Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.01 Кб
Скачать

Зерттеудің практикалық маңыздылығы

Болашақ физика пәні мұғалімдеріне орта мектепте физиканы оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асырудың бірден-бір мүмкіншілігі, жоғарыда келтірілгендей, алдымен материалдық жабдықтарды дайындау болып табылады. Физика кабинетіндегі жарамсыз көне аспаптарды мүмкін болғанынша қайта жөндеуден өткізіп іске қосқан дұрыс. Осы диссертация зерттеулерінің барысында ашылған жаңалықтардың, өнертабыстар материалдарын іс жүзінде пайдаланып, қондырғыларды студенттер өз қолдарымен жинап, бұл іске оқушыларды да араластырған дұрыс. Оқу процесінің зерттеу міндетінің орындалу мүмкіншіліктеріне байланысты болуының себебі студенттерге өтілетін сабақтың негізгі мәнін көрнекілік тәжірибелерден алып, орындалады. Оған жалғыз көрнекіліктің жетілдірілуі қажетті нәтиже бермейді. Көрнекілік сипатына қоса сабақ мазмұнын дәлелді, шындалған әдістемелік түсініктер қажет. Жаңа әдістемелік тұрғыда дайындалған эксперименттік көрсетілімдер студенттер жадына қонымды олардың тұжырымдамалары оқыту сапасын көтереді, тақырыптың негізгі арқауы ойда ұзақ сақталады.

Зерттеудің методологиялық негізін философия, психология және педагогика ғылымдарының жалпылама негіздері, қоғамның даму бағытының зерттелуі, педагогикалық теориялардың бастауыш ілім жүйелері, педагогикалық құбылыстарымен әдістер зерттеулерінің талқылануына қолайлы қағидалары, сондай-ақ тәрбие мен оқу, білім беру тәжірибелеріне игерілген ілімді қолдану жолдары құрайды. Жоғары оқу орындарында мектеп физикасын оқыту әдістемесі сабағында оқытудың көп жақты сипатымен қойылған мақсат және шешілетін мәселелер жиынтығы жетілген зерттеу әдістерін талап етеді.

Осыған орай зерттеу әдістерін анықтау қажеттігі туындады:

- пән бойынша жасалған оқу бағдарламасы және оқулықтармен танысып, әдістемелік құралдарды сараптау;

- орта мектеп физикасының оқытылу сапасын анықтау;

- тақырыптық анықтамаларды тұжырымдау әдістерін саралау;

- зерттеу тәжірибелерін жүргізу;

- зерттеу нәтижесін бағалау жұмыстарын жүргізу қажеттіктері туындады.

Ғылыми – зерттеу жүргізілген орын Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикасы институтының Физика кафедрасының № 224 - зертханасында атқарылып, №126, №136 қазақ орта мектептерінде студенттердің педагогикалық дағды кезіңдерінде таңдап алынған тәжірибелер сабақ мазмұнына ендіріліп, оның анықтаушы бөлігі етіп қабылданды. Автордың қол жеткізген ғылыми-әдістемелік және техникалық нәтижелерінің пайдаланғаны жайында мәліметтер диссертацияда енгізілген.

Диссертацияның негізгі мазмұны мен нәтижелері 51 ғылыми, ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік журналдарда, өнеркәсіп меншігі ресми бюллетендерінде, Қазақ Ұлттық энциклопедияларға –2009ж. – 13 мақала ендіріліп, басқа да жинақтар мен басылымдарда жарық көрді.

Қолданбалы мәні бар мәліметтер: алғашқылығы айқындалған - 3 Патенттері және 2 Алдын ала Патенттерді ресми түрде растайтын құжаттары диссертация қосымшаларына енгізілді.

Диссертациялық жұмыстың түйіні ретінде туындаған болашақ физика пәні мұғалімдеріне кәсіби білім берудің негізгі мәселелерінің келесі жобалары қорғауға ұсынылады;

- кейбір орта мектептердің техникалық жабдықтарының азайып, тозығы жетіп, істен шығып қалуына байланысты диссертациялық зерттеулерде көрсетілген, болашақ мұғалімдердің өз қолдарымен аспаптар жасау мүмкіншіліктері ескеріліп, олардың орындауына берілген ұсыныстар жобасы;

- ұсынылған аспаптар мен көрнекілік тәжірибелерді пайдалану тәсілдері;

- зерттеу барысында іріктелініп алынған көрнекілік тәжірибелерінің жаңа әдістемелері;

- пайдаланған тәжірибелерге сәйкес тақырып бойынша құрылған сабақ мазмұнындағы физикалық тағылымдарды оқыту әдістемесі;