Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции.Тур статистика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.56 Кб
Скачать

Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері

Бағдарламалық-әдістемелік мәселелердің құрамына мыналар кіреді:

  • бақылаудың объекті мен мақсатын анықтау;

  • бақылау бағдарламасын жасау.

Кез келген статистикалық бақылауды жоспарлағанда ең алдымен оның мақсатын нақты анықтап алу керек. Әрбір нақты статистикалық бақылаудың мақсатын дұрыс анықтау бірліктердің зерттелетін сипаттамасын ғана емес, оны ұйымдастыру формасын, өткізу әдісі мен түрін жобалап алуға мүмкіндік береді.

Бақылау объектін анықтау – бұл зерттелетін жиынтықтың шекарасын нақты белгілеу, яғни кім немесе не зерттелуі керек екенін шешу. Бақылау объектін дәл анықтау көп жағдайда бақылау кезінде алынатын мәліметтердің толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.

Бақылау объектін анықтаған кезде оның уақыт, кеңістік және материалдық мәніндегі шекаралары қатаң өткізілуі тиіс. Мысалы, өнеркәсіп санағында мәліметтер қай территорияға жатқызылуы тиіс, мәліметтер қай уақыт аралығанда алынуы тиіс және қызметтің қай түрі өнеркәсіпке жатқызылуы тиіс екенін анықтау маңызды.

Бақылау объекті – бұл әрқашан жеке элементтерден тұратын белгілі бір жиынтық. Объекттің жеке элементтерінің сипаттамасы объектіні толығымен зерттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан бақылау объектісін анықтау зерттеу бірліктерін анықтаумен тікелей байланысты.

Статистикада бақылау бірлігі деп бірқатар белгілермен сипатталатын және оған қатысты осы белгілерді тіркеу жүргізілетін объект элементін атайды. Бақылау бірлігін дұрыс анықтау бақылау объектін толық есепке алудың кепілі.

Кейде бақылау бірлігі туралы мәлімет оның өзінен емес ұйымдастырушылық ұяшығынан алынуы мүмкін. Мәлімет алу үшін баратын орган статистикалық әдебиеттерде есептік немесе санақ бірлігі деп аталады.

Бақылау бірлігін анықтап алған соң бақылаудың әрбір бірлігі сипатталатын белгілер тізімі – бақылау бағдарламасы жасалады.

Жиынтық бірліктері бір бірінен ажыратылатын белгілер әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Олар сандық болуы мүмкін ондай жағдайда әр түрлі бірліктер бір бірінен осы белгінің үлкен-кішілігі бойынша ажыратылады. Белгілер сапалық та болуы мүмкін, ондай жағдайда бірліктер бір бірінен белгілі бір сапаның болу-болмауымен ажыратылады.

Статистикалық бақылауда жеке бірліктерде белгілі бір сапалық белгілердің бар-жоқтығы тіркеледі және сапалық белгінің шамасы анықталады.

Статистикалық бақылау бағдарламасын жасау – бақылау алдына қойған мақсатқа жетуге көмектесетін белгілерді таңдау.

Бағдарлама сұрақтары және олардың жауаптары ерекше статистикалық формулярларда бекітіледі:

  • санақ парағы;

  • бланк;

  • форма.

Бақылау бағдарламасын жасау бақылаудың дайындығының маңызды және жауапты кезеңі. Оны құрастырғанда сұрақты құрауға көп көңіл бөлу керек.

Жеке сұрақтарға түсіндірме және оған қалай жауап беру қажеттігі арнайы нұсқаулықта беріледі.

Тіркеу бағдарламасы мен нәтижесі бар статистикалық формулярлар екі түрлі болады:

  • жеке (карточкалық);

  • тізімдік.

10 Дәріс

Статистикалық бақылаудың қателері және бақылау мәліметтерінің тексерісі

Дұрыс құрастырылған сұрақтар – шынайы мәліметтер алудың кепілі.

