Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы теориясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.66 Кб
Скачать

29.Мемлекеттік борыш.

Мемлекеттік борыш – бұл өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің борышына немесе маслихаттардың шешімімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған белгілі бір күнге алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Ішкі мемлекеттік борыш – Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамды бөлігі. Сыртқы мемлекеттік борыш – Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамды бөлігі. Жалпы сыртқы борыш (ЖСБ)бұл ел резиденттерінің басқа бейрезиденттердің алдындағы нақты жәнеештемемен шарттасылмаған міндеттемелердің өтелмеген сомасыболып табылады, ол уақыттың белгілі бір мезетіне негізгі бөлінетін және (немесе) пайыздарды төлеуді талап етеді. ЖСБ өзіне мемлекеттік сыртқы борышты (үкіметтің және Ұлттық банктің ) және мемлекеттік емес (банктердің, ұлттық және акционерлік компаниялардың, соның ішінде мұнайлық компаниялардың – өзіндегі бас шетелдік компаниялардың ) борышты кіріктіреді.Сонымен қатар күрделі және ағымдағы мемлекеттік борышты ажыратады. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борыштық міндеттемелерінің бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса, бүкіл сомасын айтады. Ағымдағы борыш – бұл мемлекеттің бар­лық борыштық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар. Қазақстанда ішкі мемлекеттік борыштың болуын экономикада шығарып тастауға болмайды, қайта көп жағдайда қағида болып табылады: экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Ішкі мемлекеттік борыш 2013 жылдың басында Қазақстанда 2897 миллиард теңгені (19,2 миллиард АҚШ долларын) құрады, бұл ІЖӨ-нің 7,6%-ын; соның ішінде, Үкіметтің борышы – 820,2 миллиард теңге (6,8 миллиард долл.) құрайды. Мемлекет кепілдендірген борыш – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктеріi бар белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы.Мемлекеттік борышты басқару – мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының бүкіл спектрі; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру жөніндегі қызметі. Бұл ретте борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету үдерістерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметі ретіндегі мемлекеттік борыш мониторингі жүргізіледі.

РРРРРР