Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы теориясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.66 Кб
Скачать

19.Фискалдық саясат және оның ерекшеліктері

Мемлекеттің салықтық-бюджеттік саясатының жəне экономикалық үдерістерде оны іске асыру механизмінің кешенді ұғымы деп түсінілетін «фискалдық саясат» термині батыс теориялық тұжырымдамалары мен практикасынан алып пайдаланылған. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттiк бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттiк қорларды толықтырумен байланысты. Фискалдық саясат салықтық төлемдерді алу, «қоғамдық тауарларды» өндіpyкезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақшалай қаражаттардың трансферттік ағындарының қозғалысы жөнiндегi бөлу жəне қайта бөлу əpeкeттepін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық жəне əлеуметтiк сфераларда қаржыны пайдалану жөнiндегi басқа іс-қимылдарын қамтиды.Фискалдық саясат мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының аса маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, жоспарланатын кезеңде инфляцияның орташа жылдық денгейі бойынша белгіленген дəлізді қолдануға, төлем балансының тұрақтылығына, тауарлар мен қызметтерді түпкілікті тұтынудың жəне капитал қорлануының өсуіне көмектесетін болады.Фискалдық саясаттың міндеттері мына негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:=салық заңнамасы мен əкімшілік етуді жетілдіру;-Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арқылы мемлекеттің мұнайлық кірістерін пайдалану механизімін жетілдіру;-бір жағынан, мемлекеттік функцияларды толық көлемінде тиімді орындауды жəне,басқа жағынан, макроэкономикалық тұрақтылыққа жəрдемдесуді қамтамасыз ететін денгейде шығыстарды қолдау;-мемлекет шығыстарының нəтижелігі мен тиімділігін арттыру, соның ішінде бюджеттік үрдістің барлық кезеңдерінде бюджеттік бағдарламаның əдістерін одан ары енгізу арқылы;-дамуға бағытталатын бюджет шығыстарын тиімді қалыптастыру жүйелігін қамтамасыз ету мақсатымен инвестициялық жобаларды даярлау, қарау, іріктеу үдерісін тəртіпке келтіру;-бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджет жүйесінің түрлі деңгейлері арасында кіріс жəне шығыс өкілеттігін айқын межелеуді белгілеу.Фискалдық саясат дuскредuцuялық саясат ретiнде, яғни ұлттық өндірістің нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды (жұмыстылықты) өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсудi тездету мaқcaтымен мемлекеттiң салықтарымен жəне шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретiнде жүргiзiледi. Экономикалық циклдiң сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеушi фискалдық саясат жүргiзiлуi мүмкін. Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматтық немесе «кіріктірме тұрақтандырғыштардың» (кіріктірме тұрақтылық») icəрекетiн қажет етедi. Бұлай деп экономикалық циклдiң түрлi фазаларындағы – өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлемiне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының жəне салық алудың түрленуі ұғынылады. Дискредициялық – өз білгенінше қимылдаушы (яғни қандай бір мəселені мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның өз білгенінше шешуі).

i

ii