Алайда кез келген статистикалық бақылауды қателер (ағаттықтар) пайда болуы мүмкін. Бұл қателердің себептері:

  • қате жазу, айту, дөңгелектеу есебінен;

  • формулярды дұрыс толтырмау нәтижесінде;

  • жауап берушілердің ұмытшақтығынан;

  • дәйектерді жасыру не өзгертуге деген талпыныстан;

  • тікелей бақылауда қателер өлшегіш құралдардың нақты еместігінен де болуы мүмкін.

Барлық қателерді қасақана жасалған және қасақана емес деп бөлуге болады (кездейсоқ және жүйелі).

Қате жазу, қате айту, білмеу т.б. нәтижесінде болған бақылаудың кездейсоқ қателері бақылау нәтижесі үшін аса қауіпті емес, себебі олар өсу жағында да, кему жағында да кездеседі, ал бақылаудың көп санында олар бірін-бірі жұтып қояды. Қасақана емес жасалған жүйелі қателер сұрау кезінде сандық көрсеткіштерді дөңгелекту немесе өлшеуіш құралдардың нақты еместігінен болады. Мәселен, сұрау жолымен жас тіркегенде адамдардың жасы көбінесе 0 немесе 5 санына дейін дөңгелектенеді. Бұл құбылыс статистикада жас аккумуляциясы деген атауға ие болды.

Қасақана қателер, атынан көрініп тұрғандай, мәлімет беретін адамдардың шындықты өзгерткісі келгендігінен туындайды. Қасақана қателер мәліметтерді тек бір бағытта ғана өзгертетіні белгілі. Қателердің бұл түрі статистикалық бақылау үшін біршама қауіпті.

Аталған барлық қателер дәйектерді тіркеген кезде пайда болуы мүмкін. Осыдан олар тіркеу қателері деп аталады.

Жалпы емес бақылау кезінде жалпы емес бақылаудың көрсеткіштері мен жалпы бақылаудағы жиынтықтың барлық көрсеткіштері арасында айырмашылықтар кездесуі мүмкін. Бұл айырмашылықтарды репрезентативтік қателер – жүйелі және кездейсоқ деп атайды.

Таңдамалы бақылауда кездейсоқ қателерді жібермеу мүмкін емес, бірақ оларды оңай санауға болады, және дұрыс ұйымдастырылған кездейсоқ сұрыптауда ол қателердің шамасын анықтауға болады.

Репрезентативтіктің жүйелі қателері әдетте таңдаудың дұрыс еместігінде, яғни, бас жиынтықтан бірлік таңдаудағы кездейсоқтық принципі бұзылған кезде пайда болады.

Бақылау кезінде әрқашан қателер кездесетіндіктен барлық жинақталған материал қателерді түзету мақсатында тексеріске түсуі тиіс.

Тексеріс түрлері:

  • логикалық;

  • арифметикалық.

Логикалық тексерудің мақсаты жауаптың қойылған сұраққа сәйкестігін немесе барлық бағдарламаның әр түрлі сұрақтарының жауаптарының бір-бірімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Мысалы, «жасы» деген сұраққа «3 жас» деп, ал «некеде барсыз ба» деген сұраққа «иә» деп жауап берілсе мұндағы әрбір жауап сұраққа сәйкес келеді, ал жауаптары сәйкес келмейді. Қай жауапта қате кеткенін анықтау үшін басқа бірін бірі тексеретін сұрақтардың жауабын қарау керек.

Жауаптардағы логикалық нақсыздықты фактілі көрсеткіштерді жоспарлымен салыстыра отырып, мысалы, алдағы уақыттағы көрсеткіштермен, бірдей табиғи жағдайларда орналасқан аудандар көрсеткіштерін салыстыра отырып анықтауға болады.

Сандық жауаптарға үнемі логикалықпен қатар арифметикалық тексерісті де қолдану керек. Арифметикалық тексерістің мақсаты есептеулердің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Қателерді түзету үшін өткізіледі:

  • тексеру сұрақтары;

  • пошталық сұраулар;

  • телефон не факспен сұрау.

11 Дәріс