
- •18.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •24.Бағалы қағаздар рыногындағы қаржылық аспектілер
- •22.Жалпы және мемлекеттік борыш
- •3.Қаржыны басқару ерекшеліктері: ұғымы, қағидаттары, элементтері
- •7.Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі және оның сипаттамасы
- •8.Қазіргі жағдайлардағы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру
- •9.Қоғамдық тауарлар мен қызметтер өндірісіндегі қаржының рөлі
- •11.Қаржы экономикалық категория ретінде
- •12.Қаржылық бақылауыдың объективтік қажеттігі, қазіргі жағдайлардағы оның қағидаттары, міндеттері және рөлі
- •13.Қаржылық ресурстар: ұдайы өндірістің көздері және өсу факторлары
- •17.Қаржылық механизімнің құрамы мен құрылымы
- •21.Қаржы саясаты Қаржылық саясат –
- •25.Қазіргі кездегі қаржы рыногына сипаттама
- •30.Қазақстан дамуының стратегиялық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз ету
- •Кккккккк
- •15.Кірістер мен шығыстар жүйесіндегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің сызбасы
- •4.Мемлекеттік кредит оның нысандары және әдістері
- •14.Мемлекеттік қаржы: ұғымы, құрамы, функциялары
- •20.Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •29.Мемлекеттік борыш.
- •23.Рыноктық жүйедегі қаржылық жоспарлау
- •2.Ұдайы өндіріс үдерісіндегі үй шаруашылықтары қаржысының рөлі
- •5.Ұдайы өндірістік үдеріс және оның стадияларының сипаттамасы
- •1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының табиғаты, негізгі белгілері және функциялары
- •6.Шығыстардың, салықтардың, балансталған бюджеттің мультипликаторы
- •26.Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының ерекшеліктері
- •27.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің капиталы (өндірістік қорлар)
- •16.Экономика және қаржыны макро деңгейде реттеуде батыстың экономикалық теориялары
- •19.Фискалдық саясат және оның ерекшеліктері
БББББ
18.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Бюджет жүйесі мемлекеттің бүкіл қаржы жүйесінің маңызды құрама бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық санат ретінде мемлекеттің заңды, жеке тұлғаларымен, орталықтандырылған қаржы қорын – бюджеттерді құры мен пайдалану, оларды құру мен орындау әдістері мен тәсілдері бойынша аймақтармен жасалатын қаржылық қатынастар жиынтығы және осы қатынастарды басқарушы органдар жиынтығы болып табылады. Басқаша айтқанда, бюджеттік жүйе деп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының және бюджеттерінің барлық деңгейлерінің, сондай-ақ, экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген бюджет үдерісінің және бюджеттік қатынастардың жиынтығын айтамыз.Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.Бюджет жүйесі –бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.Бюджет құрылысы – бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары.Бюджет құрылысының дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айырықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізді түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті, федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да – жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер.Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерді екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ әдеттегідей әлеуметтік – экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.Біздің еліміздің бюджет жүйесі құрылымының унитарлық типімен анықталады, себебі Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік – парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.Қазақстан Республикасында ҚР жаңа Бюджеттік кодексінің 6-шы бабына сәйкес бюджет жүйесіне бюджеттердің келесі түрлері мен деңгейлері енгізілген:-мемлекеттік бюджет;-республикалық бюджет;-облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері;-ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.