ішінде 1818 серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер 977, ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу мекемелері 43.
Облыста барлығы 100655 жер иелері мен жер пайдаланушылар бар.
2.2. Жер ресурстарын пайдаланудағы және жер қатынастарындағы өзекті мәселелер.
Жеке тұрғын үй құрылысын салуға сұранысты жер учаскелермен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 01.01.2009 жылға жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың саны 82537 адам.
Аудандар мен қалалар бойынша кезекте тұрғандар:
№ |
Аудандар мен қалалар атаулары |
01.01.2005 ж. бастап өтініш берушілердің саны-барлығы |
1.01.2005ж.бастап бөлінген жер учаскелердің саны-барлығы |
Өтініш берушілердің жалпы санына % есебімен |
1.01.2009 жылға кезекте тұрған азаматтардың саны |
1 |
Арыс |
5071 |
4956 |
98 |
115 |
2 |
Байдибек |
1263 |
1192 |
94 |
71 |
3 |
Казыгурт |
3542 |
1797 |
51 |
1745 |
4 |
Махтаарал |
3185 |
1733 |
54 |
1452 |
5 |
Ордабасы |
13153 |
12477 |
95 |
676 |
6 |
Отырар |
1250 |
1168 |
93 |
82 |
7 |
Сарыагаш |
9095 |
5851 |
64 |
3244 |
8 |
Сайрам |
17790 |
14822 |
83 |
2968 |
9 |
Созак |
780 |
768 |
98 |
12 |
10 |
Толеби |
4823 |
2364 |
49 |
2459 |
11 |
Тюлькубас |
1409 |
798 |
57 |
611 |
12 |
Шардара |
2503 |
1043 |
42 |
1460 |
13 |
Кентау |
4390 |
2095 |
48 |
2295 |
14 |
Туркестан |
28254 |
4996 |
18 |
23258 |
15 |
Шымкент |
54930 |
12841 |
23 |
42089 |
ОҚО барлығы |
151438 |
68901 |
45 |
82537 |
Жеке тұрғын үй салу үшін жер учаске алудың кезектілік тізімдердің сараптамасы бойынша жалпы тізімнен 30 % өтініштер облыс орталығы Шымкент (42 мың. астам өтініш) және Тұркістан (23 мың. астам өтініш) қалаларының есебінде. Сарыағаш ауданында 3 мыңнан астам өтініштер есепте тұр, Сайрам ауданында 3 мыңнан астам, Төлеби ауданында 2,5 мың, Кентау қаласында 2 мыңнан астам өтініштер және т. б.
Осылай қалыптасқан кезектіліктің негізгі себебі жеке тұрғын үй салуға дайындалған алаңшаларының жоқтығы, аудан, қалаларда Бас жоспарлардың дайын болмағаны және елді мекендердің оңайтылған орналастыру схемаларының жасалмағаны, осыған байланысты жерлерді басқа санаттардан елді мекен санатына ауыстыру жұмыстарының жүргізілмеуі.
Шымкент қаласының Бас жоспарында кеңейтуге 25 мың. гектар жер қарастырылған, оның ішінде 17,5 мың га. жеке тұрғын үй салуға көзделуде.
Түркістан қаласында бүгінгі күнге дейін 10 мың. гектардан астам жер алаңының трансформациясы мәселесі шешілмей отыр.
Осы мәселелер шешілген кезде түрғын үй салу үшін жер алушылардың тізімдегі кезектіліктері толық қамтылып қанағаттандырылады.
Сондықтан, жоғарыдағы қойылып отырған өзекті мәселені түпкілікті шешу үшін жақын арадағы 3 жыл ішінде нақты жұмыстар атқару керек.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде – облыстың барлық аудандарында жер сапасының төмендеуі байқалады.
Ауылдық елді мекендері жоспарлы-картографиялық материалдармен қамтамасыз етілмеген.
Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс мақсатындағы емес жерлерде-пайдалы қазбалар картасы жоқ. Одан басқа, жер қойнауын пайдалануға контракт алған 300-ден астам тұлғалардың тек 69-ы облыс әкімдігіне өтініш берген, қалған жер қойнауын пайдаланушылар аудан әкімдігінің жер бөлу жөніндегі шешімдерімен шектеліп отыр.
Республикалық және жергілікті деңгейдегі автожолдар шекаралары айқындалмаған.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде-жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени нысандар мақсатындағы карталар жоқ.
Су қоры жерлерінде-жергілікті жерлерде су күзеті аймақтары мен өзен, көл белдеулерінің шекаралары айқындалмаған.
Жер ресурстары саласындағы айтылған мәселелер шешілген кезде, облыстың жер ресурстарының сапасы мен көлемі жөнінде шынайы ақпараттандыруға мүмкіндік туады.
Сомен қатар, жерге түгендеу жұргізу кезінде пайдаланбай қалған, тиімсіз пайдаланған және мақсатсыз пайдаланған жерлер анықталады.
Нәтижесінде, нарықтық экономика жағдайында, экономикалық процестерге қатысушыларды жалпы жер нарығының болашағы жөнінде шынайы мәліметтер алуға ынталандырады. Сондықтан, шектелген қаржы жағдайын ескере отырып, Мемлекеттік жер кадастрын қалыптасуға барлық мәліметтердің жиынтық сараптамасын жұргізу керек. Уақтылы және шынайы мәлімет алынған кезде, туындаған жағдйларды басқаруға дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.