
- •Зерттеу проблемасының қазіргі күйінің сарабы
- •Зерттеу жұмысының қажеттілігіне негіздеме
- •Зерттеу тақырыбының өзектілігі
- •Патенттік зерттеулерді айқындау
- •Патенттік зерттеулер мен оның қорытындысы
- •Зерттеудің мақсаты
- •Зерттеудің жаңа ғылыми негізделген эксперименттері
- •Зерттеудің практикалық маңыздылығы
- •Қолданбалы мәні бар мәліметтер: алғашқылығы айқындалған - 3 Патенттері және 2 Алдын ала Патенттерді ресми түрде растайтын құжаттары диссертация қосымшаларына енгізілді.
- •Диссертациялық жұмыстың негізгі тарауларына қысқаша шолу
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен байланысы
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы тұрғысында белгіленген негізгі міндеттердің бірі – «... осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялармен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу.
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиіспіз» [1]. Елбасы 2010 стратегиялық жоспарын іске асыру – ел дамуының аса маңызды шебі ретінде Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.
Білім берудің мазмұны мен құрлымын отандық дәстүрлердің, әлемдік тәжірибемен орнықты даму принциптерінің негізінде жаңарту, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын күшейту, 12 жылдық орта жалпы білім беруге көшу міндеттері де ескеріліп, оқыту мен білім берудің теориясы ретінде мойындалған дидактиканың негізгі принциптерінің бірі оқытудың көрнекілігін жүзеге асыру мақсаты да жүктелді [2].
Елімізде білім берудің 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыда шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіндіруге оның нәтижелері үшін жауап беруге кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қаблетті маманды қалыптастыруды, тегін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны» айтылған [3].
Халықтық реформаларға сәйкес «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында айтылған деректерге сәйкес [4] Еліміздің болашақ жастарымызды оқытып үйретер мұғалімдер алар білім, білік және ебдейлік қазіргі өркениеттің қарқынды дамуында физика пәні арқылы техника тілін ұғындыру мектептің физика пәнін оқыту арқылы жүзеге асыру - зерттеуіміздің ғылыми-әдістемелік негізі бола отырып, дербес дидактика ретiнде әрбiр оқу пәнiне байланысты бiлiмнiң сұрыпталып, жүйеленген қағидаларын, мазмұны мен әдiсiн, материалдық және рухани мәдениетiмен оқу-тәрбие процесiнiң ұйымдастырылу барысындағы қойылатын мақсаттарын орындауға негiзделген iлiм. Дидактика, өз тарапынан педагогиканың сабақтас ғылыми бөлiгi ретiнде айқындалды. Жоғарғы мектеп дидактикасының тақырыптық мәнi – тәрбиемен тығыз байланысты болып отыратын бiлiм мен оқу процесiнiң теориясын қамтиды. Оның ғылыми дидактика ретiнде қалыптасуына өзiнiң басқа ғылымдармен етене байланыса отырып, тарихи дамуы себеп болған, өркениетті болашақтың негізін қалайтын арналы ғылыми бағыт. Бұл жолда еліміз «...әлемдегі бәсекеге барынша қаблетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының» мүмкіндігі туады [5].
Болашақ мамандарды жоғарғы мектеп дидактикасының ғылыми тұрғысындағы оқыту мен білім беру ауқымын зерттеу объектісі болып танылып, педагогика ғылымында танымал ғалымдардың еңбектерімен сарапталып, сапаланып жетілу үстінде. Қазіргі таңдағы Жоғарғы мектеп дидактикасының ғылыми зерттеулерінің негізі болып танылған Қазақстан ғалым-педагогтарының қатарын айқындағандар – Ш.А. Абдраман [9], Т.С. Садықов, А.Е. Абылқасымова [11], Ш. Таубаева [12] және т.б. еңбектері дидактиканың ғылыми даму процесін үдетті. Осы диссертациялық зерттеулер бағыты тұрғысында еңбек еткен ғалымдар да бар, олар - Б.Т. Кенжебеков [6], С.Т. Каргин [10] Б.Д. Сыдықов, Г.Б. Әлімбекова, А.Б. Каримова, М.С. Молдабекова [13], О. Мұсабеков [14], С.С. Маусымбаев [18] және т.б.
