
- •Қ.Б. Хасенов, м.Е. Рахымбердина, ж.Қ. Қалиғожина
- •050711 «Геодезия және картография» мамандығында
- •Пәннің мақсаты мен міндеті
- •Пәннің мақсаты
- •1.2 Пәнді оқудағы міндеттер
- •1.3 Зертханалық сабақтардың тізімі және студенттердің оларды қорғауларына қойылатын талаптар
- •- Жергілікті жердің стереомоделі бойынша автожолды трассалау;
- •2 Аэросуреттерді стереоскопта бағдарлау. Тура, кері және нольдік стереоәсер. Фотосуреттерде жеке объектілерді және жер бедерін зерттеу
- •2.1 Тура, кері және нольдік стереоәсерлерді алу
- •2.2 Стереоскоптың құрылымы
- •2.3 Стереоскоппен аэросуреттерді бағдарлау
- •3.1 Аэротүсірістің негізгі көрсеткіштерін есептеп шығару
- •3.2 Жабылу монтажын құрастыру
- •3 Зертханалық жұмыс
- •4.1 Аэросуреттер нүктелерінің масштабтарын есептеу
- •4.2 Пландағы нүктенің ығысуын есептеу
- •4.3 Жер бедерінен пайда болған түзу сызықтар мен бұрыштардың ауытқу өлшемдерін аэросуреттен табу
- •6 Жергілікті жердің стереомоделі бойынша автожолды трассалау
- •6.1 Аэросурет бойынша автожолдарды трассалау
- •6.2 Өлшеу нәтижелерін өндеу тәртібі
- •6.3 Трассаның негізгі варианттарын салыстыру
- •6.4 Пикедаждық журналды құрастыру
- •6.5 Түзулер және қисықтар ведомосін толтыру
- •7 Стереометр, оның бөліктері. Стереометрде суреттерді бастапқы бағыт бойынша бағдарлау. Суреттерді стандартты орналасқан алты нүктелер бойынша бағдарлау
- •7.2 Стереометрде аэросуреттерді центрлеу
- •7.3 Бастапқы бағыты бойынша аэросуреттерді бағдарлау
- •7.4 Стандартты орналасқан алты нүктелер бойынша аэросуреттерді бағдарлау
- •8 Ылдилығы берілген сызықтарды жүргізу
- •2.1 Тапсырманы орындау реті
- •9 Фотограмметриялық нивелирлеу
- •10 Стереометрде горизонтальдарды суреттеу
- •10.1 Горизантальдарды жүргізу үшін бойлық параллакстар бұрандасы бойынша есепті анықтау
- •10.2 Горизонтальдарды бейнелеу
- •Зертханалық жұмыс 10
- •11.1 Жұмысты орындау реті
- •12 Аэросуреттерді пландық жӘне биіктік байланыстыру
- •11 Зертханалық жұмыс
- •Сурет 10
- •Түзулер және қисықтар ведомосі
6 Жергілікті жердің стереомоделі бойынша автожолды трассалау
Зертханалық жұмыс 5
Жұмыс орындау үшін студентке 4 аэросурет және стереоскоп беріледі.
Аэросуреттерді дешифрлеу мен жергілікті жердің стереомоделін стереоскоппен шолу негізінде аэросуреттегі берілген нүктелер арасындағы мүмкін болатын трассаның варианттарын камералды трассалауды орындалуын үйрену керек.
6.1 Аэросурет бойынша автожолдарды трассалау
Жұмысты орындау үшін берілген 4 аэросуреттерден жайылма құрастыруды құрайды. Трассалауды тікелей 2-ші мен 3-ші аэросуреттерде орындайды. Трассаның жобалауы жер бетінің стереомоделін көру негізінде жүргізіледі, өйткені ол табиғи шарттарын ең көрнекті, дәл және объективті көрсетеді және оның үстіне автожолдардың трассасын және оның құрылыстарын табысты кеңістікті орналастыруды қамтамасыз етеді.
2-ші мен 3-ші аэросуреттердің шеттерінде орналасқан жергілікті жер бөлікшелердің стереомоделін құру үшін 1-ші мен 4-ші аэросуреттер қажет.
