
- •18.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •24.Бағалы қағаздар рыногындағы қаржылық аспектілер
- •22.Жалпы және мемлекеттік борыш
- •3.Қаржыны басқару ерекшеліктері: ұғымы, қағидаттары, элементтері
- •7.Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі және оның сипаттамасы
- •8.Қазіргі жағдайлардағы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру
- •9.Қоғамдық тауарлар мен қызметтер өндірісіндегі қаржының рөлі
- •11.Қаржы экономикалық категория ретінде
- •12.Қаржылық бақылауыдың объективтік қажеттігі, қазіргі жағдайлардағы оның қағидаттары, міндеттері және рөлі
- •13.Қаржылық ресурстар: ұдайы өндірістің көздері және өсу факторлары
- •17.Қаржылық механизімнің құрамы мен құрылымы
- •21.Қаржы саясаты Қаржылық саясат –
- •25.Қазіргі кездегі қаржы рыногына сипаттама
- •30.Қазақстан дамуының стратегиялық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз ету
- •Кккккккк
- •15.Кірістер мен шығыстар жүйесіндегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің сызбасы
- •4.Мемлекеттік кредит оның нысандары және әдістері
- •14.Мемлекеттік қаржы: ұғымы, құрамы, функциялары
- •20.Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •29.Мемлекеттік борыш.
- •23.Рыноктық жүйедегі қаржылық жоспарлау
- •2.Ұдайы өндіріс үдерісіндегі үй шаруашылықтары қаржысының рөлі
- •5.Ұдайы өндірістік үдеріс және оның стадияларының сипаттамасы
- •1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының табиғаты, негізгі белгілері және функциялары
- •6.Шығыстардың, салықтардың, балансталған бюджеттің мультипликаторы
- •26.Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының ерекшеліктері
- •27.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің капиталы (өндірістік қорлар)
- •16.Экономика және қаржыны макро деңгейде реттеуде батыстың экономикалық теориялары
- •19.Фискалдық саясат және оның ерекшеліктері
20.Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы сауда, кредиттік, салықтық, инвестициялық, борыштық, есеп-қисаптық, сақтық, трансферттік және өзге операциялар кезінде мемлекеттің, оның жеке және заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушыларының және халықаралық қаржы-кредит институттарының қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – валюталық есеп-қисаптар жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің «үшінші дүниемен» (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда қатынастардың тиісті қатысушыларында қаржылық ресурстармен қорларды құру және пайдалану арқылы міндетті, мәжбүри, қатынастарды синтездеуші категория ретінде едәуір рөл мен орынды қаржы алады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржылық механизм Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттің қаржылық саясатын іске асырудың құралы болып табылады Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады: 1) сыртқы сауда – тауарлармен, қызметтермен, жұмыстармен, ақпаратпен, зияткерлік қызмет нәтижелерімен халықаралық айырбас саласындағы кәсіптік қызмет; 2)шетелдік инвестициялау: капиталды жұмсау, бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңи тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар – елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғат ресурстарын, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүліктік құқықтарды алу, меншікті жалдау; 3) халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына елдің қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді; 4)ғылым, техника, мәдениет, туризм, спорт салаларындағы ынтымақтастық; 5)шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа персоналды ұстау жөніндегі есеп-айырысымдарын жүргізу. Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспекті – шетел инвесторларының қатысуы және Қазақстан экономикасындамыту үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюталық резервтер жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамасыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың босалқы қорлары болып табылады.Шетелдік капитал елге кредит,дамуға ресми көмек, инвестициялар сияқты үш әр түрлі нысанда түседі. Инвестициялардың екі түрі болады: тура және портфелдік. Тура инвестициялар дегеніміз шетелдік капиталды оның егесінің өз тәуекелдігімен пайда алу үшін басқа елдің экономикасына жұмсауы. Портфелдік инвестициялар – қаражаттарды жалған капиталға – басқа елдің заңи және жеке тұлғалары шығаратын бағалы қағаздарға жұмсау. Сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудіңнегізіне коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру идеясы қойылған (олардың іскерлік дербестігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде). Сыртқы экономикалық кешенді реттеу негізінен құқықтық (ішкі және халықаралық заңнама) және экономикалық тұтқалар (кедендік баждар, салықтар, валюта бағамы, банк пайызы) арқылы жүргізіледі. Сыртқы экономикалық қызметтің стратегиялық бағыты – ұлттық валютаның айырбасталымдылығына жету жөніндегі шараларды әзірлеу мен енгізу және валюта рыногын дамыту.