Жалпы дидактикалық принцип ұғымы – дүниетану мен табиғи өзгеріс процестерінде немесе өнер мен ғылымның белгілі бағытын аңғартатын және сабақтастыратын, олардың жиынтығының түп негізі ретінде байқалатын ғылыми танымның ерекшелік нысаны. Әдебиетте, ғылым саласында – ереже, іргетас, басшылық идея, басты делінген ұғымдарды пайымдайды. Ғылыми тұжырымдарда дәнекер буын, құбылыстардың қажеттілігін немесе заңдылық көрінісін ашатын педагогикалық білім [31]. Педагогиканың тарихи даму кездерінде туындаған дидактика принциптерiне оқу процесiнiң мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдiстерiнiң заңдылықтары және жалпы мақсаттары арқау болды [20]. Бұл қағидалар белгiлi бiр педагогикалық заңдылықтармен жүзеге аса отырып, педагогика тәжiрибесiмен бiте қайнасып, қалыптасты. Әлеуметтiк қажеттiлiк ескерiлмей, саяси дүрбелеңнен туған кейбір жасанды қағидалар заман ағымына iлесе алмай, ығысып қалып отырды. Әсiресе қажеттiлiгi жете танылмаған реформалық өзгерiстер оқу, бiлiм беру саласына көп залал келтiріп келеді. Білім жүйесінде жасалатын әрбір реформа, егер ол дара тұлғаның ынта-жігерімен жасалмай, халық талғамынан туған педагогика, психология шарттарының әлеуметтік дамуы барысындағы тарихи бетбұрыс қажеттілігінен туып және алдыңғы, прогрестік даму бағытында болып өткен білім берудің іс-шараларының әрбір кезеңімен өмір айналымындағы білім заңдылықтары сарапталынып, болашақ факторлармен байланысы айқындалып құрылғанда ғана білім беру жүйесі одан әрі жетілдіріліп, білім беру мен оқытудың ұлттық доктринасы жүзеге аса алады.
Көрнекілік – оқыту процесінде заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бейнесін, әр түрлі өзгеру құбылыстарын оқушының сезім мүшелері арқылы сезініп, қабылдауға мүмкіндік тудыратын дидактикалық принцип [43].
Дидактика педагогиканың бiлiм беру мен оқыту теорияларының құрылымы болып танылған iлiм. Дидактика терминiн алғаш рет қолданысқа ендiрген немiс педагогi В.Ратке «оқыту өнері» ұғымы баламасына пайдаланған. Бұл ұғымның қолдану ұстанымдары бiлiмдiлiк, шеберлiк [70], дағдылық және наным (парасат-сезiм арқылы iске асатын, оқытудың заңдылықтарын қалыптастыруға негiзделiнген түсiнiк) атрибуттары оқытудың мазмұнын, құрылымын, әдiсiн және ұйымдастыру түрлерiн зерттей отырып, оқытудың нақты процестерiн, өзара байланыс заңдылықтарын анықтап, негiзiн сараптап, оларды жетiлдiру бағытын жобалауға мүмкiндік береді. Дидактиканың ғылыми-теориялық мақсаты - оқытудың нақты процестерiн зерттей, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтарын аша отырып, педагогиканың даму болжамы мен бағдарын сараптауға мүмкіндік тудырады. Дидактика оқытудың тұрақталған принциптерін негiзге ала отырып, бiлiм берудiң мазмұнын, оқытудың әдiсi мен тәсiлдерiнiң іс жүзінде пайдалану заңдылықтарын, жетiлдiру жолдарын жобалайды. Зерттеу жұмысымыздың бастамасы ретінде «дидактиканың принциптері» мәселесі де қарастырылады.
Дидактика негіздері теориялық және қолданбалы ғылымдар санағына енгендiктен оның принциптер ұғымы екi жақты мағына қабылдайды. Бiрiншiден принциптер - теориялық жалпылама ереже болып танылса, екiншi жағынан - педагогикалық заңдылықтардың практикалық нұсқауы ретiнде қабылданады.
