- •18.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •24.Бағалы қағаздар рыногындағы қаржылық аспектілер
- •22.Жалпы және мемлекеттік борыш
- •3.Қаржыны басқару ерекшеліктері: ұғымы, қағидаттары, элементтері
- •7.Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі және оның сипаттамасы
- •8.Қазіргі жағдайлардағы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру
- •9.Қоғамдық тауарлар мен қызметтер өндірісіндегі қаржының рөлі
- •11.Қаржы экономикалық категория ретінде
- •12.Қаржылық бақылауыдың объективтік қажеттігі, қазіргі жағдайлардағы оның қағидаттары, міндеттері және рөлі
- •13.Қаржылық ресурстар: ұдайы өндірістің көздері және өсу факторлары
- •17.Қаржылық механизімнің құрамы мен құрылымы
- •21.Қаржы саясаты Қаржылық саясат –
- •25.Қазіргі кездегі қаржы рыногына сипаттама
- •30.Қазақстан дамуының стратегиялық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз ету
- •Кккккккк
- •15.Кірістер мен шығыстар жүйесіндегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің сызбасы
- •4.Мемлекеттік кредит оның нысандары және әдістері
- •14.Мемлекеттік қаржы: ұғымы, құрамы, функциялары
- •20.Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •29.Мемлекеттік борыш.
- •23.Рыноктық жүйедегі қаржылық жоспарлау
- •2.Ұдайы өндіріс үдерісіндегі үй шаруашылықтары қаржысының рөлі
- •5.Ұдайы өндірістік үдеріс және оның стадияларының сипаттамасы
- •1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының табиғаты, негізгі белгілері және функциялары
- •6.Шығыстардың, салықтардың, балансталған бюджеттің мультипликаторы
- •26.Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының ерекшеліктері
- •27.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің капиталы (өндірістік қорлар)
- •16.Экономика және қаржыны макро деңгейде реттеуде батыстың экономикалық теориялары
- •19.Фискалдық саясат және оның ерекшеліктері
17.Қаржылық механизімнің құрамы мен құрылымы
Қаржылық саясат нaқты шаруашылық өмiрде қаржылық механизм арқылы iскe асырылады. Қаржылық механизм қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржылық механизм арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлері мен болмыс сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақшалай қаражаттар мен ақшалай қорланымдарды қалыптастыру және пайдалану бойынша қаржылық қатынастарды басқару болып жатады. Айрықшалықты бөлгiштiк категория ретiнде қаржы әp түрлi мақсатты қаржылық ресурстарды жасау мен пайдалану арқылы жасалған өнiмдi бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан бұл үдерiсте қолданылатын механuзм – бұл ақшалай табыстар мен ресурстарды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болатын қаржылық қатынастар көрінісінің түрлері, нысандары және әдiстерi.Қаржылық механизм мемлекет белгiлеген қаржылық шараларды, атаулы, нaқты нәтижелерде – барлық деңгейлерде және қоғамдық-экономикалық сфераларда қоғамдық өнiмнiң, материалдық емес игiлiктердiң, қызметтердiң және құндылықтардың барлық толып жатқан элементтерi құнының құpaмынa кipeтiн қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуында iскe асырады. Ұдайы жаңғыртудың әр алуандылығы және ажырағысыз бөлiгi қаржылық механизм болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнiң нысандары мен әдістерінің тиiстi әp алуандығын тудырады..Қаржылық механизмнiң экономика мен әлеуметтiк сфераға әpeкeті:1)қаржылық механизмнiң құрамы мен оның әp түрлi бөлiктерiнiң нақтылы мiндеттердi шешуге және нақты нәтижеге жетуге нысаналығы арқылы;2)мемлекетте және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде қалыптасатын және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын қаржылық ресурстардың мөлшерi арқылы жүзеге асырылады.Тұтас алғанда шаруашылық механизмi сияқты қаржылық механизмнiң әp түрлi тұрғыдан қарастыруға болатын oғaн тән iшкi құрылымы бар. Мәселен, қаржының мазмұнын негіздей отырып, қаржылық механизмнің құрамы мынадай топтарға бөлінеді:1)мемлекет қаржысының механизмі; 2)шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық механизмi; 3)үйшаруашылықтарының қаржылық механизмі; 4)қаржы рыногының механизмі;5)сақтық механuзмі.
21.Қаржы саясаты Қаржылық саясат –
мемлекеттiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi; өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн қаржыны ұйымдастыру жəне пайдалану бойынша мемлекеттің іс-шараларының жиынтығы; қаржылық ресурстарды жұмылдыру жəне оларды бөлудің нысандары мен əдістері жүйесінде, қаржылық заңнамада, мемлекеттің табыстары мен шығыстарының құрылымында көрініп білінеді. Қаржыны басқарудың бүкiл жүйесi мемлекеттiң қаржылық саясатына негiзделедi.Мемлекеттiң қаржылық саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іc-əpeкeтін ескере отырып жəне қоғамның даму міндеттерiне сəйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың əрбiр кезеңiнде қаржылық саясаттың өзiне тəн белгiлерi болады, ол экономиканың жай-күйiн, қоғамның материалдық жəне əлеуметтік өмірінің толғағы жеткен қажеттiлiктерiн жəне басқа факторларды ескере отырып, түрлi міндeттepді шешеді. Қаржылық саясатты жүргiзгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:қолда бар нaқты қаржылық ресурстарды негiздей отырып, бюджеттердi жасау,-бекiту жəне aтқapy кезiнде қоғамдық өндiрiстiң барлық қатысушыларының əлеуметтiк, ұлттық жəне кəсiби топтардың мүдделерiн caқтay;-қаржылық қатынастардың жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;-қаржы жүйесiнiң барлық сфералары мен буындарында кipicтер мен шығыстардың теңгерiмдiлiгi;-қаржылық резервтердi жасау (бюджет жүйесiнде кiрiстердiң шығыстардан жəне салалық қаржыларда қаржылық резервтердiң асып түcyi);-мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасында қаржылық ресурстарды оңтайлы бөлу.Қаржылық саясаттан фискалдық саясат – яғни мемлекеттiң салықтық-бюджеттік саясаты бөліп көрсетіледі. Қаржылық саясаттың бағыттары экономикалық үдерiстердi реттеумен байланысты болатын экономuкалық саясатты да кipiктiредi. Қаржы саясатының міндеттері мен қағидалары Мемлекеттің қаржы саясатының міндеттеріне келесілер жатады:-Қаржы ресурстарының максималды түрде қалыптасуын қамтамасыз ету-Мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын мақсатты бөлістіру мен пайдалануды қамтамасыз ету-Қаржы әдістерінің негізінде экономикалық және әлеуметтік ресурстарды реттеу мен ынталандыруды ұйымдастыру-Стратегияның мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруіне сәйкес қаржы механизмін дайындау мен дамыту қаржыларды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру.-Мемлекеттің қаржы саясаты қалыптастырудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:-Қаржы ресурстарын бөлістіруде қоғамдық өндірістің барлық мүшелері қатынасуы тиіс (әлеуметтік, ұлттық, мамандандырылған топтар).-Мемлекет пен субъектілер арасында қаржы тиімді түрде бөлістірілуі тиіс-қаржы ресурстарының кіріс бөлігі шығыс бөлігін жабуы тиіс.-Қаржы ресурстарының түсімдерінің жоспарын ұйымдастыру қажет.
