
- •18.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •24.Бағалы қағаздар рыногындағы қаржылық аспектілер
- •22.Жалпы және мемлекеттік борыш
- •3.Қаржыны басқару ерекшеліктері: ұғымы, қағидаттары, элементтері
- •7.Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі және оның сипаттамасы
- •8.Қазіргі жағдайлардағы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру
- •9.Қоғамдық тауарлар мен қызметтер өндірісіндегі қаржының рөлі
- •11.Қаржы экономикалық категория ретінде
- •12.Қаржылық бақылауыдың объективтік қажеттігі, қазіргі жағдайлардағы оның қағидаттары, міндеттері және рөлі
- •13.Қаржылық ресурстар: ұдайы өндірістің көздері және өсу факторлары
- •17.Қаржылық механизімнің құрамы мен құрылымы
- •21.Қаржы саясаты Қаржылық саясат –
- •25.Қазіргі кездегі қаржы рыногына сипаттама
- •30.Қазақстан дамуының стратегиялық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз ету
- •Кккккккк
- •15.Кірістер мен шығыстар жүйесіндегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің сызбасы
- •4.Мемлекеттік кредит оның нысандары және әдістері
- •14.Мемлекеттік қаржы: ұғымы, құрамы, функциялары
- •20.Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •29.Мемлекеттік борыш.
- •23.Рыноктық жүйедегі қаржылық жоспарлау
- •2.Ұдайы өндіріс үдерісіндегі үй шаруашылықтары қаржысының рөлі
- •5.Ұдайы өндірістік үдеріс және оның стадияларының сипаттамасы
- •1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының табиғаты, негізгі белгілері және функциялары
- •6.Шығыстардың, салықтардың, балансталған бюджеттің мультипликаторы
- •26.Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының ерекшеліктері
- •27.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің капиталы (өндірістік қорлар)
- •16.Экономика және қаржыны макро деңгейде реттеуде батыстың экономикалық теориялары
- •19.Фискалдық саясат және оның ерекшеліктері
27.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің капиталы (өндірістік қорлар)
Шаруашылықтық-қаржылық қызмет үдерісінде шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық ресурстарды – мақсатты пайдалануға арналған ақшалай қаражаттарды қалыптастырып, пайдаланады. Олар үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары қаржылық ресурстардың мына нысандары болып табылады: жарғылық капитал, резервтік капитал, қорланымға, тұтынуға, еңбекке ақы төлеуге арналған қаражаттар, валюталық, жөндеу қаражаттары. Дербестік жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектілер басқа да мақсатты ақшалай қаражаттар құруы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру, жекешелендіру, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым дамуына қатысудың үлестік қаражаттары және басқалары. Жарғылық капитал (қор) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген шаруашылық жүргізуші субъект (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты.Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттай элементтерін – еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржылық ресурстарды авансылау жолымен жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құндық нысанда көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады.Бұл қорлардың толық айналымының сипаты ажаратылады. Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіндеп, бөліп-бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу үдерісін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизациялық норма, ал бұл үлестің ақшалай көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды.Айналым қорлары айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорларын кіріктіреді, олар әр түрлі сфераларға – өндіріске және айналысқа қатыстылығына қарай ажыратылады.Айналым өндірістік қорлары да өндірістің әр түрлі жақтарын көрсетеді. Олардың бір бөлігі – өндірістік босалқы қорлар еңбек заттарының (предметтерінің) құнын (шикізаттың, сатымдық шала фабрикаттардың, негізгі және қосалқы материалдардың, отынның, ыдыстың, босалқы бөлшектердің), сондай-ақ белгіленген ең аз немесе шектік мөлшерлердің шектерінде еңбек құралдарының бір бөлігін де (арзан бағалы және тез тозғыш заттар) кіріктіреді. Басқа бөлігі – аяқталмаған өндіріс ұқсату, өнімді жасау үдерісіне тартылған заттардың құнын сипаттайды. Үшінші бөлік – болашақ кезеңдердің шығыстары – ағымдағы кезеңде өндірілетін, бірақ кейінгі кезеңдерде өнімнің өзіндік құны есебінен өтелетін шығындар.Айналыс қорлары айналыс сферасымен байланысты; оларға қоймалардағы дайын өнім мен тұтынушыларға жөнелтілген өнім, кассадағы және банктерде шоттардағы ақшалай қаражаттар, есеп-қисаптардағы қаражаттар, дебиторлық берешек жатады. Айналыс қорлары өндіріс пен айналысты қауыштырады.Айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорларына авансыланған ақшалай қаражаттар шаруашылық жүргізуші субъектінің айналым қаражаттары ретінде болады. Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі және айналым капиталдарының орны өнімді (қызметтерді) сатқаннан кейін және тиісті табыс түскеннен кейін толтырылады. Өндірістік капиталдарды көбейтудің көзі бұдан басқа, айналымнан тыс активтердің (негізгі капиталдың) қайта инвестицияланатын бөлігі, айналым активтерінің шашыратылатын бөлігі, кредиторлық берешек, борыштық бағалы қағаздардың (облигациялардың) эмиссиясы, лизинг болып табылады. Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен оның өсімін қаржыландырудың көздерін меншікті, тартылған және қарыздық қаражаттарға топтастыруға болады. Айналым қаражаттарының аса маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары болып табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қаражаттармен ара салмағы нақтылы рыноктағы кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының дәрежесін анықтайды.
ЭЭЭЭЭЭ