Зерттеу проблемасының қазіргі күйінің сарабы
Осы диссертациялық жұмыста өзектi мәселе болып табылған, педагогикалық заңдылықтардың практикалық нұсқауларының бiрi ретiнде – Болашақ физика пәні мұғалімдеріне кәсіби білім беруде дидактиканың көрнекiлiк принципін жүзеге асыру жолдарының әдiстемелiк негiздерi қарастырылады. Бұл принципті жүзеге асыру жолдарын жоғары оқу орындары даярлайтын болашақ физик мұғалімдерге кәсіби мамандық беру процесімен байланыстырғанды жөн көрдік. Студент шақтан алған білім, ілім жастар жадында нық орын алары сөзсіз. Сонымен бірге студент жастардың техникалық жабдықтарға құмарлығы, құштарлығы және игеру ынталары зор.
Педагогикалық шарттардың (ситуация), iс-дағдылардың қажеттiгiнен туындаған, оқыту принциптерінің iшiндегi ертеректен бастап өз қажеттiгiн мойындатқан көрнекiлiк, ғылымилық, бекемдi біліктілік пен жүйелiлiк принциптерінің оқыту сұрамына сай болмауы, әлi де болса жүзеге аспауы, дер кезінде жүзеге асқанымен де уақыт шарқына төтеп бере алмай, ескіретіні аңғарылады. Ол диалектикалық заңдылық. Осындай қажеттіктерден бастау алған дидактикалық және әдiстемелiк принциптер қазірде жалпы педагогикалық ғылыми зерттеулердiң пайымды арқауы болып танылуда.
Педагогикалық тағылымдарды зерттеушілердің бірқатары: М.А. Данилов 31, М.Н. Скаткин 32, Н.В. Савин 33, Н.А. Сорокин 34 т.с.с. белгілі Одақтық ғалымдар өз еңбектерінде дидактика принциптерін анықтау жолында әрқилы түсiнiктердi пайдаланып келген. Ал қазіргі арналы да, арынды заман қайырылысында дидактика принциптерін ғылыми тұрғыда жіктеу қажеттігі туындауда. Бұған оқыту мен білім беру теориясының, оған қоса оқыта-тәрбиелеу проблемаларының аса күрделенуі себеп болып отыр. Оқытудың Жоғарғы мектеп бағдарламасының жалпы принциптерімен қоса мектеп пәндерiн оқыту әдiстемелерiнiң заңдылықтары да өз шешімін күтуде. Жоғарғы мектептің дидактикалық және әдiстемелiк принциптері деп бөлінген сараптаулар проблемасы арнайы педагогикалық зерттеулердiң үлесiне ауысатындықтан, тек осы диссертациялық зерттеуге сабақтас болған жоғарғы мектепте кәсіби білім беру жүйесінде қолдануға тиесілі дидактиканың шартты 8 түрлі принциптерін жосаққа алу қажет деп табылды. Зерттелгелі отырған көрнекілік принциптің жүзеге асырылу мүмкіндігін зерттеу үшін оның дидактикадағы құрылымының төмендегідей сыныптауларын анықтау қажет болды. Олар оқытудың: ғылымилық, көрнекілік, жүйелілік, пәнаралық байланысы, оқу теориясының еңбекпен байланысы, политехнизм мен кәсіби бағдар беру, пайымдылығы мен дағдылық әрекетін қалыптастыру. Бұл принциптердің өзара байланысы оқу құралында кездестіруге болады.
Зерттеу жұмысының қажеттілігіне негіздеме
Тарихтың сұрамына сай келе алмай, халық мәмлесiнсiз өткен реформалардың өздерi де оқытудың педагогикалық процесi пинциптерінің iрге тасы болған – көрнекiлiк принципінің оқытудың айғақты заңдылығы екендiгiн жоққа шығара алмады. Заман ағымының өзгерiсiне дидактиканың көрнекiлiк принципі ең қажетті деп есептелген оқу мен білім беру теориясының заңдылықтарының бірі болып отырды.
Педагогика (дидактика тұрғысында) адам ойын саналы түрде қалыптастырған, iлгерлемелi ғылыми-зерттеу бағдарымен дамыған, ауқымды, гуманистiк мәнi ерекше зор ғылым екенi белгiлi. Адам өзiнiң тiршiлiк өмiрiмен бiрге қалыптасқан және өркендей дамудың негiзгi құрамды бөлiгi болып танылған педагогиканы, табиғат өнiмiн тiршiлiк қажетiне жұмсауды оңайлататын құрал-сайман, қару-жарақ пайдалануды үйренуден бастап, жазу-сызу, қолөнер мәдениетiн, техниканың ғажайып жетiстiктерiнiң өркендеуiне бiрден-бiр себепшi болған, саналы жанның өркениетi мен ой-санасын жетiлдiретiн астарлы ғылым ретiнде тани білді.
