- •18.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •24.Бағалы қағаздар рыногындағы қаржылық аспектілер
- •22.Жалпы және мемлекеттік борыш
- •3.Қаржыны басқару ерекшеліктері: ұғымы, қағидаттары, элементтері
- •7.Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі және оның сипаттамасы
- •8.Қазіргі жағдайлардағы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру
- •9.Қоғамдық тауарлар мен қызметтер өндірісіндегі қаржының рөлі
- •11.Қаржы экономикалық категория ретінде
- •12.Қаржылық бақылауыдың объективтік қажеттігі, қазіргі жағдайлардағы оның қағидаттары, міндеттері және рөлі
- •13.Қаржылық ресурстар: ұдайы өндірістің көздері және өсу факторлары
- •17.Қаржылық механизімнің құрамы мен құрылымы
- •21.Қаржы саясаты Қаржылық саясат –
- •25.Қазіргі кездегі қаржы рыногына сипаттама
- •30.Қазақстан дамуының стратегиялық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз ету
- •Кккккккк
- •15.Кірістер мен шығыстар жүйесіндегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің сызбасы
- •4.Мемлекеттік кредит оның нысандары және әдістері
- •14.Мемлекеттік қаржы: ұғымы, құрамы, функциялары
- •20.Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •29.Мемлекеттік борыш.
- •23.Рыноктық жүйедегі қаржылық жоспарлау
- •2.Ұдайы өндіріс үдерісіндегі үй шаруашылықтары қаржысының рөлі
- •5.Ұдайы өндірістік үдеріс және оның стадияларының сипаттамасы
- •1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының табиғаты, негізгі белгілері және функциялары
- •6.Шығыстардың, салықтардың, балансталған бюджеттің мультипликаторы
- •26.Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының ерекшеліктері
- •27.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің капиталы (өндірістік қорлар)
- •16.Экономика және қаржыны макро деңгейде реттеуде батыстың экономикалық теориялары
- •19.Фискалдық саясат және оның ерекшеліктері
25.Қазіргі кездегі қаржы рыногына сипаттама
Қазақстанда қаржы рыногы бұрын-соңды болған емес. АлайдаҚазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелiнiп отыратын рыноктық экономикаға көшуi елiмiзде oған қызмет көpceтeтiн барлық институттармен бiрге қаржы рыногының құрылуын талап еттi. Қаржы рыногы – бұл әр түрлі нысандардағы ақшалай капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар. Ол рыноктық қатынастар жүйесiнiң құрамды бөлiгi болып табылады, тауар және басқа рыноктармен: жер, табиғат ресурстары, жұмыc күшi, тұрғын үй және басқа жылжымайтын рыноктармен етене байланысты.Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикасында қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын кіріктіре отырып кеңiнен түсiндiрiледi. Қаржы рыногында сатып алу-сатудың объекті айрықшалықты тауарлар – ақшалар мен бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады. Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып келетін бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады Функциялық тұрғыдан қаржы рыногы – бұл шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, банктердiң, мемлекеттiң уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғыpландыруды және қайтa білудi қамтамасыз eтeтiн рыноктық қатынастардың жүйесi. Бұл рыноктың жұмыc iстeyi көптеген экономикалық, әcipece инвестициялық үдерiстердi тәртiпке (ретке) келтiрiп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Бұған осы рыноктың қор құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетедi. Қаржы рыногының маңызы бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және оларды қайта бөлу жолымен ұдайы өндiрiс үдерiсiне ықпал етумен ғaнa айқындалып қоймайды. Сөйтiп, қаржы рыногы қаржының қосалқы категориясы ретiнде қайта бөлгiштiк қосалқы функция орындайды, ал сонымен бiрге экономикалық агенттердi дамыту және ұдайы өндiрiсті ұлғайту мaқcaттapындa олар қаржылық ресурстармен қамтамасыз етiлетiндiгiне қарағанда қаржы рыногы ұдайыөндiрiстiк функция орындауы тиiс. Қаржы рыногының жұмыc iстeyi мемлекеттiк реттеудi талап етедi. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы уәкiлеттi орган Ұлттық банктiң құpамындағы Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы қаржы рыногының дамыған инфрақұрылымы бар, ол өзiне төлем жүйелерiн, Қазақстан қоp биржасын (КASE), Банкаралық есеп айрысудың Қазақстан орталығын (БEҚO), Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасын, Теңге сарайы мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сaқтay орталығын кiрiктiредi. 2011 жылғы сәуірдің 12-сіндегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесін ары қарай жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі мен Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі олардың функциялары мен өкілеттіктерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілуімен таратылды. Қазақстан қор биржасы (КАSE) – әмбебап қаржы рыногы, оны шартты түрде төрт негізгі секторға бөлуге болады: шетелдік валюталар рыногы, мемлекеттік бағалы қағаздар, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық бағалы қағаздар рыногы, акциялар және корпоративтік облигациялар рыногы, деривативтер рыногы.