Аэросуреттерді бажайлау және жергілікті жердің шарттарын бағалау негізінде стереомодельде оқытушымен берілген нүктелердің арасында трассаның варианттары екі бағытта жобаланады. Жобалауды жер бедерін және ситуациялық объекттерді ескере отырып жасайды.
Трассалардың варианттарының орны қарындашпен белгіленеді, олардың бұрылу бұрыштардың орны, қисықтар мен түзулер анықталады.
Бұрылу бұрыштар транспортирмен өлшенеді, ал горизонталь қисықтардың радиустарының іріктеп алуы жергілікті жердің топографиялық шарттарына сүйене отырып, қисықтардың шаблондарымен немесе аэросуреттердің масштабтарына сәйкес өлшеуішпен жүргізіледі. Өлшенген бұрыштардың және қисықтар радиустарының шамалары дәптерлерге жазылады.
Өлшенген бұрыштардың шамалары:
1-ші вариант 2-ші вариант
θ1 = θ'1 =
θ2 = θ'2 =
θ3 = θ'3 =
θ4 = θ'4 =
Қисықтардың радиустары:
1-ші вариант 2-ші вариант
R1 = R'1 =
R2 = R'2 =
R3 = R'3 =
R4 = R'4 =
6.2 Өлшеу нәтижелерін өндеу тәртібі
6.2.1 Қисықтың негізгі элементтерін есептеу
Қисықтың негізгі элементтері автомобиль жолдарындағы қисықтарды бөлу кестелерінен алынады. Егер кестелер қол астында болмаса, онда оларды мына формулалар арқылы есептейді:
,
,
,
.
Өлшеу нәтижелер 4-ші кестеге енгізіледі.
Кесте 4
Q(сол) (оң) |
R |
T |
Қ |
Б |
Д |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.2.2 ҚБ мен ҚА-ның пикетаждық мәндерін есептеу
Өлшеу нәтижелерін пайдаланып, ҚБ мен ҚА-ның пикетаждық орындарын есептеуді әр бұрылу бұрышына бақылаумен жасайды:
ҚБ=БТ-Т;
ҚА=ҚБ+Қ;
ҚА=БТ+Т-Д.
мұндағы БТ – бұрыштар төбелерінің пикетаждық орны.
Төбелердің арасындағы қашықтықтар мен домерлерді ескере отырып, БТ-ның пикетаждық орындары есептеледі. Арақашықтықтар аэросуреттің масштабын ескере отырып, сызғышпен тікелей өлшенеді:
БТ-I=SТРБ –(БТ-1),
БТ-2=БТ–1 + S(БТ-1) - (БТ-2)–Д (БТ-1),
БТ-3=БТ–2 + S(БТ-2) - (БТ-3)–Д (БТ-2),
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
БТ-n=БТ–(n-1)+S (БТ(n-1))-(БТ-n)–Д (БТ- (n-1)),
TPА=БТ–n+S(Бт-n)-ТРА–Д(БТ-n),
мұндағы ТРБ – трассаның басы,
ТРА – трассаның аяғы.
6.2.3 Түзу аралықтарды есептеу
Түзу аралықтар дегеніміз трассаның түзу сызықты бөлікшелері. Олар дөңгелекшелердің кейінгі басының және алдыңғы соңының пикетаждық орындарының айырмасы ретінде есептеледі.
Р1 = ҚБ1-ТРБ
Р2 = ҚБ2–ҚА1
Р3 = ҚБ3 –ҚА2
---------------------
Р4 = ТРА–ҚАn-1
6.2.4 Дирекциондық бұрыштарды есептеу
Бастапқы бағыттың дирекциондық бұрышы аэросуретте транспортирмен тікелей өлшенеді. Осы үшін ТРБ арқылы «у» осіне параллель сызық жүргізіледі. Ол шартты түрде осьтік меридиан болып алынады. Трассаның кейінгі бағыттардың дирекциондық бұрыштары бұрылу бұрыштардың бағыттарына байланысты, олар ереже бойынша анықталынады: трассаның кейінгі бағыттың дирекциондық бұрышы алдыңғы бағыттың дирекциондық бұрышына оң жақтағы бұрылу бұрышын қосқанына немесе сол жақтағы бұрышты алып тастағанына тең болады:
αn= αn-1 + Qоң немесе αn = αn-1 – Qсол