Болашақ мұғалімге мектеп физикасын оқыту әдiстемесi (ФОӘ) дидактика саласындағы ең жетiк дамыған ғылыми бөлiм. Техникалық өркениет қоғам дамуының арқауы бола отырып, физиканың үдей дамуына жетек болса, физика жаңалықтары техниканың жаңғырған процесiнiң бастамасына айналып отырды. Сол себептi де ілгерлеу процесі қоғамның материалдық және рухани деңгейлерiнiң артуы, жастарды жоғары мектеп қабырғасында физикаға баули отырып, бiлiм деңгейiн көтеру қажеттiлiгi мен ғылым бағдарларының саралануы, оқу пәндерiнiң көбеюiне және олардың мазмұндарының тереңдей, күрделене түсуiне жетеледi. Соның салдары ретінде диссертациялық зерттеулерге де ғылыми тұжырымдалған жаңа теориялық немесе эксперименттік нәтижелердің енуі талап етілуде. Ілгерілеу процесі оқытудың мақсат, мазмұны мен әдiстерiн ғылыми тұрғыда қайта тұжырымдалып, жаңартылып, әсерленіп отыруды талап еттi.
Оқыту әдiсi iзденiс пен танымның сараланған түрiнде, iскерлiктi игеру тәсiлдерiмен қолайлы тәжірибе, құнды педагогикалық тағылымдарды басшылыққа ала отырып, жеткiншектердi өмiрдiң қазiргi ақиқатына нұсқайды. Оқыту әдiсiн дамыту педагогикада алғы шептiк мәселелердiң бiрi болып қалып отыр. Ол осы ғылыми-зерттеу жұмысының жетекші иіні ретінде қолданылады.
Болашақ физика пәні мұғалімін оқыту әдiсiнiң жетiлуі барысында жеке пәндердiң арнайы оқытылу ерекшелiктерi қоғам заңдылықтарымен шыңдалып, өмiр тәжiрибелерiмен сыналып, тексерiлген, әлi де болса, уақыт сұрамына сәйкес зерттеудi қажет ететiн, жеке пәндi оқыту әдiстемесi педагогиканың құнды саласы – дербес дидактика деп аталып, ол адамзат өмiрiнiң бiлiм және тәрбие иiрiмiне ендi.
Дидактиканың зерттелу бағыты әрбiр болашақ мұғалімге физика пәнінен кәсіби білім беруде оқытудың заңдылықтарын, мазмұны мен әдiсiн және оқытуды ұйымдастырудың түрлерiн жетiлдiру, оқу-тәрбие жұмыстарын жандандыру процестеріне нұсқайды. Сол ғылыми-әдістемелік бағыттардың бiрi ФОӘ-iн жетілдіру, әрлеу, жаңғырту және жаңалау зерттеліп отырған көрнекілік қағидасының жүзеге асуы болып табылады.
ФОӘ немесе физика дидактикасы [21] педагогика ғылымдарының бiр тармағы ретiнде дидактиканың оқыту заңдылықтары мен категорияларына сүйене және принциптерін жүзеге асыра отырып, тәрбиелеу мақсаттарын орындайды. Студент өз тарапынан дидактика теориясына сүйенiп, қандай принциптерді ұстана, қандай әдiстердi қолдана оқу-тәрбие жұмысын жандандыруға болатынын ұғынады.
Жоғары мектептiң тағылымдық, дағдылық iс-әрекеттерiнде қалыптасқан дидактикалық принциптердің iшiндегi – көрнекiлiк, ғылымилық, жүйелiлiк, пайымдылығы және т.б. – болып тiркескен түрлерi өмiр талқысынан өтiп, жоғары оқу орындарындағы бiлiм саласының айқын кепiлдiгiне ие болды. Аталған дидактикалық принциптердің iшiндегi көрнекiлiк принципі саяси формацияларға тәуелсiз, табиғат заңдылығымен iлгерлемелi бағытта дамып отырды.
