Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.01 Кб
Скачать

Зерттеудің мақсаты

Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика пәні мұғалімдерін даярлауда мектеп физикасын оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асырудың әдістемелік негіздерін саралау.

Зерттеу мақсатына жету жолында диссертацияның орындалуымен анықталатын болжам – егер жоғары педагогикалық оқу орындарында мектеп физикасын оқытудың көрнекілік жүйесі:

- жетілдірілген бағдарламаға сәйкес өткізілсе;

- әдістемелік және технологиялық нұсқаулар көмегімен көрнекілік тұрғыда өткізілсе;

- жоғары педагогикалық оқу орындарының зертханаларында мектептерге арналған оқытудың ең жетік техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілсе;

- жоғары педагогикалық оқу орындарында мектепте физиканы оқыту әдістемесі пәнінің оқытушыларына арналған ғылыми-техникалық білік-дағдыларын жетілдіру курстарының жұмыстары одан әрі жанданса, техникалық қауіпсіздік әрекеттері толық орындалса, болашақ физика пәні мұғалімдеріне кәсіби білім беру қағидасы орындалады.

Зерттеудің нысаны: болашақ физика пәні мұғалімдеріне кәсіби білім беруде орта мектеп физикасын оқыту процесі.

Зерттеу пәні: болашақ физика пәні мұғалімдеріне кәсіби білім беруде орта мектепте өтілетін физика сабағын оқыту әдістемесі мен көрнекілік технологиясын жетілдіру.

Оқытудың физикалық экспериментінің тәжірибелерін жетілдіру үшін жаңа тұрғыдағы әдістемелік зерттеулер мен педагогикалық технологиялар қолданылады.

Болашақ физика пәні мұғалімдеріне орта мектептің физика курсын оқытуда дидактиканың көрнекілік принципін жүзеге асыру одақтық тәуелділік жылдары бойында әдістеме сұранысын қанағаттандырып келген физикалық эксперименттердің қондырғыларын қазіргі ғылыми-техникалық, дидактикалық және әдістемелік негіздері тұрғысында жетілдіру, олардың жаңа технологиялық өзгеріске енген, оқу процесінің тәжірибелерінде тексерілген, студенттерге эстетикалық тәрбие бере алар үлгілерін ұсынып, студенттердің мүмкін болғанынша өз қолдарымен жасай алатын құрал-жабдықтардың нұсқаларын ұсыну барысында зерттеудің келесі міндеттері жүктеледі:

  • Әр сабақ және сабақтар жүйесі педагогикалық экспериментке сәйкес жобалау, сәйкес әдістемелік зерттеулер, технологиялық қойылыстар жоспарлау;

  • Сабақта игерілетін тағылымдарды тұжырымдау;

  • Көрнекілік тәжірибелері іріктеліп алынып, олардың педагогикалық экспериментте технологиялық қойылыстарын анықтау;

  • Жетекші тақырыптардан негізгі заңдар мен құбылыстарға арналған тағылымдарды студенттер есіне қайта түсіріліп өтетін тәжірибелер дайындау, аса қажетті дегендерін сұрыптап, педагогикалық экспериментте сынауға дайындау.

Зерттеу міндетін орындауда келесі оқу жоспары анықталды:

  • Болашақ физика пәні мұғалімдері үшін орта мектеп сыныптарының әрбір сабақтарына педагогикалық эксперименттің мүмкүндігін анықтай отырып, көрнекілік тәжірибелер сұрыптап, әдістемелік зерттеулерін анықтап, тағылымдық тұжырымдарын саралау;

  • Педагогикалық эксперимент тәжірибелеріне қажетті техникалық құрал-жабдықтар сұрыптап, қолдануларының қауіпсіздігін тексеру;

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз

ететін болжамды тексеру үшін келесі міндеттерді орындау дұрыс деп ұйғарылды:

  • Оқытудың физикалық экспериментін жетілдіру мақсатында орта мектеп көлеміндегі сабақтардың мазмұнымен студенттерді таныстыру;

  • Орта мектептердегі бар техникалық жабдықтарды сараптау;

  • Болашақ мұғалімдердің білім, білік деңгейлерін саралау;

  • Педагогикалық тәжірибе өткізілетін, сұрыпталып алынған мектептердің жабдықталынуына атсалысу.