Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.01 Кб
Скачать

Зерттеудің жаңа ғылыми негізделген эксперименттері

Болашақ мұғалімдерге мектеп физикасын оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асырудың әдістемелік негіздерін заманымыздың өркениетті даму кезеңіндегі ғылым мен техника жетістіктерінің алғы шебіндегі технологиялық процестердің үдей жетілуі орта мектептің физикалық экспериментінің жаңарып, күрделенуін талап ететінін еске ала отырып, диссертацияның бір мақсаты етіп қойылған, зерттеу барысындағы ашылған жаңа тәжірибелер тізімі

1) Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика пәні мұғаліміне орта мектеп физикасын оқытуға арналған оқулықтарындағы анықтамалардың қайта тұжырымдалып, оқушы түсінігі мен еске сақтау жадына бейімделіп, қысқартылып және физикалық мәндерінің айтылымы ықшамдалып, қайта жазылды.

2) Мектептің физикалық экспериментінде пайдаланған, бірақ қазіргі әдістемелік сұранысқа сай келмейтін жаңа, модернизациялық өңдеулермен, жаңа модельде орындалған аспаптар жасалып шығарылды.

3) Жоғары мектептің оқу экспериментінде физиканы оқыту әдістемесінің көрнекілік технологиясымен дидактикалық бірлігі дәлелденді.

4) «Ілгерлемелі қозғалыс» тақырыбын оқытуда пайдалануға арналған: «Физикадан көрнекі оқу құрал» - атты №86 Патент алынды.

5) Қазіргі орта мектеп оқулықтарында механиканың кейбір қозғалыстар анықтамасы дұрыс берілмегендіктен, «Түзу және қисық сызықты қозғалыстың салыстырмалы анықтамалары» енгізілді.

6) Ресей және Қазақстан орта мектеп оқулықтарындағы физикалық термин - «қозғалыс жылдамдығы» дұрыс ұғынылуы үшін оған анықтап, «дененің» не «бөлшектің» деп қосылып айтыла оқылуы керек екені дәлелденді.

7) «Жылдамдықтар» тақырыбына арналған тәжірибе үшін бұрын-соңды ескерілмеген тәсілді пайдалана отырып, мектептерде бар автомобиль моделінің дөңгелегіне ойыншық двигателі арқылы жалғанған көрнекілік гальванометрді біріктіріп, жылдамдықты анықтайтын қондырғы жасалды.

8) Үдеуді өлшеудің жетілдірілген тәжірибесі жасалып, оған жаңа әдістемелік тәсілдермен ерекшеленген электрмагниттік индукция құбылыстары пайдаланып қондырғы жасалды.

9) Максвелл маятнигі арқылы көрнекіленетін тербелістер әдістемесіне қоса, сол маятникті д'Аламбер және Лагранж принциптерімен оқушыларды таныстыруға болатындығын анықтау ұсынылды.

10) Сұйық бетінде таралатын толқындардың геометрия заңдарына байланысты болатынын оқушыларға көрнекілеуге арналған қондырғыға органикалық шыны жолағынан иіп, эллипс формасына келтіріп жасалған фигураны астаудың айналы бетіне құйылған суы бар тегенеге горизонталь орналастырып, фокустың бірінде қоздырғыш арқылы таралған толқындардың эллипстің ішкі қабырғаларынан шағылып, оның екінші фокусына барып жиналатыны анықталды.

11) «Броундық қозғалыс» тақырыбына жете мән беріліп, оның тарихи мәліметтері баяндалып, проблема ретінде қарастырылды. Анықтамалары жаңа түрде тұжырымдалып, тәжірибелік аспабы модернизацияланды.

12) Электрмагниттік индукцияның Фарадей тәжірибелері қайта жасалып, әсерлі формада, оқытушыныңтәжірибеге тікелей араласынсыз, 1-2 метр аралықта тұрып, көрнекілік кезінде әдістемелік баяндау жүргізуіне болатындай етіліп құрылды. Бұл тәжірибелерде Лоренц күші мен пондермоторлық күш жеке-дара көрнекіленеді.

13) Магнит индукциясы ағынының тұйық тізбектен өтуі кезіндегі, тізбекте ЭҚКі салдарынан ток жүріп, контурға тізбектей жалғанған лампочка жарықтанып, тұйық контурда ток жүргенін аңғартады.

14) Жаңа әдістемелік тұрғыда жасалған «Электрмагниттік индукция құбылысы» - атты Максвелл теңдеулерін оқып үйренуге арналған стенд-плакат жасалып, мектепке кеңінен таратылуда.

15) «Қағбаның қара тасы» атты жаңа эвристикалық тәжірибе ұсынылды. Онда құйынды электр өрісінің физикалық қасиеттері ұғындырылады. Қағбаның киелі тасының бейне көрінісі 19,20-фото-суреттер.

16) «Құйынды токты өлшеуге арналған аспап» - атты №9465 Патенті көрнекіленеді.

17) «Сұйық өткізгіштерде құйынды токты өлшеуге арналған аспап» - атты №13196 Патент көрнекілікке ұсынылады.

18) Электрмагниттік индукция құбылысы мен Электрмагниттік толқындар макеттерінің үлгі көріністері - а) тогы бар катушка айналасындағы магнит өрісі; б) ортогональ жазықтықтарда таралатын «Қума толқындар» оқу процесінде оқушылардың көз алдарында көлемді түрде елестету мүмкіндігін тудырады.

19) Холл эффектісін мектеп бағдарламасына ендіру мүмкіндігін дәлелдейтін тәжірибелер қойылымы.

Патенттермен орындалған оқушылардың эксперименттер 2010ж. республикалық ғылыми жарысында І-дәрежелі дипломға ие болды.