Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции.Тур статистика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.56 Кб
Скачать

Статистикалық бақылаудың кезеңдері мен тәсілдері

Кез келген статистикалық бақылауда бірнеше кезеңді бөліп қарастыруға болады, ол, ең алдымен зерттелетін құбылыстар туралы мәліметтің болуын анықтайды.

Сондықтан бірінші кезең, статистикалық бақылаудың басты қажетті мәліметтерді жинауға әкеледі. Мәліметтерді ғылыми ұйымдасқан түрде жинау статистикалық бақылау деп аталады.

Статистикалық бақылау нәтижесінде жиынтықтың әр бірлігі туралы көп алғашқы мәлімет жинақталады. Зертттелетін жиынтықтың толық сипаттамасын алу үшін алғашқы мәліметтер жалпылануы тиіс.

Жинақталған алғашқы мәліметтерді өңдеу статистикалық зерттеудің екінші кезеңін құрайды (жинақтау).

Жинақтаудың қорытынды мәліметтері негізінде зерттелетін құбылыстардың ғылыми талдауы жүргізіледі:

  • жалпылайтын көрсеткіштер саналады;

  • белгілі бір заңдылықтар анықталады.

Бұл кез келген статистикалық зерттеудің үшінші кезеңі.

Сөзсіз, барлық кезеңдер маңызды. Алайда статистикалық бақылау бастапқы болғандықтан соңғы нәтиже де, зерттеуші-статистиктердің қорытындылары көп жағдайда да алғашқы мәліметтің сапалы жинақталуынан тәуелді.

Қажетті мәліметтерді тіркеу түрлі ақпарат көздері және статистикалық мәліметтер негізінде жүргізілуі мүмкін.

Кей жағдайларда тіркеушілер қажетті мәліметті түрлі жолдар арқылы алады:

  • қарау;

  • ұзындығын өлшеу;

  • салмағын өлшеу.

Басқа жағдайларда мәліметтерді тіркеу құжатта бекітілген көрсеткіштер негізінде ғана жасалады. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығындағы шикізат өндірісіндегі шығын немесе өнім өндіру туралы мәліметтерді тіркеу сәйкес алғашқы құжаттар негізінде жасалады. Тіркеудің мұндай тәсілі құжаттық деп аталады. Ол есептілікті толтыру негізінде жатыр.

Үшінші жағдайда мәліметтерді тіркеу сауалнама негізінде жасалады. Бұл әдіс халық санағы кезінде қолданылады, ондайда әр адам жөніндегі мәлімет сұрау жүргізілген адамның сөзі бойынша жазылады.

Осылайша, статистикалық бақылаудың негізгі әдістері мыналар:

  • тікелей бақылау;

  • құжаттық әдіс;

  • сауалнама.

Алайда статистикалық бақылау әдістері тек жиналатын мәлімет көзі бойынша ғана емес, жинауды ұйымдастыруы бойынша да ерекшеленеді.

Мәселен, сауалнама төмендегі әдістермен жүргізілуі мүмкін:

1. экспедициялық;

2.өзін-өзі тіркеу;

3. корреспонденттік;

4. келу арқылы.

1. Экспедициялық әдісте арнайы даярланған қызметкерлер (тіркеушілер) мәлімет алынуы тиіс адамдарға барып қажетті мәліметті арнайы бланктар немесе сауалнамаға тіркейді.

2. Өзін-өзі тіркеуде санақ парақтарын (бланк) респонденттер өздері толтырады, ал санақшы-тіркеушілер оларды толтыру ережелерін түсіндіріп толтырылған сауалнама парақтарын жинайды.

3. Корреспонденттік әдісте мәлімет алдын-ала дайындалған жолдармен ерікті корреспонденттердің арнайы штатынан бақылау жүргізетін органдарға түседі.

4.Келу әдісінде көрсеткіштердің арнайы жолдармен бақылау жүргізетін органдарға тікелей келу арқылы хабарлануы тиіс.

