Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатомия пәнінен тест Мусажанова М.К..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.78 Mб
Скачать

Эндокринді бездер

  1. Эндокринді бездердің сөлі қалай аталады?

а) витаминдер

ә) гормондар

б) асқорыту сөлі

в) метаболиттер

г) дұрыс жауап жоқ

  1. Гормон бұл:

а) биологиялық белсенді заттар

ә) метаболиттер

б) бейорганикалық қосылыстар

в) бездің гипофункциясы

г) зат алмасудың аралық өнімдері

  1. Бездің гипофункциясы - бұл:

а) гормонның аз бөлінуі

ә) гормонның көп бөлінуі

б) ішкі ортаның тұрақтылығының бұзылуы

в) дененің қорғаныс күшінің күшеюі

г) фагоцитоздың бұзылуы

  1. Бездің гиперфункциясы - бұл:

а) гормонның аз бөлінуі

ә) гормонның көп бөлінуі

б) ішкі ортаның тұрақтылығының бұзылуы

в) дененің қорғаныс күшінің күшеюі

г) фагоцитоздың бұзылуы

  1. Суретте 1, 2 санымен қайсы бездер көрсетілген?

а) гипофиз, томпақ дене (эпифиз)

ә) қалқанша жанындағы, қалқанша бездері

б) айырша без

в) көру айқасы

г) жоғарыда көрсетілгендер

  1. Балада қалқанша бездің гипофункциясында қандай өзгеріс болады?

а) ақыл-есі дамымайды, бойы өспейді, ауыр түрі - кретинизм

ә) жүректің соғуы жиілейді

б) гигантизм

в) көз шарасынан шығып үлкейеді

г) негізгі зат алмасу күшейеді

  1. Суретте 4 санымен қайсы бездер көрсетілген?

а) гипофиз

ә) қалқанша безі

б) айырша безі

в) ұйқы безіг) эпифиз

  1. Ересек адамда қалқанша безінің гиперфункциясында денеде қандай ауру пайда болады?

а) қантсыз диабет

ә) Базедов ауруы

б) акромегалия

в) гигантизм

г) микседема

  1. Суретте 1 санымен қандай мүше көрсетілген?

а) қалқанша безі

ә) гипофиз

б) айырша без

в) ұйқы безі

г) бүйрек үсті безі

  1. Қалқанша жанындағы безінің гормоны қалай аталады?

а) соматотроп

ә) паратгормон

б) тироксин

в) инсулин

г) глюкагон

  1. Ересек адамда қалқанша безінің гипофункциясында қандай ауру пайда болады?

а) Аддисон ауруы

ә) кретинизм ауруы

б) микседема ауруы

в) гигантизм

г) нанизм

  1. Айырша бездің гормоны:

а) инсулин

ә) глюкагон

б) тимозин

в) тироксин

г) адреналин

  1. Ұйқы безінің α - жасушасының гормоны қалай аталады?

а) соматотроп

ә) инсулин

б) глюкагон

в) тестостерон

г) эстрадиол

  1. Суретте 1 санымен қандай без көрсетілген?

а) қалқанша безі

ә) гипофиз

б) айырша без

в) эпифиз

г) бүйрек үсті безі

  1. Ұйқы безінің β- жасушалары қандай гормон шығарады?

а) инсулин

ә) глюкагон

б) тимозин

в) тироксин

г) вазопрессин

  1. Денеге глюкагон қандай әсер етеді?

а) Na және K тұздарының тұрақтылығын сақтайды

ә) бауырдағы гликогенді қандағы глюкозаға айналдырады

б) гликоген бауырда қор ретінде жиналады

в) ақуыз алмасуына әсер етеді

г) барлық жауап дұрыс емес

  1. Инсулин қандай әсер етеді?

а) Na және K тұздарының тұрақтылығын сақтайды

ә) қандағы қанттың мөлшерін азайтады

б) су алмасуын ретейді

в) ақуыз алмасуына әсер етеді

г) барлық жауап дұрыс емес

  1. Инсулиннің қандағы мөлшері азайғанда қандай ауру пайда болады?

а) Базедов ауруы

ә) қант диабеті

б) қантсыз диабет

в) бронза ауруы

г) дұрыс жауап жоқ

  1. Глюкокортикоидтар денеге қалай әсер етеді?

а) қанттың қандағы мөлшерін реттейді

ә) бүйректе судың қайта сорылуына әсер етеді

б) Са алмасуына әсер етеді

в) зат алмасуының (ақуыз, көмірсу, май) барлық түріне әсер етеді

г) барлық жауап дұрыс

  1. Денеге минералокортикоидтар қалай әсер етеді?

а) май алмасуына

ә) Na, K тұздарының алмасуына

б) су алмасуына

в) артерия қан қысымын көтереді

г) артерия қан қысымын төмендетеді

  1. Суретте 6 санымен қайсы без көрсетілген?

