
- •18.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •24.Бағалы қағаздар рыногындағы қаржылық аспектілер
- •22.Жалпы және мемлекеттік борыш
- •3.Қаржыны басқару ерекшеліктері: ұғымы, қағидаттары, элементтері
- •7.Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі және оның сипаттамасы
- •8.Қазіргі жағдайлардағы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру
- •9.Қоғамдық тауарлар мен қызметтер өндірісіндегі қаржының рөлі
- •11.Қаржы экономикалық категория ретінде
- •12.Қаржылық бақылауыдың объективтік қажеттігі, қазіргі жағдайлардағы оның қағидаттары, міндеттері және рөлі
- •13.Қаржылық ресурстар: ұдайы өндірістің көздері және өсу факторлары
- •17.Қаржылық механизімнің құрамы мен құрылымы
- •21.Қаржы саясаты Қаржылық саясат –
- •25.Қазіргі кездегі қаржы рыногына сипаттама
- •30.Қазақстан дамуының стратегиялық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз ету
- •Кккккккк
- •15.Кірістер мен шығыстар жүйесіндегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің сызбасы
- •4.Мемлекеттік кредит оның нысандары және әдістері
- •14.Мемлекеттік қаржы: ұғымы, құрамы, функциялары
- •20.Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •29.Мемлекеттік борыш.
- •23.Рыноктық жүйедегі қаржылық жоспарлау
- •2.Ұдайы өндіріс үдерісіндегі үй шаруашылықтары қаржысының рөлі
- •5.Ұдайы өндірістік үдеріс және оның стадияларының сипаттамасы
- •1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының табиғаты, негізгі белгілері және функциялары
- •6.Шығыстардың, салықтардың, балансталған бюджеттің мультипликаторы
- •26.Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының ерекшеліктері
- •27.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің капиталы (өндірістік қорлар)
- •16.Экономика және қаржыны макро деңгейде реттеуде батыстың экономикалық теориялары
- •19.Фискалдық саясат және оның ерекшеліктері
22.Жалпы және мемлекеттік борыш
Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш – бұл өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің борышына немесе маслихаттардың шешімімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған белгілі бір күнге алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Ішкі мемлекеттік борыш – Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамды бөлігі. Сыртқы мемлекеттік борыш – Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамды бөлігі. Жалпы сыртқы борыш (ЖСБ)бұл ел резиденттерінің басқа бейрезиденттердің алдындағы нақты жәнеештемемен шарттасылмаған міндеттемелердің өтелмеген сомасыболып табылады, ол уақыттың белгілі бір мезетіне негізгі бөлінетін және (немесе) пайыздарды төлеуді талап етеді. ЖСБ өзіне мемлекеттік сыртқы борышты (үкіметтің және Ұлттық банктің ) және мемлекеттік емес (банктердің, ұлттық және акционерлік компаниялардың, соның ішінде мұнайлық компаниялардың – өзіндегі бас шетелдік компаниялардың ) борышты кіріктіреді.Сонымен қатар күрделі және ағымдағы мемлекеттік борышты ажыратады. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борыштық міндеттемелерінің бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса, бүкіл сомасын айтады. Ағымдағы борыш – бұл мемлекеттің барлық борыштық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар. Бюджеттің шығыстар бөлігіне қатысты ол 1991 ж. – 20,4%-ды, 1992 ж. – 8,6%, 1993 ж. – 11,9%, 1994 ж. – 10,2%, 1995 ж.– 17,4%, 1996 ж. – 15,4%, 1997 ж. – 16,1%, 1998 ж. – 15,6%, 1999 ж. – 14,3%, 2000 ж. – 0,5%, 2001 ж. – 1,7%, 2002 ж. – 1,6%, 2003 ж. –4,3%, 2004 ж. – 1,4%-ды құрады. 2005-2006 жылдары бюджет профицитпен атқарылды – тиісінше + 2,4 және +3,8% болды; 2007 жылы бюджет тапшылығы – 8,0%-ды, 2008 ж. – 9,8%-ды, 2009 жылы – 13,1%-ды, 2010 жылы 11,8%-ды, 2011 жылы 10,5%-ды , 2012 жылы 14,2%-ды құрады.Қазақстанда ішкі мемлекеттік борыштың болуын экономикада шығарып тастауға болмайды, қайта көп жағдайда қағида болып табылады: экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Ішкі мемлекеттік борыш 2013 жылдың басында Қазақстанда 2897 миллиард теңгені (19,2 миллиард АҚШ долларын) құрады, бұл ІЖӨ-нің 7,6%-ын; соның ішінде, Үкіметтің борышы – 820,2 миллиард теңге (6,8 миллиард долл.) құрайды. Елдің сыртқы борышының болуы орынды әлемдік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы қауіпті бола бастайды.Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту кредитор – елдерге экономикалық және саяси тәуелділікке ұрындыруы мүмкін.
ҚҚҚҚҚҚ