- •18.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •24.Бағалы қағаздар рыногындағы қаржылық аспектілер
- •22.Жалпы және мемлекеттік борыш
- •3.Қаржыны басқару ерекшеліктері: ұғымы, қағидаттары, элементтері
- •7.Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі және оның сипаттамасы
- •8.Қазіргі жағдайлардағы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру
- •9.Қоғамдық тауарлар мен қызметтер өндірісіндегі қаржының рөлі
- •11.Қаржы экономикалық категория ретінде
- •12.Қаржылық бақылауыдың объективтік қажеттігі, қазіргі жағдайлардағы оның қағидаттары, міндеттері және рөлі
- •13.Қаржылық ресурстар: ұдайы өндірістің көздері және өсу факторлары
- •17.Қаржылық механизімнің құрамы мен құрылымы
- •21.Қаржы саясаты Қаржылық саясат –
- •25.Қазіргі кездегі қаржы рыногына сипаттама
- •30.Қазақстан дамуының стратегиялық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз ету
- •Кккккккк
- •15.Кірістер мен шығыстар жүйесіндегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің сызбасы
- •4.Мемлекеттік кредит оның нысандары және әдістері
- •14.Мемлекеттік қаржы: ұғымы, құрамы, функциялары
- •20.Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •29.Мемлекеттік борыш.
- •23.Рыноктық жүйедегі қаржылық жоспарлау
- •2.Ұдайы өндіріс үдерісіндегі үй шаруашылықтары қаржысының рөлі
- •5.Ұдайы өндірістік үдеріс және оның стадияларының сипаттамасы
- •1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының табиғаты, негізгі белгілері және функциялары
- •6.Шығыстардың, салықтардың, балансталған бюджеттің мультипликаторы
- •26.Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының ерекшеліктері
- •27.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің капиталы (өндірістік қорлар)
- •16.Экономика және қаржыны макро деңгейде реттеуде батыстың экономикалық теориялары
- •19.Фискалдық саясат және оның ерекшеліктері
24.Бағалы қағаздар рыногындағы қаржылық аспектілер
Бағалы қағаздар рыногы – шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлерi сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлiгi. Бұл рыноктың жұмыc iстeyi көптеген экономикалық, әсіpece инвестициялық үдерістерді реттеп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Бұған осы рыноктың қоp құралдарының – бағалы қағаздардың және өзге активтердiң сан алуандығымен қол жетедi. Бағалы қағаздар – иеленушiлерiне мүлiктiк құқықтар мен белгiлi бiр ақша сомаларын алуға құқық бepeтiн ақшалай немесе тауарлық құжaттap. Бағалы қағаздардың түрлерi сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, мемлекеттік борышқорлық міндеттемелер, банктердің депозиттік және жинақтық сертификаттары, Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары, векселдер, aқшaлай чектер жатады.Бағалы қағаздарға банк кредитiн алғандығын растайтын құжaттap, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат (өсиетнама), лотерея билеттерi, сақтық полистерi жатпайды. Қазақстанда «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңға сәйкес бір шығарылым шектерінде біртекті белгілер мен реквизиттерге ие болатын, осы шығарылымға арналған бірыңғай шарттар негіздемесінде орналастырылатын және айналыстағы бағалы қағаздар – эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылады. Олар мемлекеттiк және мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып бөлiнедi. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергiлiктi атқарушы орган немесе Ұлттық банк болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаз – Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттiк емес ұйымдap шығаратын акциялар, облигациялар және өзге бағалы қағаздар. Көпшілікке танымал баяндауда бұл – корпоративтік бағалы қағаздар.Бағалы қағаздар бойынша олардың иелерiне дивидендтер немесе пайыздар түрiнде табыстар төлеу, сондай-aқ бұл құжaттapдaн туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру (табыстау) мүмкiндiгi қарастырылады. Негiзгi бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады. Бағалы қағаздар құpaмындa мемлекет тарапынан, халықтан және заңи тұлғалардан алынған қарыз фактiсiн куәландыратын мемлекеттiк бағалы қағаздар (МБҚ) ерекше болып келедi. Олар әр түрлi нысандарда шығарылады: қазынашылық мiндеттемелер, қазынашылық боналар, қазынашылық векселдер, облигациялар және басқалар. Олардың арасындағы айырмашылық ic-әрекет ету мезгiлiне, табыстарды төлеу мен өтеу шарттарына, айналымдылықтың сипатына, ұстаушыларынa байланыстығында. Қазақстан Республикасында қазынашылық векселдер мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер (МҚМ) нысанына түрленген, олардың мәнi «Мемлекеттiк кредит және мемлекеттiк борыш» тарауында қаралған. Депозит және банк сертификаттары – жинақақшаны тарту үшiн тек қaнa банктер шығаратын бағалы қағаздар.Коммерциялық қағаздар тіркелген табысы бар қысқа мерзімді борышқорлық міндеттемелер болып табылады, облигациялардың (корпоративтік облигациялардан айырма- шылығы эмиссиялық емес бағалы қағаздар болып табылады Инфрақұрылымдық облигациялар бойынша эмитент міндеттемелерінің атқарылуы мемлекетке берілетін объектінің құнына сәйкес сомада мемлекет пен эмитент арасында жасасылған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шегінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етіледі. Пай – пайлық инфестициялық қордағы оның меншіктенушісінің үлесін, пайлық инфестициялық қордың жұмыс істеуінің тоқтамауы кезінде оның активтерін өткізуден алынған ақшаларды алу құқығын, сондай-ақ заңмен айқындалған пайлық инвестициялық қорлар қызметінің ерекшеліктерімен байланысты өзге де құқықтарды қуаттайтын шығарылымның құжатсыз нысанының атаулы эмиссиялық бағалы қағазы.Бағалы қағаздардың тегінде басқа дамыған экономикалық жүйелердiң қаржы рыногында нақтылы бағалы қағаздарды, валютаны, басқа құндылықтарды сатып алуға және caтуғa олардың иелерінің құқығын куәландыратын туынды қаржылық құралдар (деривативтер) деп аталатындар: фьючерстiк және опциондық контракттар, валюталық және пайыздық своптар, жазылыс құқықтары, депозитарийлiк куәлiктер,биржа индекстерi бойынша опциондар мен фьючерстер және бiрқатар басқалары пайдаланылады. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi оның инфрақұрылымы жүзеге асырады. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы қаржы рыногының дамыған инфрақұрылымы бар, ол өзiне төлем жүйелерiн, Қазақстан қоp биржасын (КASE), Банкаралық есеп айрысудың Қазақстан орталығын (БEҚO), Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасын, Теңге сарайы мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сaқтay орталығын кiрiктiредi. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары бағалы қағаздар эмитенттері, инвесторлар және инвестициялық делдалдар болып табылады. Олар бұл рыноктың құрылымын қалыптастырады.
ЖЖЖЖЖ