а) айырша без

ә) ұйқы безі

б) бүйрекүсті безі

в) қалқанша безі

г) эпифиз

  1. Бүйрек үсті безінің жыныс гормондары:

а) екінші жыныстық белгілердің дамуына әсер етеді

ә) қандағы қанттың мөлшері көтеріледі

б) артерия қан қысымы төмендейді

в) артерия қан қысымы жоғарылайды

г) жауап жоқ

  1. Бүйрекүсті безінің гипофункциясында қандай ауру пайда болады?

а) қант диабеті

ә) қантсыз диабет

б) Аддисон ауруы

в) Базедов ауруы

г) акромегалия

  1. Жүрекке адреналин қалай әсер етеді?

а) қанның ұюын күшейтеді

ә) қан тамырлардың өткізгіштігі артады

б) жүректің соғуы жиілейді

в) жүрек баяу соғады

г) артерия қан қысымы төмендейді

  1. Норадреналиннің денеге әсері:

а) қан тамырлардың тонусының тұрақтылығын сақтайды

ә) қан құрамының тұрақтылығын сақтайды

б) бұлшықеттің жұмыс қабілетін күшейтеді

в) судың денедегі мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды

г) артерия қан қысымы төмендейді

  1. 7 санымен суретте қайсы без белгіленген?

а) қалқанша безі

ә) гипофиз

б) айырша без

в) ұйқы безі

г) дұрыс жауап жоқ

  1. Ер адамның жыныс безінің гормоны:

а) адреналин

ә) норадреналин

б) тестостерон

в) эстрадиол

г) прогестерон

  1. Тестостеронның денеге әсері:

а) дененің күресу күшін күшейтеді

ә) 2-ші жыныс белгілерінің дамуына әсер етеді

б) ақуыз, май алмасуына әсер етеді

в) бұлшық еттердің тонусын сақтайды

г) барлық жауап дұрыс

  1. Әйел адамның жыныс безінің гормоны:

а) прогестерон

ә) норадреналин

б) вазопрессин

в) тироксин

г) тестостерон

  1. Суретте 2 санымен қайсы без көрсетілген?

а) қалқанша безі

ә) гипофиз

б) айырша без

в) ұйқы безі

г) бүйрек үсті безі

  1. Эстрадиолдың әсері:

а) екінші жыныстық белгілері дамиды

ә) қанттың қандағы мөлшері көбейеді

б) су алмасуын реттейді

в) Са мен фосфор тұздарының алмасуын реттейді

г) Е витамині пайда болады

  1. Прогестероннның әсері қандай?

а) ұрықтың дамуына әсер етеді

ә) жүректің соғуын жиілетеді

б) қарашықты тарылтады

в) қарашықты кеңейтеді

г) 2-ші жыныстық белгілер дамып жетіледі

  1. Гипофиздің алдыңғы бөлігі қандай гормон бөледі?

а) инсулин

ә) паратгормон

б) глюкагон

в) адренокортикотроптар

г) глюкокортикойдтар

  1. Гипофиздің алдыңғы бөлігі қалай аталады?

а) аденогипофиз

ә) нейрогипофиз

б) меланотроп

в) кортикортоп

г) адренокортикотроп

  1. Баланың бойының өсуіне әсер ететін гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны қайсы?

а) окситоцин

ә) соматотроп

б) тиреотроп

в) адренокортикотроп

г) гонадотроп

  1. Гипофиздің аралық бөлігінің гормоның ата:

а) меланотроп

ә) тиреотроп

б) соматотроп

в) гонадотроп

г) адренокортикотроп

  1. Гипофиздің артқы бөлігінің гормоның ата:

а) соматотроп

ә) инсулин

б) прогестерон

в) окситоцин

г) паратгормон

  1. Гипофиздің соматотроп гормоны жас өспірімде аз бөлінгенде дамитын аурудың түрін ата:

а) кретинизм

ә) нанизм

б) гигантизм

в) акромегалия

г) тетания

  1. Гипофиздің адренокортикортоп гормоны неге әсер етеді?

а) қалқанша безіне

ә) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қызметіне

б) ұйқыбезінің қызметіне

в) жыныс безінің қызметіне

г) бүйрек үсті безінің милы қабатының қызметіне

  1. Суретте 5 санымен қайсы бездер белгіленген?

а) жыныс бездері

ә) ұйқы безі

б) айырша без

в) қалқанша безі

г) бүйрек үсті безі

  1. Гипофиздің вазопрессин гормонының әсерінен:

а) бүйректе су қайта сорылады, артерия қан қысымы көтеріледі

ә) Са, фосфор алмасуы бұзылады

б) қандағы қанттың мөлшері көбейеді, бауырдағы гликоген қоры азаяды

в) май алмасуы бұзылады

г) екі қабат жатырдың бұлшық еті жиырылады, сүт бөлінеді

  1. Нейрогипофиздің гипофункциясында қандай ауру дамиды?

