Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭК каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.02 Кб
Скачать

Жалпы топырақтану курсы

Пәнді оқыту негізгі мақсаты – студеттерге Жер бетінің табиғи қабаты топырақтың ерекше дене ретінде пайда болуы, оның қасиеттері, дамуы мен эволюциясы, географиялық таралу заңдылықтары, тиімді пайдалану және қарғау жайында нақты білім беру.

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуге қажет:

  • топырақ пен топырақ жамылғысының негізгі қалыптасу заңдылықтарын;

  • жер бетіндегі топырақтың таралуының зоналдық заңдылықтарын және оның табиғи зоналдықпен байланыстары;

  • энергия ағынының заңдылықтары және заттардың топырақ арқылы айналымы;

  • топырақ түзілу процессі және топырақ түзуші факторларды білу;

  • топырақтың қалыптасуында биологиялық факторлардың рөлі;

  • топырақтың қасиеттері мен режимдері және олардың әртүрлі жағыдайларда өзгерістерін;

  • топырақ құнарлығын және оны шаруашылықта пайдаланғандағы өзгерістері;

  • топырақты бонитеттеуді және жерді бағалауды.

Үйренуге:

  • топырақтағы процестердің жүруінің заңдылықтарын сараптауды;

  • далалық және лабораторлық топырақ зерттеу әдістерін пайдалануды;

  • антропогендік ықпалмен байланысты топырақтың бұзылу себептерін анықтауды және оны қалпына келтіру жолдарын дайындауды;

  • топырақ ресурстарын тиімді пайдалану және топырақ құнарлығын ұдайы өндіру мақсатында алған білімдерін пайдалануды.

Дағдылануға:

  • диагностикалық белгілері бойынша топырақтың типтерін анықтаудың теориялық және практикалық дағдыларды;

  • топырақтану саласындағы далалық және лабораторлық-аналитикалық жұмыстарды орындауды;

  • топырақ ресурстарын қорғау және тиімді пайдалануда мәселелерді қоюды және шешуді.

Мемлекеттік емтихан сұрақтары:

  1. Топырақ түзуші факторлардың тау жыныстарына бірігіп әсер етуі және топырақтүзілу процесінің мәні.

  2. Топырақтың біріншілік (алғашқы) және екіншілік минералдары, олардың химиялық құрамы мен құрылымы, қоректік элементтердің жиналуына ықпалы.

  3. Топырақтүзуші тау жыныстары, олардың топыраққа әсері.

  4. Топырақтың және топырақтүзуші тау жыныстарының механикалық (гранулометрлік) құрамының жіктеулері. Топырақтың механикалық құрамының оның қасиеттеріне әсері.

  5. Топырақтың физикалық қасиеттері және олардың құнарлығына әсері.

  6. Топырақ пен топырақтүзуші тау жыныстарының химиялық құрамының салыстырмалы сараптамасы.

  7. Топырақтың химиялық қасиеттері, қоректік режимі, олардың құнарлығына әсері.

  8. Топырақтың физика-химиялық қасиеттері және сіңіру қабілеті, олардың топырақ құнарлығына әсері.

  9. Топырақтың органикалық заттары, олардың толпырақ құнарлығының қалыптасуына әсері.

  10. Топырақтың су-физикалық ққасиеттері және су режимі, оларды зерттеу және реттеу әдістері.

  11. Топырақ ерітіндісін бөліп алу, оның рН көрсеткішін және тотығу-тотықсыздану процестерін зерттеу әдістері.

  12. Топырақ кескінін сипаттау, диагностикалық көрсеткіштері тойынша анықтау және жіктеу.

  13. Топырақ ауасының химиялық құрамы, ауа режимі және оларды реттеу іс-шаралары.

  14. Топырақ құнарлығы, оның категориялары және сапасын бағалау (бонитировкасы).

  15. Топырақтың құрамындағы өсіімдіктерге қажетті макро- жіне микроэлементтер, олардың жинақталу жолдары және оптималдық көрсеткіштері.

  16. Жеткілікті ылғалданған оңтүстік орманды-дала зонашасы, орманның сұр топырағы, сілтісізденген қара топырақ пен шалғынды қара топырақтардың сипаттамалары, құнарлығы мен пайдалануы.

  17. Орташа ылғалданған дала зонашасы, кәдімгі қара топырақтың сипаттамасы, құнарлығы мен пайдалануы.

  18. Жеткіліксіз ылғалданған қуан дала зонашасы, оңтүстік қара топырақ сипаттамасы, құнарлығы мен пайдалануы.

  19. Орташа құрғақ дала зонашасы, күңгірт қара-қоңыр топырақ сипаттамасы, құнарлығы мен пайдалануы.

  20. Құрғақ дала зонашасы, қара-қоңыр топырақ сипаттамасы, құнарлығы мен пайдалануы.

  21. Шөлді дала (шөлейт) зонашасы, ашық қара-қоңыр топырақ сипаттамасы, құнарлығы мен пайдалануы.

  22. Соршөпті жусанды терістік шөл зонашасы, құба топырақ сипаттамасы, құнарлығы мен пайдалануы.

  23. Жусанды соршөпті орталық шөл зонашасы, сұр-құба, тақыр және тақыртәрізді топырақтар сипаттамалары, құнарлығы мен пайдалануы.

  24. Тау етегі мен баурайындағы шөлді дала белдеуі, осында таралған сұр, ашық қара-қоңыр және сұр-қоңыр топырақ сипаттамасы, құнарлығы мен пайдалануы.

  25. Аласа таулы-дала белдеуі, осында таралған күңгірт қара-қоңыр, қоңыр және қара топырақ сипаттамасы, құнарлығы мен пайдалануы.

  26. Орта-таулы орманды-дала және шалғынды-дала белдеуі, осында тиаралған сілтісізденген қара, қоңыр, орманның сұр мен күңгірт түсті және шалғынды топырақ сипаттамасы, құнарлығы мен пайдалануы.

  27. Биік-таулы шалғынды шалғынды-дала белдеуі, осында таралған шалғынды субальпілік пен альпілік және шалғынды-дала топырақтары, құнарлығы мен пайдалануы.

  28. Сор және сорланған топырақтар, олардың сипаттамалары, мелиорациялау (игеру) жолдары.

  29. Сортаң және сортаңданған топырақтар, олардың сипаттамалары, мелиорациялау (игеру) жолдары.

  30. Шақаттар (солодтар) және шалғынды топырақтар, олардың сипаттамалары, пайдалану жолдары.