
- •Зерттеу проблемасының қазіргі күйінің сарабы
- •Зерттеу жұмысының қажеттілігіне негіздеме
- •Зерттеу тақырыбының өзектілігі
- •Патенттік зерттеулерді айқындау
- •Патенттік зерттеулер мен оның қорытындысы
- •Зерттеудің мақсаты
- •Зерттеудің жаңа ғылыми негізделген эксперименттері
- •Зерттеудің практикалық маңыздылығы
- •Қолданбалы мәні бар мәліметтер: алғашқылығы айқындалған - 3 Патенттері және 2 Алдын ала Патенттерді ресми түрде растайтын құжаттары диссертация қосымшаларына енгізілді.
- •Диссертациялық жұмыстың негізгі тарауларына қысқаша шолу
Диссертациялық жұмыстың негізгі тарауларына қысқаша шолу
Автор өзінің кандидаттық диссертациясы: «Совершенствование школьного физического эксперимента на основе применения оптического квантового генератора на уроках физики» (орыс тілінде жазылды) докторлық диссертациясымен үндес болғандықтан қайталауды болдырмау мақсатта орта мектеп физикасындағы «Оптика» бөлімінің әдістемесі мен көрнекілігі қарастырылмайтынын ескерте кетуді жөн көрді.
Зерттеу жұмысының кіріспесінде диссертацияның таңдалған тақырыбының өзектілігін екендігін дәлелдейтін субъективті пікірлерді, деректерді, объективті айғақтарды және тағылыми пайымдауларды негізге ала отырып анықталып, Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің 10-тармағына сәйкес автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерін растайтын авторлық куәліктер мен патенттер қажеттілігі туындады. Кіріспеде патенттік зерттеулермен олардың қорытындылары тұжырымдалды.
Зерттеудің бірінші бөлімінде болашақ физика пәні мұғалімдерін кәсіби дайындаудың дидактикалық шарттары көрсетілген. Бұл бөлімде зерттеудің методологялық және теориялық негіздері анықталып, іргелі тұжырымдары пайымдалды. Орта мектеп экспериментінің түрлері мен зерттеу әдістері сыныпталып, сараланып белгілі бір әдістемелік жүйеге ендірілді. Физиканы оқыту экспериментінің маңызы мен оның пайдалану жолдары тақырыбының 2-тақырыпшасында баяндалады. Онда қазіргі мектеп экспериментінің жағдайына сәйкес талаптар анықталып, оны жаңарту, жақсарту шаралары белгіленді. Бірінші бөлімнің 3-тақырыпшасында Физиканы оқытудың шарттары мен талаптары анықталды.
Зерттеудің екінші бөлімінде болашақ физика пәні мұғалімдеріне Механика мен Молекулалық физика тақырыптарын оқытуда физикалық экспериментті жетілдірумен көрнекілік принципін жүзеге асыру мүмкіндіктері зерттелді. Кинематика негізін оқытуда «Ілгерлемелі қозғалыс» тақырыбына бұрын соңды көрнекіленбеген тәжірибелер қойылып, «Түзу және қисық сызықты қозғалыстардың» анықтамалары тұжырымдалды. Осы зерттеудің жалғасы ретінде «Заттың агрегаттық күйлерін» оқыту әдістемесі сарапталып, жаңаланып көрнекіліктермен пайымдалды.
Зерттеудің үшінші бөлімінде болашақ физика пәні мұғалімдеріне 10-сыныптағы электрстатика тақырыбы Электрдинамиканың бастамасы ретінде қарастырылып, ол әртүрлі ортадағы электр тогы тағылымымен жалғасты. Әртүрлі ортадағы электр тогы кең көлемде пайымдалып, көрнекілік мақсаттар пайдаланылды. Бұл бөлімнің бірі тақырыпшасында оқулықтың Электрмагниттік индукция тарауы тәжірибелер арқылы сипатталып, әсерлі тәжірибелермен толықтырылды. 11-сыныптың физикасындағы электрмагниттік индукция құбылыстарының жалғасы сараланып, көрнекі, тың, өнертабыста Патент алған тәжірибелер көрнекіленді. Электрмагниттік тербелістер мен толқындар тақырыбы әдістемелік өзгерістерге ендірілді. Педагогикалық эксперимент, қорытынды және дерек көздері келтірілген.
Диссертация құрылымы кіріспеден, негізгі 4 бөлімнен, 27 суреттерден, 1таблицадан, қорытындыдан, қосымшадағы өнертабысқа берілген ҚР және РФ ведомстволары алғашқылығын анықтаған - 3 Патенттермен 2 Алдын ала Патенттерден, 146 пайдаланған әдебиеттер тізімінен, 2 ендірме-АКТ, 12 қосымшалардан тұрады. Орындалған диссертациялық зерттеу көлемі 245 бет, жұмыстың жалпы беттерінің саны 258.