Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции.Тур статистика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.56 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Курстың мазмұны: Адам қоғамының өсуі мен дамуы барысында қоғамдық өмірдің заңдылықтарын және құбылыстарын сандық деңгейде өлшейтін қажеттілік пайда болды.

Статистикалық көрсеткіштердің көмегімен статистика қоғамдық құбылыстардың сандық жағын анықтайды да берілген қоғамдық құбылысты мысалға ала отырып санның сапаға өту заңдылықтарын бақылайды, осы бақылаулардың негізінде алынған мәліметтердің анализін жасайды.

Статистиканың теориялық негіздері ғана емес оның практикалық ролі де маңызды: бірде бір үлкен кәсіпорын статистикалық есептің анализінсіз жұмыс істей алмайды. Сол үшін кәсіпорындарда арнайы аналитикалық бөлімшелер мен қызметтер жұмыс істейді. Туризм саласы да үнемі бақылауды талап етеді, сондықтан да Туризм статистикасы курсы ЖОО енгізілген.

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: студенттердің туризмдегі статистикалық есепке алу амалдарын, туризм индустрия динамикасының сандық сипаттамасын меңгеру.

Міндеттері: статистикалық мәліметтерді қолдана отырып, әдістемелік дұрыс тәсілдерді туристік саланың әрекетінде әр түрлі жағдайларды бағалауды қалыптастыру, туризмдегі статистикалық есепке алу амалдарын оқыту; туристік ағындардың сандық, табыстар және шығыстар сипаттамалары білімін беру.

Құзыреттері (оқытудың нәтижелері)

Пәнді игеру нәтижесінде студент білуі тиіс:

Туристік статистика жүйесі, дүние жүзілік туристік ұйымның ұсыныстары, туризмдегі қосалқы есеп туралы түсіну қажет;

туристік статистиканың негізгі көрсеткіштерін – туристік аймақтар деңгейінде, Қазақстанда; туристік нарықтың басшы елдерін, статистикалық ақпараттар әдістерін жинауды және өңдеуді білу қажет;

статистикалық таңдауды және қорытынды мәліметтерді кестелеу амалдарын қолдануға қабілетті болуы қажет;

алғашқы статистикалық мәліметтерді талдауға және ақпаратты іздеуге; нақты мәліметтерді жинауға, жеке құбылыстар немесе белгілердің арасындағы байланыстардың, орташа мәндерін және орташа мәндерден ауытқуын есептеу амалдарын, алынған нәтижелердің нақтылық деңгейін орнатуға; статистикалық есептеу нәтижелерін туристік тәжірибе шараларында пайдалануға дағдылануы қажет;

туристік статистика мәліметтерін жинау, талдау және түсіндіру сұрақтары бойынша ой қалыптастыруға құзыретті болуы тиіс.

  1. Модуль

1 Дәріс

Статистика түсінігі

Статистика – ежелгі ғылым саласының бірі. Алғашқы есептік операциялар өте ерте замандарда өткізілген. Бастапқыда олар біршама қарапайым, тұрақсыз болды және негізінен халықтың саны, құрамы мен мүліктік жағдайы туралы мәлімет алуға бағытталды.

Өндіргіш күштердің дамуымен қоғамда білімнің түрлі салаларына қызығушылық артып, саналатын құбылыстар мен олар туралы жиналатын мәліметтер аясы кеңейді; есептік операциялардың өзі күрделене бастады.

Осылайша кейіннен «статистика» деп аталған ғылым саласы қалыптасты. Оның қалыптасуы қоғамның ақпаратқа деген қажеттілігімен байланысты. Ақпаратсыз мемлекетті басқару, өмірдің түрлі салаларын, әрекет өрістерін зерттеу мүмкін емес еді.

XVIII ғасырдың ортасына дейін статистика деп мемлекет, оның назар аударарлық орындары туралы мәліметтер жиынтығын атады. Осы түсінік бойынша 1666 жылдан бастап Германия университеттерінде «Мемлекеттану» курсы оқытыла бастады. «Статистика» терминін ғылыми айналымға неміс ғалымы Готфрид Ахенваль енгізді. 1746 жылы ол курс атауын «Статистика» қылып өзгертіп оның ғылым және оқыту пәні ретінде дамуына негіз салды.

Статистика деп түрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын атайды.

мысалы:

  • Тұрғындардың саны, тууы, өлімі және т.б. туралы мәлімет (тұрғындар статистикасы);

  • Тұрғындардың кірістері мен шығындары, орташа айлық номиналды жалақысы, зейнетақы көлемі, күнелту минимумының көлемі, т.б. туралы мәлімет (өмір сүру деңгейінің статистикасы);

  • Өнеркәсіптік өндірістер саны, олардың салалық құрылымы мен меншік формаларына қарай жіктелуін және т.б. (өнеркәсіп статистикасы).

Статистикаға тек сандық көрсеткіштері бар мәліметтерді жатқызады. Мысалы, статистикаға елдің мемлекеттік құрылымы немесе мемлекеттік тілі туралы мәлімет жатпайды; бірақ әлемде белгілі бір басқару формасы, саяси құрылымы бар мемлекеттер саны туралы мәлімет жатады.

Статистикамен шұғылданатын барлық мағыналар жеке құбылысқа емес, көптеген элементтерден тұратын жиынтыққа жатады. Статистикаға тек олардың негізінде құрама көрсеткіштер алуға болатын жеке құбылыстар туралы мәліметтер қажет.

Мысалы, әрбір туу немесе қайтыс болу туралы оқиғасын тіркей отырып туған және қайтыс болғандар саны, туу және өлім деңгейі туралы құрама мәліметтер алуға болады.

Сонымен бірге статистика – өңдеу мақсатымен мәліметтерді жинау процесі. Бұл түсінікте статистика – көлемді мәліметтерді жинау, өңдеу және талдауға бағытталған адамдардың практикалық әрекеті.

Жалпылау мақсатымен мәлімет жинау түрлі көлемде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, дәрігер емдеу тәжірибесін жалпылау үшін емделушілерінің статистикасын жүргізеді; мұғалім оқыту әдісінің тиімділігін анықтау мақсатымен оқушыларының үлгерімінің статистикасын жүргізеді, т.б.

Алайда бүкіл мемлекет немесе оның жеке аймақтарына қатысты мәлімет статистикалық ақпаратты жинау арнайы органдарға жүктеледі (статистикалық қызмет).

«Статистика» терминімен сонымен қатар белгілі алгоритм бойынша жеке бақылаулардың нәтижесінде алынған кездейсоқ бір шамалар қатары параметрін атайды. Мұндай параметрге шамалар қатарының арифметикалық ортасы, орташа квадраттық ауытқу т.б. жатады. Бұл түсініктегі статистикаға түрлі статистикалық гипотезаларды тексергенде пайдаланылатын түрлі статистикалық критерийлер жатады.

Кең түсінікте статистика көпшілік құбылыстардың заңдылықтарын сандық жағынан зерттейтін ғылым дегенді білдіреді. Ғылым ретінде статистикада зерттеу әдістері туралы теориялық жағдайлары бар.

2 Дәріс