7 Дәріс

Статистикалық бақылауды ұйымдастыру әдістері

Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың келесі жолдарын қарастырады:

  • статистикалық есептілік;

  • статистикалық бақылаулар;

  • регистрлер.

1. Статистикалық есептілік – мемлекеттік статистиканың шаруашылық етуші субъектілердің қызметі туралы ақпаратты статистикалық есептілік формалары деп аталатын арнайы құжат-бланктерді толыру арқылы мәлімет жинақтауды ұйымдастырудың ерекше формасы. Статистикалық есептілік формасы – бұл белгілі бір шаруашылық етуші субъектіні немесе оның қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, мәліметтері бар арнайы құжат, бланк.

Бүгінгі күнде экономиканың барлық салаларындағы ірі және орташа кәсіпорындар үшін унификацияланған есептілік жасалған:

- № П-1 «Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру және түсіру туралы

мәліметтер»

  • № П-2 «Инвестициялар туралы мәліметтер»

  • № П-3 «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтер»

  • № П-4 «Қызметкерлердің саны, жалақысы және қозғалысы туралы мәліметтер»

Ұсақ кәсіпорындар үшін 1999 жылдан «Ұсақ кәсіпорынның қызмет етуінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер» атты ПМ формасы бар.

Ұсыну мерзімдеріне сәйкес есептілік тәуліктік (күнделікті),

- апталық,

- айлық,

- кварталдық,

- жарты жылдық,

- жылдық-ағымдағы болады.

Жеткізу әдісі бойынша есептілік

  • электронды,

  • - телеграфты,

  • телетайпты,

  • пошталық болып бөлінеді.

Есептілік берілмеген мәліметтер алу, белгілі бір есептіліктің көрсеткіштерін өзгерту не толықтыру немесе қандай да бір объектілердің бөлшекті, жан-жақты талдауын жүргізу керек болғанда санақ немесе арнайы тексеріс түріндегі арнайы статистикалық бақылаулар жүргізіледі.

Арнайы ұйымдастырылған бақылаудың типтік үлгісі түрлі санақтар болып табылады. Бұл ең алдымен халық санақтары. Статистика тәжірибесінде, сонымен бірге, өнеркәсіп, материалды ресурстар, анықталмаған жабдықтар, кітапханалардың да санағы кездеседі. Кез келген санақ бақылау объектісінің саны, территорияда орналасуы, құрылымы және жағдайы туралы мәлімет береді.

Арнайы ұйымдастырылған бақылауларға санақтан басқа жыл сайын өткізілетін тұрғындардың таңдамалы бюджеттік тексерістері мен тұрғындардың жұмыспен қамтылуын тексеру жүргізіледі.

Регисрлер арқылы бақылау – компьютерлендіру мен есептегіш техниканың сәйкесінше дамуымен байланысты пайда болған статистикалық бақылауды ұйымдастырудың біршама жаңа түрі. Регистрлер статистикалық бақылаудың түрлі объектілеріне арналып жасалуы мүмкін.

Регистр – бұл белгілі бір жиынтықты үздіксіз ұзақ уақыт бойы бақылау үшін жасалған, аталған және үнемі нақтыланатын бақылаудың белгілі көрсеткіштерінің тізімі. Регистрде жиынтықтың әр бірлігі туралы ақпарат бар.

ҚР –да меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен мекемелердің Біріңғай мемлекеттік регистрін жасау жұмыстары аяқталды. Онда мекен-жай бөлігінен басқа әрбір мекеме туралы мынадай мәлімет бар: қызметкерлердің орташа тізімдік саны, негізгі қаражаттың қалдықтық құны, теңгерімдік кіріс.

Кәсіпорындар мен мекемелердің Біріңғай мемлекеттік регистрі статистика тәжірибесінде ұлттық есептер жүйесін жүргізу үшін берік ақпараттық негіз болып табылады.

Статистикалық бақылаудың барлық үш ұйымдастырушылық формасы біріне-бірі қарсы емес, бірін-бірі толықтырып тұрады, жеке құбылыстар мен процестерді терең, жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.