Көрнекiлiк принципі оқу жүйесiндегi кеңiнен қанат жайған, әдiстеменiң негiзгi дәйегi болып есептелiп, болашақ мұғалімдерге кәсіби бiлiм беру процесiнде нақты бейнелер, қозғалыс-қимылдар, жанасу сезiмiнiң қабылдау және түйсiну тәрiздi психология атрибуттарымен жарақталған дидактиканың кең көлемдi арнасына айналды.
Жоғары мектепте ФОӘ-нiң парадигмасы болып мойындалған, әлеуметтiк маңызы зор, зерделiк өркениеттiң даму процесiндегi қолданбалы мәнi ерекше саналған дидактика категорияларының бірі – деректiлiк пен дерексiздiк бiрлiгi – логикалық (теориялық) пайымдау мен көрнекiлiк принципінің бірлігі екендігі баяндалған тұжырымдардан айқындалды. Осы принципке пайымдалған ғылыми-әдiстемелiк iзденiстер (оқытудың материалдық-техникалық негiзiнiң тапшылығынан болар) Қазақстанда сирек кездеседi.
Педагогиканың ғылыми мәртебесiн көтеру, оның негiзгi тармақтарының бiрi болып саналатын жоғары мектеп дидактикасының, оның өзiнiң өркендеу дәуiрiндегi қарама-қайшылық бағытта жүргiзiлген идеологиялық құрсаулардан арылғаннан кейiн де, оқыту мен бiлiм беру iлiмiнiң озық принциптерінің бiрi болған – көрнекiлiк принципінің оқу-тәрбие iсiнен ажырамас қағида болып қала беретiндiгiн айқындау үшін тарихи естеліктермен ғұламалардың кемелді тағылымдарын келтіре кетуді жөн көрдік.
Дидактика қағидаларының негізін қалаушылардың бірі, Каменскидің – «...сезіммен сезіліп, қабылданбаған ұғым ойда қалмас...» - деп түюі мен Дистервегтің – «білім алудың жолы біреу-ақ – ол көрнекілік» - деген тұжырымдауларының [43] айғақтығы уақытпен сынала қабылданып, өмір тәжірибесімен мойындалды.
Калифорнийдің Технологиялық университетінің (АҚШ) профессоры, әйгілі физик-теоретик Р.Фейнман өзінің дәрістерінің бірінде [84] «...біздің біліміміздің тірегі – тәжірибе. Тәжірибе, эксперимент – ғылым ақиқатының жалғыз төрешісі ...» - деген.
Физикалық тәжірибелерді жетілдіруде ерен еңбек сіңірген, Қазақстанда ФОӘ-нің ғылыми бағытта дамуына ықпал еткен Ресейдің көрнекті ғалымы Н.М.Шахмаев болатын [24-28].
Қазақстанда ең алғаш мектеп физикасының экспериментінен кандидаттық диссертация қорғаған К.Аймановтың еңбегі айрықша. Оның автоматика және телемеханиканы оқытудағы көрнекілік аспаптары көптеген шетел әдістемелерінде (Германия және т.с.с. елдерде) кең түрде қолданыс тапты [70]. К. Айманов Қазақсатанның физик-әдіскері арасынан Одақтық Педагогика ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі болып алғаш сайланған ғалым.
Дидактика білім мен оқытудың теориясын (мақсатын, мазмұнын, заңдылығын, оқыту қағидаларын) тәрбиеге салаластыра зерттейтін педагогика бөлімінің бірі. Ол педагогика ғылымының ерекше құрылымы болып, белгілі бір пәннің оқытылу заңдылығын зерттесе, оның негіздері дидактикалық зерттеулердің әдістері мен тәсілдері ретінде оқу процесінің сапалы қолданылатын түрлерін құрайды [34]. Демек, дидактикалық негіздері ұғымы – белгілі бір пәндерді оқытудағы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің озық әдістері мен тәсілдері жинақталған педагогика саласы деп ұғынған жөн.
Болашақ физика мұғалімдеріне кәсіптік білім беруде дидактиканың көрнекілік принципі – пәннің мазмұнындағы абстракциялық ұғымдардың нақтылыққа жуық бейне көрінісі арқылы ұғындыруды жүзеге асыру мүмкіндігін зерттейтін дидактиканың ғылыми бағыты.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына ЖОЛДАУЫ. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана. 2007. – 9 б. келтірілген тұжырымдардың орындалуы ақиқат екендігі айқын [2].
