
Экологиялық мониторинг курсы
Курстың негізгі мақсаты: Қоршаған орта мониторингі принциптерін түсіну; қоршаған ортаның жағдайларын бақылауда, бағалауда, болжауда қолданатын тәсілдерін біліп, пайдаланатын орындарын түсіну.
Курстың міндеттері: экологиялық мониторингтік бақылаулар бағдарламасын құрастыруды; қоршаған табиғи ортаның жағдайын бақылауға, экологиялық мониторингтің мәліметтерін пайдалануды; экологиялық мәліметтерін пайдаланып, қоршаған табиғи ортаның ластануының салдарын болжау; басым ластаушы заттарды айқындауға сезімтал тест-ағзаларды пайдалануды білу.
Студенттер бойында келесі біліктіліктер қалыптасуы керек: алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс; әртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында қоршаған орта мониторингі жұмыстарын іске асырылуы жөнінде білімдерді жинақтауы тиіс.
Игеруі тиіс: қоршаған ортаның барлық компоненттерін зерттеуде мониторингінің практикалық әдістерін білу.
Қалыптасатын дағдылары: Қоршаған орта мониторингіне қажетті барлық мәселелерді білу.
Курстың мазмұны: биосфера концепциясының ғаламшарлық экологиялық жүйе ретінде бекілуі. ҚР териториясында биосфераның экожүйелері мен компоненттерінің жағдайы. Экологиялық мониторингтің шетелдерде және ҚР ғылыми негіздері және ұйымдастыру тәжірбиесі. Құрлық және су экожүйелерінің биологиялық мониторингі. ҚР территориясындағы радиоэкологиялық мониторингтің математикалық моделдеуінің принциптері мен әдістері және әртүрлі графикалық деңгейдегі экожүйелер моделдері. ҚР территориясындағы экологиялық мониторингтің жағдайы мен регионалдық ерекшеліктері. ҚР-да қабылданған экологиялық мониторингтің жүйелері. Қоршаған ортаның жағдайын бақылаудың негізгі тәсілдері;. ҚР территориясындағы антропогендік факторлардың ықпалының экологиялық мониторингі. Әртүрлі трофикалық деңгейдегі экожүйелердің математикалық моделінің принциптері мен әдістері.
Мемлекеттік емтихан сұрақтары:
Экологиялық мониторинг жайында түсініктеме беріп, сипаттаңыз. Мониторинг құрылымының негізгі компоненттері.
Экологиялық мониторингтің мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен принциптері.
Экологиялық мониторингтің ұйымдастырылу тарихы, Экологиялық мониторингтің негізін қалаушылар.
Экологиялық мониторингтің әдістерін сипаттап, мысалдар келтіріңіз.
Экологиялық мониторингті сипаттау және табиғи орта жағадайларын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
Мониторинг жүйелерінің деңгейлерін (регионалдық, глобалдық, импактық, фондық ) көрсетіп, сипаттаңыз.
Қоршаған ортаның регионалдық, глобалдық экологиялық мониторингінің сипаттамасын беріп, негізгі принциптерін көрсетіңіз.
Қоршаған ортаның мониторингінің глобалдық жүйесі (ҚОМ ГЖ); ҚОМ ГЖ-ның құрылымы.
Қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізудің биологиялық әдістері. Биоиндикация.
Қоршаған ортаның жағдайын биотикалық көрсеткіштері арқылы бағалау.
Атмосфераның глобалдық антропогендік ластануының түрлері, олардың мониторингі.
Атмосфералық ауаның мониторингті зерттеулерін жүргізу жолдары, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
Қоршаған ортаның ластануын биоиндикациялық әдістермен анықтау әдістері, оларды талдап мысалдар келтіріңіз
Атмосфералық ауа сапасының мониторингі, ұйымдастыру жолдары.
Топырақ мониторингі және оны жүргізу принциптері.
Опишите наблюдение за загрязнением природных вод. Формирование сети пунктов контроля качества поверхностных вод. Табиғи сулардың ластануын бақылау, жер үсті суларының сапасын бақылау нүктелерін қалыптастыру.
Биосферлік қорықтардың, мемлекеттік қорықшалардың, ұлттық бақтардың мониторингі.
ҚР Қызыл Кітабы, оның мониторингті жұмыстарды жүргізу үшін маңыздылығы.
Гидросфералық мониторинг жұмыстары, оларды жүргізу, ұйымдастыру..
Мониторинг жұмыстарын жүргізу әдістері. Геофизикалық мониторинг, оның мақсаттары мен міндеттері.
Ауыз суы сапасы, оған қойылатын нормативтік талаптар.
Су қорларын бақылау, қорғау және тиімді пайдалану жолдарын сипаттап, шараларды айтыңыз.
Орман қорларын бақылау, қорғау және тиімді пайдалану жолдарын сипаттап, шараларды айтыңыз.
ҚР экологиялық қауіпті аймақтарын талдап,, олардың мониторингті жұмыстарын көрсетіңіз.
ҚР шөлденуге шалдыққан аймақтары, шөлденуге ұшыраған экожүйелерінің мониторингі.
Энергетикалық ресурстар. . Альтернативті энергия көздерінің түрлері, оларды қолдану.
Табиғи ортаның және тағам өнімдерінің сапасының нормативті көрсеткіщтері, оларды талдау.
ҚР қоршаған ортасының қазіргі экологиялық жағдайы, оның нашарлау себептері.
Ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлердің экологиялық жағдайлары, оларды бақылау
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар, олардың маңыздылығы. Мониторингті зерттеулерді жүргізудегі халықаралық ынтымақтастық.