
- •Қ.Б. Хасенов, м.Е. Рахымбердина, ж.Қ. Қалиғожина
- •050711 «Геодезия және картография» мамандығында
- •Пәннің мақсаты мен міндеті
- •Пәннің мақсаты
- •1.2 Пәнді оқудағы міндеттер
- •1.3 Зертханалық сабақтардың тізімі және студенттердің оларды қорғауларына қойылатын талаптар
- •- Жергілікті жердің стереомоделі бойынша автожолды трассалау;
- •2 Аэросуреттерді стереоскопта бағдарлау. Тура, кері және нольдік стереоәсер. Фотосуреттерде жеке объектілерді және жер бедерін зерттеу
- •2.1 Тура, кері және нольдік стереоәсерлерді алу
- •2.2 Стереоскоптың құрылымы
- •2.3 Стереоскоппен аэросуреттерді бағдарлау
- •3.1 Аэротүсірістің негізгі көрсеткіштерін есептеп шығару
- •3.2 Жабылу монтажын құрастыру
- •3 Зертханалық жұмыс
- •4.1 Аэросуреттер нүктелерінің масштабтарын есептеу
- •4.2 Пландағы нүктенің ығысуын есептеу
- •4.3 Жер бедерінен пайда болған түзу сызықтар мен бұрыштардың ауытқу өлшемдерін аэросуреттен табу
- •6 Жергілікті жердің стереомоделі бойынша автожолды трассалау
- •6.1 Аэросурет бойынша автожолдарды трассалау
- •6.2 Өлшеу нәтижелерін өндеу тәртібі
- •6.3 Трассаның негізгі варианттарын салыстыру
- •6.4 Пикедаждық журналды құрастыру
- •6.5 Түзулер және қисықтар ведомосін толтыру
- •7 Стереометр, оның бөліктері. Стереометрде суреттерді бастапқы бағыт бойынша бағдарлау. Суреттерді стандартты орналасқан алты нүктелер бойынша бағдарлау
- •7.2 Стереометрде аэросуреттерді центрлеу
- •7.3 Бастапқы бағыты бойынша аэросуреттерді бағдарлау
- •7.4 Стандартты орналасқан алты нүктелер бойынша аэросуреттерді бағдарлау
- •8 Ылдилығы берілген сызықтарды жүргізу
- •2.1 Тапсырманы орындау реті
- •9 Фотограмметриялық нивелирлеу
- •10 Стереометрде горизонтальдарды суреттеу
- •10.1 Горизантальдарды жүргізу үшін бойлық параллакстар бұрандасы бойынша есепті анықтау
- •10.2 Горизонтальдарды бейнелеу
- •Зертханалық жұмыс 10
- •11.1 Жұмысты орындау реті
- •12 Аэросуреттерді пландық жӘне биіктік байланыстыру
- •11 Зертханалық жұмыс
- •Сурет 10
- •Түзулер және қисықтар ведомосі
10.2 Горизонтальдарды бейнелеу
Бірінші горизонтальды жүргізу үшін бойлық параллакстар бұрандасына Р1 есептелген өлшем қойылады да, стереомодельді байқап, негізгі куймешені «х» кремальерамен баяу жылжыта отырып, оң жақтағы аэросуретте жіптің стереомодельдің бетімен жанасу орнын қарындашпен белгілейді.
Алынған нүктелерді горизонталь болатын жатықтық қисық сызықпен қосады. Содан соң бойлық параллакстар бұрандасына екінші горизонтальға есептелген өлшемді қояды да, жоғарыда айтылғандай горизонтальды жүргізеді. Салынған горизонтальдар стереомодельде байқалатын бедердің пішінін дұрыс көрсетуге тиіс.
Бақылау сұрақтары
бастапқы нүкте мен бірінші горизонталь арасындағы бойлық параллаксты есептеу;
горизонтальдар арасындағы бойлық параллаксты есептеу;
горизонтальдар арасындағы бойлық параллакстарды есептеу үшін бастапқы берілген болып не алынады;
салынатын горизонтальдардың параллакстарын есептеу;
жұмысты орындау ретін айтыңыз.
Әдебиет: [3] - 256-258 б;
[3] - 120-121 б;
[11] - 273-275 б.
11 Жер УЧАСКЕЛЕРДІҢ аудандарын аэросуреттер
бойынша анықтау
Зертханалық жұмыс 10
Бастапқы берілгендер: осы жұмысты орындау үшін аэросурет пен карта керек.
Әр студентке аэросурет бойынша жер бөлікшенің шекарасы көрсетіледі. Жер бөлікшенің ауданын анықтап оны карта бойынша алынған нақты ауданымен салыстыру керек.
11.1 Жұмысты орындау реті
Аэросуреттегі координаталық таңбалар бойынша тор көздерінің тік бұрышты орындары анықталады. Айқындалған координаталық тор бойынша жер бөлікшенің бұрылу бұрыштарының координаталары анықталады.
Егер аэросуреттің масштабы беймәлім болса, онда оны алдын-ала анықтау керек.
Координаталарды өлшеуіш пен көлденең масштабты сызғыш көмегімен анықтайды.
Аналитикалық формулалар бойынша жер бөлікшенің ауданы екі рет есептелінеді.
2S=∑xi(yi+1-yi-1)
2S=∑Yi(Xi-1-Xi+1);
.
