
- •Пәннің мақсаты мен міндеттері:
- •Статистика түсінігі
- •Статистикалық қызмет органдары
- •Статистика ғылымының пайда болуы - мемлекетттану және саяси арифметика
- •Статистикалық ғылымның қалыптасуы
- •Еркін экономикалық қоғам. К.Ф.Герман, к.Н.Арсеньев, д.П.Журавский еңбектері
- •Семенов Тянь-Шанский. Қазіргі заманғы статистика
- •Статистиканың міндеттері
- •Статистика ғылымының салалары
- •Статистика пәні мен әдісі
- •Статистикалық бақылаудың кезеңдері мен тәсілдері
- •Статистикалық бақылауды ұйымдастыру әдістері
- •Статистикалық бақылау түрлері
- •Статистикалық бақылаудың ұйымдастырушылық мәселелері
- •Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері
- •Статистикалық бақылаудың қателері және бақылау мәліметтерінің тексерісі
- •Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтастыру. Интервал
- •Топтастыру түрлері
- •Статистикалық таблицалар
- •Ауыспалы шамалар
- •Статистикалық көрсеткіш
Статистикалық таблицалар
Статистикалық таблица – зерттелетін статистикалық жиынтық туралы цифрлік мәліметті қысқаша әрі толық көрсететін форма.
Сандары толтырылмаған статистикалық таблица макет деп аталады. Статистикалық таблицалар макеты мәліметтерді дайындау кезеңінде жасалады. Таблица макеты – көлденең жолдар мен тік бағандардан тұратын торкөз. Олардың қиылысында пайда болған торкөздерге статистикалық мәлімет толтырылады.
Әрбір статистикалық таблицада бастауыш және баяндауыш болады. Таблицаның бастауышы – сәйкес көрсеткіштермен сипатталатын жеке бірліктер. Баяндауыш деп бастауышты сипаттайтын белгілерді атайды. Бастауыш әдетте кестенің жолдарын, баяндауыш бағандарын құрайды.
Статистикалық кестенің бастауышы баяндауышы сияқты жай және күрделі болуы мүмкін.
Бастауыштан тәуелді кестелердің түрі:
жай;
топтық;
комбинациялық.
Жай кестеде бастауыш зерттелетін объекттің жеке бірліктерінің тізімін құрайды. Мысалы, кәсіпорын, ұйым және компаниялар тізімі.
Топтық кестелерде статистикалық жиынтық бір белгі бойынша жеке топтарға бөлінеді. Мұнда әрбір топты бір немесе бірнеше көрсеткіштермен сипаттауға болады.
Аралас кестелерде зерттеу объектісі, яғни бастауыш топтарға бір емес бірнеше белгі бойынша бөлінеді.
Баяндауышты құрастырудың жай жолында бастауышты сипаттайтын көрсеткіштер біріне бірі параллель орналасқан.
Баяндауышты құраудың күрделі жолында бір белгі екіншісін алмастырады.
Әрбір статистикалық кестенің талданатын объектінің мазмұнын айқын әрі нақты көрсететін атауы болу керек.
Әрбір жолдар мен бағандар аталуы керек.
Кестенің жолдары мен бағандарында бастауыш пен баяндауыштағы көрсеткіштерге сәйкес өлшем бірліктері болу керек, оларды қысқартудың баршаға белгілі тәсілдерін алынуы тиіс.
Бір жолдың (бағанның) барлық мәліметтері бір дәлдікпен жасалуы тиіс.
Қорытынды жолдар (бағандар) бастапқы және соңғы жолдарда (бағандарда) орналасуы мүмкін.
Үлкен кестелер құрастырғанда оның жолдары мен бағандарын нөмірлеген дұрыс.
Кестенің барлық торкөздері толтырылуы керек. Белгілі бір торкөзде мәліметтің жоқ болуының себептері әр түрлі болады, сондықтан төмендегідей шартты белгілерді қолданады:
«...» (көп нүкте) – берілген құбылыс бойынша мәлімет жоқ;
«0» (ноль) – берілген құбылыс көрсеткішінің мәні белгіні дөңгелету үшін пайдаланатын бірліктің жартысынан аз;
« - » (тире) – құбылыс жоқ;
«х» (крестик) – торкөзді толтырудың қажеті жоқ.
