Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы теориясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.66 Кб
Скачать

8.Қазіргі жағдайлардағы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру

ҚР қаржы жүйесі әлуметтік экономикалық әл ауқаттылықты жақсарту барысында жүргізілетін органдардың жиынтығы. Қаржы жүйесі өз жұмысын дұрыс жобалы жүргізу үшін ұзақ мерзімге стратегия мен қысқа мерзімді тактикасын қолданады. Қаржы жүйесін жетілдіру, ол стратегияны жүзеге асырумен белгілі бір экономикалық дамуды жүргізу болып табылады. Ал сол стратегияны жүзеге асыру мақсатында қаржы жүйесінде қысқа мержімді жоспар яғни тактика орын алады. Яғни стратегияны жүзеге асырудағы тактика болмақ. Бұл стратегия мен тактика арқылы қаржы жүйесінің жоғарғы буындағы белгілі бір мақсатымызға жетуімізге негізгі себептердің бір бөлігі болып табылмақ. Қаржы жүйесінде банктік жүйе де орын алады. Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Банктер мен тауарлық өндіріс пен айналымының дамуы тарихи қатар жүретін және бір-біріне тығыз байланысты, осы кезде банктер ақшалай есеп айырысулар мен шаруашылықты несиелей отырып, капиталдарды қайта бөлуде делдалдық қызмет атқара отырып, өндірістің жалпы тиімділігін мәнді жоғарлатады, қоғамдық еңбек өнімділігін өсіруге жол береді. Бүгін, тауарлық және қаржылық нарықтардың дамуы жағдайында банктік жүйенің құрылымы бірден қиындай түседі. Қазіргі кезде жаңа қаржылық бөлімшелердің түрлері, жаңа несиелік құралдар мен клиенттерге қызмет ету әдістері пайда болды. 

Жаңа нарықты құру – біздің қоғамымыздың дамуындағы толық қанды жаңа кезең. Жаңа механизмді құру өркениетті әлемде қабыдданған несиелік бөлімшелердің қызмет етуінің жоғалған рационалды принциптерін қайта қалпына келтіру жолымен және көп ғасырды нарықтық қаржылық құрылымдарға сүйене отырып мүмкін болады. Сондықтанда шетелдік тәжірибені оқып-үйрену, ақша, ресурстар, несиелеу мен есеп айырысулардың тәсілдері мен формаларын қолдану мәні өте маңызды болып табылады. 

Соңғы он жылдағы біздің мемлекетіміздің дамуы тәуелсіздік алу, елдің экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі, жаңа мемлекеттік құрылымның біртіндеп дамуы мен нығаюы, экономиканың әлеуметтік және экономикалық сфераларындағы жүргізіліп жатқан реформалаы сияқты негізгі оқиғалармен мінезделеді. Осы кезде қаржылық сферадағы радикалды қайта құруды ерекше атап көрсетуге болады. Әсіресе экономиканың банктік секторындағы. Бантік жүйе неғұрлым икемді және экономиканың индикаторлық ролін атқаратын сектор болуы керек.

9.Қоғамдық тауарлар мен қызметтер өндірісіндегі қаржының рөлі

Қоғамдық тауарлардың кәдуілгі рыноктық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидатының әрекетіне ұшырамайды.Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың рыноктық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.Жоғарыда айтылғандай, қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде іске асатыны маңызды айырмашылықтар болып табылады.Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде – құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидатының ықпалына түсіп кетеді, яғни оларға баға белгілеуге және оларды кәсіпкерлік құрылымдар арқылы өткізуге болады. Мысалы, бірқатар медициналық қызметтер, білім деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілеген кепілдікті ең төменгі деңгейден жоғары қамтамасыз етіледі. Бұл қатарда мұражайлардың, кітапханалардың, қоғамдық теледидар мен радиохабарын тарату қызметтері, жол желісі және басқалары. Оларды құйылымдардың елеулі пайдасын жаңғырту ерекшелігі біріктіреді, мұның нәтижесінде жеке меншік сектор оларды жеткілікті көлемде өндіруге бармайды. Сондықтан ресурстарды бөлудегі үйлесімсіздікті болдырмау үшін мемлекет едәуір дәрежеде оларды өндіру мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді; бұл – «аралық» қоғамдық қызметтер немесе квазиқоғамдық (квазимемлекеттік)тауарлар Кез келген жағдайда рыноктық жүйе не қоғамдық тауарларға («таза» қоғамдық тауарлар мен қызметтер үшін) ресурстарды бөлмейді, немесе оларды жеткіліксіз көлемде («аралық» қоғамдық қызметтер көрсету үшін) бөледі.Сондықтан мемлекет қаржысының механизмі арқылы мұндай тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіру және қоғамды олардың белгілі бір көлемімен қамтамасыз ету туралы мемлекет шешім қабылдауы тиіс. Экономикалық ресурстарды қайта бөлуге салық-бюджет жүйесі арқылы жетеді: салық және басқа міндетті төлемдер арқылы, жекеше сектор дара, рыноктық тауарларды өндіруде, ал халық оларды тұтынуда шектелінеді. Сөйтіп, ресурстардың бір бөлігі мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті қажеттіліктер, қоғамдық мүдделерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуші салалар, өндірістер қаржыландырылады.Теориялық айқындамалар тұрғысынан қоғамдық тауарлардың оңтайлы саны тұтынушы таңдауының теориясына, тұтынушылардың соңғы қосымша өлшемді төлеуге жалпы әзір екендігі, яғни оның бағасы қоғамдық тауардың бұл өлшемінің шекті шығындарымен теңестірілгенде шекті пайданың шекті шығындарға (шекті пайдалылық теориясы) сәйкестігі қағидаты бойынша баға мен өндіріс көлемінің есептелуіне сәйкес анықталады. Алайда практикалық тұрғыда қоғамдық тауарларды пайдаланудан болатын өндіріс шығындары мен пайданы үнемі есептеу мүмкін емес, өйткені бірінші жағдайда құйылымның қосымша шығындарының болуы мүмкін, ал пайда көптеген тұтынушылар арасында «ыдырап тарап кетеді». Сондықтан қоғамдық тауарлардың санын «шығын-пайданы» талдау әдісімен анықтау мемлекеттік органдардың шешімдерімен толықтырылады. Және жалпы қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету, оларды өндіру үшін экономикалық ресурстарды бөлу проблемалары мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың, соның ішінде қаржылық саясаттың да предметі болып табылады. Мұндай шешімдер демократиялық жолмен – ел азаматтарының өз еркін білдіруімен қабылдануы тиіс, бұл саяси дауыс беру рәсімдеріне саяды. Сайлаушылар өздерінің ортақ мүдделері мен артықшылықтарын асқан дәрежеде қанағаттандыратын бағдарламалар мен олардың сыртында тұрған партияларды, саяси жетекшілерді таңдайды. Және, керісінше, олардың көңілін, разылығын ақтамаған және орындамаған немесе ішінара орындаған саяси жетекшілерді орындарынан кері шақырып алады. Сөйтіп, экономикалық ресурстарды қайта бөлу проблемасы саяси тұрғыдан салықтық-бюджеттік механизм арқылы шешілетін мемлекеттің қаржылық саясаты шараларының аспектісіне ауысады және қоғам дамуының бұл кезеңінің мемлекеттік қаржылық саясаттың тиімділігі мен мақсатқа сайлығының мән-мағынасын құрайды.