Жер бөлікшенің ауданын дұрыс есептеуін топографиялық карта арқылы анықтайды. Аэросурет бойынша есептелген ауданның және карта бойынша ауданның айырмашылығы 3-5% аспауы керек.
Бақылау сұрақтары
жер учаскесінің ауданың есептеу формуласын жазыңыз;
сурет масштабын есептеу формуласын жазыңыз;
аэросурет бойынша жер учаскенің бұрылу нүктелердің координаталары қалай анықталады.
Әдебиет: [9] – 310-314 б.
12 Аэросуреттерді пландық жӘне биіктік байланыстыру
11 Зертханалық жұмыс
Есеп: полярлық әдіспен анықталған тану белгілердің координаталарын есептеу қажет және төмендегі бастапқы берілгендер бойынша (7-кесте) есептеудің бақылауын жүргізу керек (10-сурет).
Сурет 10
Кесте 7 - Бастапқы берілгендер
Вар. |
Бастапқы пункттердің атаулары |
Координаталар Х У |
Бастапқы
дир. бұрыштар
|
Өлшенген бұрыштар мен бағыттар |
|
1 |
А
В |
4 657 234,0 8 379 555,8 4 660 384,7 8 380 148,3 |
510 58/ 37//
130 45/ 05// |
1 2 3 d |
1060 14/ 21// 1740 59/ 25// 1120 29/ 38// 157,3 м |
2 |
А
В |
4 657 131,8 8 379 612,0 4 660 280,1 8 380 217,0 |
520 12/ 16//
1110 42/ 49// |
1 2 3 d |
1100 51/ 32// 1890 37/ 52// 1080 44/ 18// 101,3 м |
3 |
А
В |
4 657 131,8 8 379 612,0 4 660 280,1 8 380 217,0 |
520 12/ 16//
1300 58/ 24// |
1 2 3 d |
1060 14/ 32// 1740 59/ 18// 1120 28/ 42// 156,9 м |
4 |
А
В |
4 657 062,7 8 379 689,8 4 660 231,6 8 380 175,5 |
500 02/ 26//
1280 48/ 24// |
1 2 3 d |
960 00/ 08// 1850 13/ 54// 1230 13/ 38// 139,5 м |
5 |
А
В |
4 657 279,1 8 379 653,5 4 660 418,8 8 380 302,2 |
530 00/ 00//
1310 45/ 28// |
1 2 3 d |
960 59/ 51// 1850 14/ 11// 1230 13/ 38// 140,0 м |
Төменде берілген есептін шығару жолы көрсетілген.
Орындау реті:
1) АР сызығының дирекциондық бұрышын анықтаймыз. 10-ші суретке сәйкес
2) Тура геодезиялық есепті шешу негізінде тану белгінің ХР, УР координаталарын есептейміз:
,
мұндағы
- Х осі бойынша координата өсімшесі:
,
- Х осі бойынша координата өсімшесі:
.
3) Содан кейін есептеудің бақылауын жүргізу керек. Ол үшін кері геодезиялық есепті шешу негізінде берілген бір бұрыштын мәні тану белгінің ХР, УР координаталары арқылы есептеледі. Есептелген бұрыштын мәні берілген бұрішпен салыстырады. Айырмашылығы 1 аспау керек.
;
;
.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Шилов П. Н., Федоров В. И. Инженерная геодезия и аэрогеодезия. - М.: Недра, - 1971
Инженерная геодезия /под редакцией П.С. Закатова. – Москва.: Недра, 1976.
Федоров В. И. Инженерная аэрогеодезия. - М.: Недра, - 1988
Федоров В. И., Титов А. И., Холдобаев В. А. Практикум по инженерной геодезии и аэрогеодезии. - М.: Недра, - 1987
Лобанов А.Н. Фотограмметрия. – М.: Недра, 1984
Лобанов А. Н., Буров М. И., Краснопевцев Б. В. Фотограмметрия. - М.: Недра, - 1987
Буров М. И., Краснопевцев Б. В., Михайлов А. П. Практикум по фотограмметрии. - М.: Недра, - 1987
Живичин А. Н., Соколов В. С. Дешифрирование фотографических изображений.- М.:Недра, - 1980
Куштин И.Ф., Бруевич П.Н., Лысков Г.А. Справочник техника фотограммметриста. - М.:Недра, - 1988
Обиралов А.И. Фотограмметрия. – М.: Колос, - 2002
Дейнеко В.Ф. «Аэрофотогеодезия». - М.: Недра, - 1968
Федоров В.И., Шилов П.И.. Инженерная геодезия: Учебник для вузов. М.: Недра, 1982
Калыбеков Аэрогеодезия: Оқулық. Алматы: Баспа, 1987
Краснощекова И.А., Нормандская О.Б. Фотограмметрия: М.: Недра, 1982.
Инструкция по топографическим съемкам в масштабах 1:10 000 и 1:25 000. Полевые работы. М.: Недра, 1978.
Основные положения по аэрофотосъемке, выполняемой для создания и обновления топографических карт и планов (ГКИНП-09-32-80); М.: Недра, 1982.
Джуламанов Т.Д. Геодезия: Оқулық. Алматы: Эверо, 2005
Қалыбеков Т. Геодезия мен топогафия негіздері. – Алматы, 1993
Нұрпейісова М.Б. Геодезия: Оқулық. – Алматы, 1993
ҚОСЫМША А