Кестеде келтірілген мәліметтер дереккөзін көрсету керек.
Аталған ережелерді сақтау статистикалық кестелерді талданатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жағдайы мен дамуы туралы негізгі көрсеткіш болып қалады.
14 Дәріс
Ауыспалы шамалар
Ауыспалы шамалар – бұл зерттеулерде өзгертуге, бақылауға, өлшеуге болатындар.
Ауыспалы шамалар түрлері:
Тәуелді;
Тәуелсіз.
Тәуелсіз ауыспалы шамалар деп зерттеуші өзгертетін шамаларды, ал тәуелді шамалар деп өлшеніп тіркелетін шамаларды атайды. «Тәуелді және тәуелсіз ауыспалы шамалар» терминдері көбінесе эксперименталды зерттеулерде қолданылады, мұнда тәжірибеші кейбір ауыспалы шамаларды өзгертеді және бұл жағдайда олар әсер етуші факторлардан тәуелсіз.
Ауыспалылар олардың өлшеу шкаласы қанша өлшенетін ақпаратты қамтамасыз ете алатыны бойынша ажыратылады. Әрбір өлшемде одан алынатын «ақпарат мөлшерінің» шекарасын анықтайтын кейбір қателер болады. Ауыспалыда бар ақпараттың мөлшерін анықтайтын басқа фактор өлшеу жүргізілген шкала типі болып табылады.
Шкалалар (және ауыспалылар) типі:
Номиналды;
Реттік (ординалды);
Интервалды;
Қатынастық.
1. Номиналды ауыспалылар тек сапалық классификация үшін қолданылады. Ауыспалы мәндері түрлі таптарға жататын терминдерде ғана өлшене алады. Номиналды ауыспалының типтік мысалы – жыныс, ұлт, түс. Номиналды ауыспалыларды жиі категориялық деп атайды.
2. Реттік ауыспалылар объектілерді ранжирлеуге көмектеседі. Реттік ауыспалының типтік мысалы – отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі.
3. Интервалдық ауыспалылар өлшеу объектілерін тек реттеп қана қоймай олардың арасындағы айырмашылықтарды санмен көрсетіп салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Цельсий не Фаренгейт бойынша өлшенген температура интервалды шкаланы құрайды.
Интервалдық шкалада өлшенген ауыспалының барлық қасиеттеріне қоса қатынастық ауыспалалардың ерекше қасиеті абсолюттік нольдің белгілі бір нүктесінің болуы, мұнда Х У-тен екі есе үлкен.
4. Қатынас шкалаларының типтік мысалы уақыт не кеңістік өлшемі болып табылады. Статистикалық процедуралардың көпшілігінде интервалдық және қатынастық шкалалар қасиеттері арасында айырмашылық берілмейді.
Типінен тәуелсіз екі немесе одан да көп ауыспалылар олардың зерттеу мәндері келісілген әдіспен бөлінсе байланысты болады.
Нәтиженің статистикалық мәнділігі оның «шынайылығына» көз жеткізуінің өлшенгені болып табылады. Бұл үшін р-деңгей атты түсінік қолданылады – нәтиже беріктігінен азаймалы тәуелділікте тұрған көрсеткіш. Біршама жоғары р-деңгей сенімділіктің төменгі деңгейіне сәйкес келеді.
Мәнділіктің одан жоғары нәтижелері жоққа шығарылатын белгілі бір деңгейін таңдау біршама еркін болып табылады. Әдетте көп облыстарда р < 0,05 статистикалық мәнділіктің оңтайлы шекарасы болып табылады, алайда бұл деңгей, сонымен қатар, оның үлкен қателік ықтималдылығын қосады (5 %). Р < 0,01 деңгейіндегі нәтижелер әдетте статистикалық мәнді, ал Р < 0,005 және Р < 0,001 деңгейлі нәтижелер жоғары мәнді болып саналады.