Педагогикалық жоғары оқу орнында радиоэлектроника пәнінің арнайы курсын оқытудың шебер жасалған бағдарламалары мен оқу әдістемелерін айқындап, зерттеген автор, «Физиканы оқыту әдістемесі» еңбегінің авторы– педагог.ғ.д., профессоры Қ.Жаңабергеновтың ғылыми еңбегі [109] елеулі. Физика-математикалық терминдерді зерттеп қазақ терминологиясына зор еңбегін сіңірген Е.А.Аққошқаровтың қосқан үлесінен [108], еліміздің егемендігінің алғашқы кепілі болған Ә. Ақылбековтың «Физика», Алматы, 1997 ж. [98] және М. Құдайқұловтың әдістемелік оқулықтарының бірінен отандық алғашқы ғылыми-әдістемелік жұмыстарын аңғаруға болады [74].
Қазақстанда ғылыми-техникалық өркениеттің қарқындап дами алмай келу себебі, елімізде физиканы жоғарғы мектеп босағасынан бастап оқытудың ұқыпсыздығы мен өз тілімізде жазылған оқулықтың мардымсыздығы, ана тілінде жазылғанның өздерінің теориялық ұғымдары татымсыз, тіпті қате бұрмаланған жерлері де бар және дидактиканың көрнекілік принципінің қазіргі заманның сұрамына сай жүзеге аспай отырғандығы халқымыздың техникаға деген жаткөзділік нышанын айқындай түседі.
Педагогика саласынан 13.00.08 – кәсіби білім беру әдістемесі мен теориясы мамандығы бойынша қорғалған диссертациялардың көбісі өз зерттеулеріне қолданбалылық мән бере отырып, жоғарғы оқу орындарында физика сабағының көрнекілігін де ескере кеткен. Олар М.К. Кұрмановтың [7], М. Мәлібекованың [17], Ж. Маусымбаевтың [18] және т.б. белгілі ғалымдардың еңбектерінен байқалады.
Техника дамуының күн санап өрлеу кезеңі, жастардың оған құштарлығының артуы, ғылыми ой-саналарының кеңеюі мектепте физиканы оқыту әдістемесінің жаңартылып, көрнекілік принципінің жүзеге асуын талап етіп отыр. Жастардың келелі техникалық білім алу мақсатын прогрестік бағдар етіп қоймаған елдің өсерінен өшері жақын екенін бір сөзінде Елбасы ескерте кеткен [2]. Ғаламшардың ғарыш босағасы атанған Байқоңырдың жалға берілуі қаржы тапшылығының қыспағы емес, техника тілін білер өз жастарымыздың жоқтығы. Семейдегі «сәулелік тажал», қаңсып, тұзды шөлге айналған Арал апаттары аз болғандай, Байқоңырда биосфера – шаңырағымызды тестіріп, ғарыш қоқырсы мен апатты сәулелердің өтуіне «азондық құрдым» жасалуда. «Космодром тұтқасын өз жастарымыз ұстаса, өз еліне қастандақ жасатпас еді» - деген үміт «мен қазақпын...» деген жанның жүрегінде. Әсіресе жалғыз өз елінің бейбіт өмірімен қоса әлем халықтарын ядролық қауып-қатерден сақтау жолында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ елінің президентімен келісілген мәселелері (2010ж.) кімді де болса шет қалдырмайды, болашақ қауіпсіз өмірге үміттендіреді. Сол үміттің арқауы, физика-техника тілін білер жастар оқытып, тәрбиелеу міндеті әдіскерлер мен болашақ физика пәніні мұғалімдеріне жүктеледі.
Техникалық білім беру мүмкіншілігін тудыратын физика пәні болғандықтан, оның әдістемелік дамуына себепші болатын – жоғары мектептің физикалық эксперименті (ЖМФЭ) екені анық. Оны жетілдіру физикалық заңдылықтар мен құбылыстарды оқытып, түсіндіру мүмкіншілігін тудырады. Бұл процесс дидактиканың көрнекілік принципін жүзеге асыру ісі болып есептеледі.