а) қант диабеті

ә) қантсыз диабет

б) Аддисон ауруы

в) акромегалия

г) гигантизм

  1. Окситоцин гормонының әсері қандай?

а) жыныс безінің қызметін әлсіретеді

ә) босанар кезде жатырдың бұлшықетінің жиырылуын күшейтеді

б) ұйқыбезінің қызметіне әсер етеді

в) су алмасуын реттейді

г) дененің өсуіне, дамуына әсер етеді

  1. Суретте қалқанша маңы безі қандай санмен көрсетілген?

а) 3

ә) 4

б) 5

в) 6

г) 10

  1. Ересек адамда соматотроп гормоны көп бөлінгенде қандай ауру дамиды?

а) гигантизм

ә) Аддисон ауруы

б) Базедов ауруы

в) акромегалия

г) қантсыз диабет

  1. Эпифиз безінің гормоны денеге қандай әсер етеді?

а) гипофиздің гонадотроп гормонының қызметін тежейді

ә) гипофиздің адренокортикотроп гормонының әсерін күшейтеді

б) гипофиздің тиреотроп гормонының әсерін күшейтеді

в) қалқанша безінің гормонын күшейтеді

г) жауап жоқ

  1. Гипофиздің гонадотроп гормоны қайсы бездің қызметіне әсер етеді?

а) қалқанша безінің

ә) айырша безінң

б) ұйқы безінің

в) жыныс безінің

г) қалқанша маңы безі

  1. Тироксин гормоны қайсы безде пайда болады?

а) айырша безде

ә) қалқанша безінде

б) бүйрек үсті безінде

в) гипофизде

г) қалқанша маңы безі

  1. Қандай бездер эндокриндік деп аталады?

а) сөлін қан мен лимфаға шығаратын

ә) сөлін сыртқы ортаға шығаратын

б) сөлін ішкі қуыс мүшелерге шығаратын

в) сөл бөлмейтін бездер

г) дұрыс жауап жоқ

  1. Суретте инсулин гормонын дайындайтын без қандай санмен көрсетілген?

а) 10

ә) 7

б) 9

в) 5

г) 3

  1. Төмендегілердің қайсысы эндокриндік емес:

а) гипофиз, эпифиз

ә) қалқанша, қалқанша маңы

б) айырша, ұйқы безі

в) тер, сүт бездері

г) бүйрек үсті безі

  1. Гормонның денеге биологиялық әсері:

а) адамның бойының өсуі

ә) жүйке жүйесімен бірге денені зорығу жағдайына икемдейді

б) зат алмасуына

в) адамның психикасының дамуына

г) барлық жауап дұрыс

  1. Гипофиз безі қайда орналасқан?

а) ми сауытының түрік ер-тоқымында

ә) кеуде қуысында

б) мойында

в) көкірек аралықта

г) дұрыс жауап жоқ

  1. Нейрогипофиздің гормоны:

а) соматотроп, гонадотроп

ә) инсулин, глюкагон

б) окситоцин, вазопрессин

в) адреналин, норадреналин

г) тимозин, тироксин

  1. Мына гормондардың қайсысы аденогипофиздің гормоны емес:

а) гонадотроп

ә) соматотроп

б) тиреотроп

в) тестостерон

г) адренокортикотроп

  1. Гипофиздің меланотроп гормоны неге әсер етеді?

а) ақуыз алмасуына

ә) пигмент алмасуына

б) май алмасуына

в) көмірсу алмасуына

г) жауап жоқ

  1. Қалқанша жанындағы без қайда орналасқан?

а) кеуде қуысында, төстің артында

ә) қалқанша безінің артынды

б) ми сауытында

в) іш қуысында

г) дұрыс жауап жоқ

  1. Суретте иммундық қызмет атқаратын без қандай санмен көрсетілген?

а) 1

ә) 4

б) 3

в) 2

г) 7

  1. Бүйрек үсті безінің қабаттарын ата:

а) ішкі, сыртқы

ә) милы, қыртысты

б) шырышты, бұлшық ет

в) дәнекер, ұлпалы

г) дұрыс жауап жоқ

  1. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормоны:

а) глюкокортикоид

ә) минералкортикоид

б) адреналин

в) кортикотроп

г) минералокортикотроп

  1. Аталық жыныс безі қайда орналасқан?

а) қуықтың артында

ә) іш қуысында

б) кіші жамбас астауында

в) ұмада

г) ондай без жоқ

  1. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарын ата:

а) адренокортикотроп

ә) гонадотроп

б) тиреотроп

в) соматотроп

г) барлық жауап дұрыс