Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции.Тур статистика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.56 Кб
Скачать

Топтастыру түрлері

Зерттелетін жиынтықтың әрбір бірлігі бірқатар белгілерге ие. Белгі ие бола алатын жеке мәндер оның варианттары деп аталады.

Варианттар сипатына қарай белгілер бөлінеді:

  • атрибуттық (белгі варианттары санмен көрсетілмейді);

  • сандық (белгі варианттары санмен беріледі).

Топтастыруды құрайтын белгілер топтасқан деп аталады.

Мысалы, тұрғындар төмендегі белгілер бойынша топтастырыла алады:

  • жынысы;

  • ұлты;

  • жұмыстағы мәртебесі.

Бұл белгілер (сәйкесінше топтар) атрибутивті болып саналады.

Егер топтастыру сандық белгі бойынша жиналса ол сандық деп аталады. Ол, мысалы, тұрғындардың жасы, кірісінің көлемі бойынша бөлінуі.

Топтастыратын белгілерді таңдау үлкен маңызға ие. Топтастыру негізіне ең маңызды, мәнді белгілер алынуы тиіс.

Қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін талдай отырып құбылыстардың жеке типтерін алып зерттейді. Жиі типологиялық және сапалық белгілер арасында тең белгісін қояды. Бұл аса дұрыс емес, себебі, құбылыстардың кейбір типтері сапалық белгі бойынша бөлінуі де мүмкін.

Типтік топтардың мысалы ретінде тұрғындардың жастар, орта жасты адамдар сияқты топтарға бөлінуін алуға болады.

Құбылыстар талдауында жиі географиялық негіз бойынша құрылған кеңістіктік топтар алынады, мұнда топтар негізіне әкімшілік-территориялық бөлініс, табиғи-климаттық зоналар, әлем бөліктері бола алады.

Уақыт өте келе жиынтық саны және оның жеке топтарының қатынасы мен саны да өзгереді.

Құбылыстар арасындағы тәуелділікті зерттеу үшін аналитикалық топтарды пайдаланады. Оларды құрағанда белгілер арасындағы өзара байланысты орнатуға болады. Мұнда бір белгі нәтижелік, ал басқалары – факторлық (нәтижеге әсер етуші) болады.

Белгілер арасындағы өзара байланысты орнату үшін мәліметтерді фактор-белгі арқылы топтастырып әр топтағы нәтижелік фактордың орташа мәнін есептеп шығару керек. Нәтижелік және факторлық белгінің мәндерінің өзгерісін салыстыра отырып олардың арасындағы байланыс сипатын анықтайды. Факторлық белгі мәнінің өсуімен бірге нәтижелік белгінің мәні де өссе екеуінің арасында тура байланыс бар және керісінше.

Топтастыру белгісін таңдағаннан құрылатын топтар саны да тәуелді болады. Мысалы, тұрғындарды жынысы бойынша топтастырғанда екі топ қана пайда болады, ал ұлты бойынша топтастырғанда топтардың саны өте көп болатын еді.

Көптеген экономикалық және әлеуметтік процестер мен құбылыстар біршама жақсы зерттелген, сондықтан сапалық топтастыруларға жиынтықтың біртекті құбылысты топтарға тұрақты бөлінуі қарастырылған. Бұл бөлініс классификация деп аталады.

Классификация статистикалық мәліметтерді жүйелеуде үлкен роль атқарады. Олар статистикалық ақпарат топтастырылатын статистикалық норматив болып табылады. Классификациялар өзгеріссіз тұрмайды – классификаторлар негізделетін жаңа типтер пайда болады, шарттар мен принциптер өзгереді. Алайда ғаламдық өзгерістер мұншама жиі болып тұрмайды. Және барлық өзгерістер классификацияны толығымен қайта қарастыруды талап етпейді. Жинақталған тәжірибе әрекетте жүрген классификаторға жаңа мәліметтер блоктарын қосуға мүмкіндік береді.

13 Дәріс

Топтастырулардың құрылымы. Екінші реттік топтастырулар

Топтастыру әдетте нақты зерттеу мақсатында жүргізіледі. Мұндай топтастыруларды келесі зерттеулерде де пайдалануға болады. Бұл қажетті нәрсе де, себебі, олардың мәліметтерін салыстыру қажет.

Сандық белгіні пайдаланған кездегі топтар саны тәуелді:

  • зерттелетін құбылыстың бірліктерінің санынан;

  • топтық белгінің ауытқушылық деңгейінен;

  • белгі дискреттік немесе үздіксіз шама болуынан.

Кейде берілген жиынтыққа құрылған топтардың құрылу принципі бұзылады. Мысалы, отбасындағы бала санының нақты саны орнына ( «1», «2» т.с.с.) басқа вариант – «6» және одан да көп көрсетіледі. Әдетте бұл тәжірибелік мақсатпен жасалады – жиынтықта сирек кездесетін белгіні енгізіп топтар санын көбейтпес үшін.

Мәліметтерді топтастырғанда зерттелетін жиынтық қанша топтарға бөлінеді деген сұрақ туындайды. Егер белгінің оның өзгеру шекарасында таралуы біркелкі немесе қалыптыға жақын болса белгінің өзгеру диапазонын бірдей интервалдарға бөледі.

Жиі өзгермелі белгінің мәндері топтар құруда бірдей интервалды пайдаланған кезде топтар саны көбейіп олардың көбі аз санды болады. Мұндай жағдайда жиынтық бірдей емес интервалды топтарға бөлінеді.

Интервал ұзындығындағы айырмашылықтар өзгермелі белгінің сипатына ғана емес зерттелетін экономикалық және әлеуметтік құбылыстардың ерекшеліктерімен де байланысты. Және де бұл жағдайда топтар құрағанда интервалдардың үлкеюі не кішіреюінің ерекше тенденциясы байқалмайды.

Интервалдың екі түрі болады: ашық және жабық. Екі шекарасы да көрсетілген интервалдар жабық, бір шекарасы көрсетілгені ашық деп аталады. Статистикалық жиынтық көрсеткіштерін есептеу үшін ашық интервалдарды «жабу» керек.

Алайда жиынтықтың логикалық және белгіленген шекаралары болады. Мысалы, еңбекке жарамды тұрғындарды топтастыру қажет болса белгіленген жиынтық шекараларын пайдалану керек: ер адамдар үшін 16-60 жас, әйелдер үшін 16-55 жас.

Статистикалық зерттеу мақсатында түрлі кезеңдерге жататын мәліметтерді пайдалануға, жеке салалар, аймақтар бойынша ақпаратты салыстыруға тура келеді. Бұл жағдайда қолда бар топтастырылған мәліметтерді қайта топтастыру қажет. Қайта топтастыру операциясы екінші реттік топтастыру деп аталады.

Құбылысты талдағанда алғашқы құрылған топтардың үлкен санынан одан да ірі топтарды құру керек. Бұл жағдайда екінші реттік топтастыру қиындық туғызбайды.

Екінші реттік топтастырулар сандық қана емес сапалық белгілері бойынша топтастырылған жиынтықтар үшін өткізіледі. Көбіне оны әр түрлі елдерден алынған мәліметтерді салыстыру үшін пайдаланады. Ол жағдайда бірінен бірі ажыратылатын классификациялар бойынша санлған көрсеткіштер қайта топтастырылады.