Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы теориясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.66 Кб
Скачать

16.Экономика және қаржыны макро деңгейде реттеуде батыстың экономикалық теориялары

Консерватизм – әлеуметтік және саяси өмірдегі дәстүр мен сабақтастық идеясына сүйенетін әр текті экономикалық ағымдардың жиынтығы. Тарих барысында консерватизм әр түрлі нысандарға ие болды, бірақ тұтас алғанда оған қолданыстағы және тұрақтанған әлеуметтік-экономикалық жүйелер мен нормалардың жолын ұстанушылық, революциялар мен түбегейлі реформаларды қабылдамау, қоғам мен мемлекеттің эволюциялық, өзіндік дамуын жақтау сипатты болады. Неоконсерватизм – 1970 жылдардың ортасында Батыстың алдыңғы қатарлы елдерінде кейнсшілдіктің орнына келген экономикалық дамудың моделі. Бұл модель экономиканы рыноктық өзін-өзі реттеу механизімін неғұрлым тиімді механизм ретінде қарастыратын неоклассикалық экономикалық теорияның постулатынан алынып отыр. Өзінің тамырлары мен неоконсервативтік модель А.Лаффердің (АҚШ) ұсыным теориясына және М.Фридменнің монетаристік теориясына кетеді. А.Лаффер жеке және заңи тұлғаларға салынатын салықтың жоғары емес мөлшерлемелері кезінде бюджет кірістерінің неғұрлым тез өсу үрдісінің болатындығын анықтады.Ұсыным экономикасытұжырымдамасының мәні – рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізетін өндіріс шығындарын төмендету бойынша қаржылық және ақшалай саясат шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы бағытталған ықпал жасау. Монетаристер мемлекеттің реттеуші функциясын, ең алдымен, айналыстағы ақша массасының көлемін басқаруға саяды. Оны шектеу рыноктық экономиканы тұрақтандырудың және дамытудың басты факторы деп жорамалдайды. Монетаризм (америка экономисі М.Фридмен) ақша айналысын экономикалық үдерістерді реттеудің басты құралы деп мойындайды. Бұл ретте рыноктар-бәсекелесті болады және макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжанады. Институционализм – қоғам мен экономика дамуын әлеуметтік-психологиялық тұрғылардан түсіндіретін экономи-калық ғылымдағы жетекші бағыттардың бірі.Институционализмнің пайда болуы, ең алдымен, Т.Вебленнің жұмыстарымен байланысы, ол жұмыстарында «институттар» ұғымын ұсынды, олардың шығуын зерттеді, институттардың даму жолдары мен нысандарын талдады. Институционализм экономиканы оның барлық негізгі құрылымдары тұрақты барлық әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған тепе-теңсіз жүйе ретінде қарайды. Бұл теория бойынша экономикалық дамудың сипаты мен бағытын рынок өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған экономикалық институттардың бүкіл жүйесі айқындайды. Неоинституционализм классикалық емес теорияның жалғасы және дамуы ретінде 1950-1960 жылдарда пайда болды. Неоинституционализм институттар зерттелімінде өзара тиімді айырбасты жасау және пайдалану көзқарасы тұрғысынан – ұтымды таңдау моделінің негізінде институттардың қалыптасу үдерісін талдай отырып, ресурстарды орналастыру тиімділігімен және экономикалық дамумен байланысты аспектілерге ерекше көңіл аударады. Неоинституционализм әлеуметтік және саяси үдерістерді адамның экономикалық қылығының өзінше түсінілуі ретінде қарастырады. Орнықты даму теориясы. Рыноктық экономиканы және қаржыларды басқаруға дәстүрлі теориялық тәсілдемелерді зерттеу қазіргі күрделі әлеуметтік-экономикалық үдерістерді оңай­латылған баян етуде, оңайлатылған моделдерді, соның ішінде, қаржылық механизмде де пайдалануда көрініп білінетін екі негізгі бағыт (неолибералдық және кейнстік) белгілі бір шектеулілікпен сипатталады. ХХ ғасырдың аяғында халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың үдерістері рыноктық үдерістерді макро- және микроэкономикалыққа бөлудің дәстүрлі сызбасынан ажыратылатын дамудың өзінің заңдылықтары бар экономиканың ғаламдық деңгейін қалыптастыруға жеткізді.

ФФФФФ