Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции.Тур статистика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.56 Кб
Скачать

Статистикалық көрсеткіш

Статистикалық көрсеткіш – сапалы анықталғандық жағдайында әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың сандық сипаттамасы, мұнда көрсеткіш құбылыстың ішкі құрылысымен байланысты.

Статистикалық көрсеткіш есептік жолмен алынады. Бұл жиынтықтың бірліктерінің қарапайым санауы, мәндерін қосу, шамаларды салыстыру болуы мүмкін.

Статистикалық көрсеткіштің келесі түрлерін ажыратады:

1.нақты статистикалық көрсеткіш;

2.санат-көрсеткіш;

3.жеке көрсеткіш;

4.жинақы көрсеткіш;

5.көлемді көрсеткіш;

6.есептік көрсеткіш;

7.уақытша көрсеткіш;

8.бір объектілі және объект арасы көрсеткіші;

9.аумақтық көрсеткіш.

Статистикалық көрсеткіштер жүйесі – бір деңгейлі немесе көп деңгейлі құрылымы бар, нақты статистикалық мәсілені шешуге бағытталған өзара байланысты көрсеткіштер жиынтығы. Мысалы, кәсіпорынның қызмет етуінің толық экономикалық сипаттамасы үшін төмендегідей көрсеткіштерді қосатын жүйені пайдалану керек:

  • пайда;

  • кәсіпорын беделділігі;

  • қызметкерлер саны;

  • қызметкерлердің біліктілік деңгейі;

  • еңбек өнімділігін;

  • қормен қаруланғандығы.

1. Нақты статистикалық көрсеткіш зерттелетін құбылыстың осы жерде және осы уақыттағы мөлшерін, көлемін сипаттайды. Мәселен, егер өнеркәсіп-өндірістік қорлардың нақты мөлшері аталса, оның қай өндіріске, қай салаға және қай уақытқа тиесілі екенін міндетті түрде көрсету керек. Алайда теориялық жұмыстарда статистикалық бақылаудың операциялық кезеңінде абстрактілі және санат-көрсеткіштерді де пайдаланады.

2. Санат-көрсеткіш уақыты, жері және сандық мәнін атаусыз нақты статистикалық көрсеткіштің мәні мен жалпы ерекше қасиеттерін көрсетеді.

3. Жеке көрсеткіштер жеке объект не жиынтықтың жеке бірлігін сипаттайды.

Бір объектіні сипаттайтын екі жеке абсолюттік көрсеткіш негізінде жеке салыстырмалы көрсеткішті алады.

5. Көлемді көрсеткіштерді жиынтықтың жеке белгілерінің мәнін қосу арқылы алады. Белгінің көлемі деп аталған бұл шама көлемді абсолюттік көрсеткіш бола алады, басқа көлемді абсолюттік шамамен немесе жиынтық көлемімен салыстырыла алады.

6. Есептік көрсеткіштер талдаудың жеке статистикалық міндеттерін шешуге арналады: өзгеруді өлшеуге, құрылымдық қозғалыстарды сипаттауға, өзара байланысты бағалауға.

7. Маңызды классификациялық фактор уақыт болып табылады.

8. Бір немесе екі зерттеу объектісіне тиесілілігіне байланысты бір объектті және объект аралық көрсеткіштер деп бөледі. Егер біріншісі тек бір объектке сипаттама берсе, екіншісін түрлі объекттерге жататын екі шаманы салыстыру нәтижесінде алады.

15 Дәріс

Жалпылама статистикалық көрсеткіштер. Абсолюттік шамалар

Статистикалық бақылау мәліметтерін жинақтау нәтижесінде жиынтықты және оның жеке бөліктерін сипаттайтын түрлі көрсеткіштерді алуға болады.

Жалпы құбылыстарға сандық баға беретін статистика жай сандарды ғана емес, статистикалық көрсеткіштерді пайдаланады.

Статистикалық көрсеткіш – зерттелетін объект не құбылыстың жалпылама сандық сипаттамасы.

Статистикалық жинақтау кезеңінде белгілердің жеке мәндерін қосу арқылы жиынтық көрсеткіштеріне көшеді.

Қорытынды мәндер негізіндегі көрсеткіш болып табылатын есептеулерді жалғастыруға болады. Мысалы, өнім шығарудың жиынтық көлемі мен оны өндіруге кеткен адам-сағат саны бойынша орташа сағатты өнім шығаруды есептеп шығаруға болады. Бұл көрсеткіш екі қорытынды көрсеткіштің бөлінуі нәтижесінде алынды және аталған қызметкерлер жиынтығының еңбек өнімділігінің деңгейін көрсетеді.

Басқа жағдайларда жалпылама көрсеткіштерді алу үшін белгілердің жеке немесе қорытынды мәндерін салыстыру керек; осылайша салыстырмалы көрсеткіштерді есептейді.

Жалпылама көрсеткіштердің түрлері:

  • абсолюттік;

  • салыстырмалы;

  • орташа шамалар.

Әрбір көрсеткішке арнайы есептеу әдіснамасы сәйкес келеді. Мұнда кез келген статистикалық көрсеткіш нақты анықталған болу керек. Онда көрсетілуі тиіс:

  • көрсеткіштің статистикалық құрылымы;

  • оның мазмұны;

  • классификациядағы орны, объектілер жиынтығы;

  • өлшем бірлігі;

  • уақыты;

  • арнайы нақтылаулар.

Абсолюттік жалпылама көрсеткіштер – түгел жиынтық бойынша және оның жеке топтары бойынша бірліктер саны. Бұл көрсеткіштер басқа көрсеткіштер негізінде есептік жолмен де алынуы мүмкін.

Жалпылама көрсеткіштер ретінде абсолюттік шамалар жиынтық санын (мысалы, түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындар саны), жиынтық белгілерінің көлемін (мысалы, жұмыс күшіне кеткен шығындар) сипаттайды.

Кез келген абсолюттік шаманың өзінің өлшем бірлігі болады.

Өлшеудің натуралды бірліктері кең қолданысқа ие:

  • тонна;

  • дана;

  • квадрат және текше метр;

  • километр;

  • тонна-километр;

  • киловатт-сағат.

Натуралды көрсеткіштердің түрі шартты-натуралды көрсеткіштер болып табылады. Оларды абсолюттік-жалпылама көрсеткіштерді алу үшін пайдаланады. Қайта санаудың арайы коэффициенттері көмегімен қосындыны бірдей стандартты өлшем бірлігінде көрсетеді, бұл жалпылама көрсеткішті жақсартуға мүмкіндік береді.

Абсолюттік жалпылама көрсеткіштер есебінде құндық көрсеткіштерді пайдаланады, олар натуралды түрде өлшеуге келмейтін шамаларды ақшалай түрде өлшеуге мүмкіндік береді.

Абсолюттік жалпылама көрсеткіштер ретінде еңбек бірлігінде өлшенген көрсеткіштерді де қолданады.