Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.01 Кб
Скачать

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

«Болашақ физика мұғалімдеріне кәсіптік білім берудің дидактикалық негіздері» деп аталып, іргелі де, әлеуметтік маңызы зор, зерделік өркениетті даму процесіндегі қолданбалы мәні бар дидактика принциптерінің бірі болып қалыптасқан – «нақты бейнекөрініс пен абстракциялық ұғымдар бірлігі» жоғары мектепте физиканы оқыту проблемаларының жүйелі шешілуіне негізделген ғылыми зерттеулерді болашақ физика мұғалімдерінің кәсіптік білім беру мәселесіне арналып, оның мазмұны дидактиканың нақты ғылыми бағыттарының дамуындағы ірі жетістігі болып табылатын, ғылыми негізделген эксперименттік нәтижелерді қамтитындығы, ізденістің өзектілігін анықтады.

Диссертациялық зерттеу мәселелерінің қарама-қайшылығымен қатар анықталмай жатқан әдістемелік заңдылықтар да бар. Мысалы: жоғары оқу орындарында болашақ физика пәні мұғалімдеріне мектеп физикасын оқыту әдістемесінің тәжірибелері одақтың ыдырауынан бастап-ақ дамуы қарқынсыз болып отыр. Осы диссертациялық жұмыстың зерттелуі барысында жүргізілген талдаулар біздің мектептеріміздегі физика сабағының көрнекілігі де әлемдік оқыту технологиясына сай дами алмай келе жатқандығын аңғартты. Физика сабағының көрнекілігін жаңаша жетілдіру проблемалары орындалмай келеді. Осы проблемаларды шешу жолында келесі инновациялық өнертабыс зерттеулерін орындау қажеттігі туындады.

Патенттік зерттеулерді айқындау

Келтірілген қарама-қайшылықтар салдары мен тақырып ерекшелігі болашақ мұғалімдерге кәсіби білім беру негізінде мектептегі физика сабағының әдістемелік дамуы физикалық көрнекілікке тәуелді болуы, ЖМФЭ жаңарып, жаңғырмағандығы, оқытудың технологиялық жабдықтарының жоқтығы, физикалық тәжірибелердің көне үлгілерінің жаңа технологиялық өзгерістерге ене алмай отырғандығы мектептің физикалық экспериментін әсерлі жетілдіру, физиканы оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру, диссертацияда өзекті проблемаларды зерттеу арқылы автордың өзі орындап, ұсынып отырған: - Париж конвенциясына қатысушы елдердің «нақты эксперттік» тұжырымдарымен “алғашқылығы айқындалған” өнертабыстардың Патенттік құжаттары ЖАК-тың Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің 10-тармағына сәйкестігі және автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің практикада қолданылуы туралы мәліметтер жарияланған ғылыми-әдістемелік мақалалар мен физика пәнінен оқушыларының республикалық ғылыми жарыстарында І-дәрежелі дипломмен марапатталуы (12-қосымша) айқындады.

Патенттік зерттеулер мен оның қорытындысы

Болашақ физика пәні мұғаліміне мектеп физикасын оқыту әдістемесінің оқу бағдарламасына сәйкес күрделенуіне бастағанын, еліміздің 2005-2010 жылдар аралығында қабылданған ұлттық бағдарлама бойынша кәсіби білім беру мен мамандарды дайындаудың деңгейін БҰҰ: ЮНЕСКО және МОТ межелеріне сәйкес болашақ мұғалімдерге кәсіби білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігі аумағына кіріктіру мақсатында шешу негізделіп отыр.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша өзіміздің оқу орындарымызда МФЭ-де өзгерістерге ұшырауымен бұрынғы оқыту көлеміндегі физик-әдіскерлерінің жүргізген физикалық эксперименттері барысында мектеп физикасының зертханалық тәжірибелеріне көптеген қондырғылар, құрылғылар, аспаптар оқу әдістемесіне көмекші оқу құралы ретінде ене бастады. Кейбір аспап-құрылғылар құрылымдарының ескіргендігінен оқу қажетіне жарайтындығын дәлелдей алмады.

Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің физика кафедрасының зертханасында болашақ физика пәні мұғаліміне мектеп физикасын оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру мақсатында жүргізілген диссертациялық ізденіс автордың өз ынта-жігерімен эксперименттер қою арқылы өнертабыстарға қолы жетті.

Автор иеленген патенттік зерттеулер қорытындысы: диссертацияға қолданбалы мән беретін және дидактиканың көрнекілік принципін жүзеге асыру талабына сай зерттеулері үшін Ресей Федерациясының Евразиялық Патент ведомствосынан нақты сараптан өтілген, автордың жеке өзіне қатысты, алғашқылығы айқындалған 2 Патент, ҚР Патент ведомствосынан – 1 Патент және 2 Алдын ала Патенттер сарапталып, олардың қорытынды сипаттамалары диссертацияның қосымша бөліміне ендірілді. Олар:

1. №9465 Алдын ала Патент. Құйынды токты өлшеуге арналған аспап,

01.03.2000, (19) КZ (13) А (11) 9465; (51)6 G09В 23/18. Өнертабыс оқу құралы санатына жатады. Мектеп оқулығындағы құйынды электр өрісі тақырыбын оқытуда қатты денелерден өтетін ток салдарынан пайда болатын құйынды токтардың формасы және ток күші анықталады. Бұл аспап құйынды токты қатты денелерде өлшеуге болатынын ең алғаш анықтап отыр. Бұл аспаптың аналогы жоқ.

2. № 86 Патент. Физиканы оқытудың көрнекілік құралы, 08.04.2002 жылы, (19) КZ (13) U (11) 86; (51)7 G09В 23/06. Пайдалы модель оқу құралы ретінде 9-сыныптың Кинематика негіздері бөлімінің «Ілгерлемелі қозғалыс» тақырыбын оқытуда көрнекілік құрал ретінде пайдалануға болады. Бұл құралдың аналогы жоқ.

3. № 9465 Патент. Құйынды токты өлшеуге арналған аспап, 01.03.2000 жылы, (19) КZ (13) А (11) 9465; (51)6 G09В 23/18; Бұл аспап Москва қаласынан нақты сараптан өткен, аналогы жоқ деп танылған.

4. № 13196 Алдын ала Патент. Сұйық өткізгіштердегі құйынды токты өлшеуге арналған аспап, 22.11.2005 жылы, (19) КZ (13) А (11) 13196 (51)7 G09В 23/12, G09В 23/18. Қазақстанда алғаш рет құйынды токтардың сұйық өткізгіште болатындығын анықтаған аспап. 11-сыныпта «Құйынды электр өрісі» тақырыбын көрнекілеуге арналған.

5. № 13196 Патент. Сұйық өткізгіштердегі құйынды токты өлшеуге арналған аспап, 22.11.2005 жылы, (19) КZ (13) А (11) 13196 (51)7 G09В 23/12, G09В 23/18. Бұл Патентпен ең алғашқы болып анықталған жаңалық, ол магнит ағынының сұйық электр өткізгіштерден өткенде құйынды электр тогын тудыратындығы бұдан бұрын эксперимент жүзінде дәлелденбеген, құйынды токтың шамасы өлшенбеген. Сұйық өткізгіштің бойынан өткен магнит ағынының өзгерісі сұйықта құйынды электр өрісін индукциялап, ол өріс өз тарапынан құйынды электр тогын тудыратынын осы Патент арқылы дәлелдеген диссертация авторы студенттерді 11-сынып оқулығындағы «құйынды электр өрісінің» тақырыбын оқытуда көрнекілік сапасының артатынына көз жеткізді. Автордың ғылымға қосқан жеке үлесін жарияланған әдістемелік-мақалалардан, республикалық ғылыми жарыстар дипломдарынан және т.с.с. көптеген еңбектерінен тануға болады.

Жоғарыда келтірілген Патент жаңалықтары Қазақстан мектептерінде кеңінен қолданы табуда.