
Есептер
А- деңгейі:
1) 25 %-қ 300 г ерітінді дайындау үшін тұздың массалық үлестері 60 % -қ және 10 %-қ екі ерітіндінің қандай массаларын араластыру қажет? Жауабы: m1 - 90 г, m2 - 210 г.
2) 45 %-қ 250 г ерітіндіні су қосып сұйылтқанда массалық үлесі 10 % -қ ерітінді алынды. Судың массасын есептеңіздер.
Жауабы: m2 - 875 г.
3) 10 %-қ 250 г ерітіндінің концентрациясын 45 %-ға жеткізу үшін қажетті құрғақ тұздың массасын табыңыздар.
Жауабы: m(құрғақ тұз) - 158 г.
4) Еріген заттың массалық үлесі 50 % массасы 200 г күкірт қышқылының ерітіндісін әзірлеу үшін 60 %-қ және 20 %-қ ерітінділерден қанша керек?
Жауабы: m1 - 150 г, m2 - 50 г.
5) Массасы 240 г глаубер тұзына (Na2SO4•10H2O) көлемі 760 мл су қосқанда түзілген ерітіндідегі натрий сульфатының массалық үлесі қандай?
Жауабы: 10,58 %.
6) Көлемі 1 л еріген заттың массалық үлесі 12 %, тығыздығы 1,122 г/мл темір сульфатының ерітіндісін әзірлеу үшін қанша темір купоросы (FeSO4•7H2O ) керек?
Жауабы: 242,35 г.
7) Көлемі 250 мл еріген заттың массалық үлесі 8 %, тығыздығы 1,092 г/мл натрий гидроксидіне 50 г натрий гидроксидін қосқаннан кейінгі ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 6,76 %.
8) Массасы 600 г еріген заттың массалық үлесі 50 % ерітінді дайындау үшін 90 %-қ және 30 %-қ ерітінділерден қанша керек?
Жауабы: m1 - 200 г, m2 - 400 г.
9) 1 көлем суда 300 көлем хлорсутек ( қ.ж.) ерітілді.Түзілген ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін (%) есептеңіздер (судың тығыздығы 1 г/см³).
Жауабы: 32,8 %.
10) Азот қышқылының массалық үлесі 0,96 ( 96 %) көлемі 30 мл (р = 1,5 г/мл) ерітіндісімен азот қышқылының массалық үлесі 0,48 ( 48 %) көлемі 40 мл (р = 1,3 г/мл) ерітіндісі араластырылды. Алынған ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 70,26 %.
11) 15 %-қ 120 мл аммиак гидратының (NН3•H2O) ерітіндісіне (р= 0,94 г/мл) 28 %-қ 120 мл азот қышқылының ерітіндісі (р= 1,15 г/мл) құйылды. Алынған ерітіндінің ортасы қандай? Реакция теңдеуін жазыңыздар.
Жауабы: қышқылдық орта.
12) Массасы 3,1 г фосфорды жаққанда түзілген фосфор (V) оксиді 14 %-қ 70 мл калий гидроксидінің ерітіндісінде (р = 1,14 г/мл) ерітілді. Түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 20 %.
13) Көлемі 4,48 мл метанды жаққанда ( қ.ж.) түзілген газ 40 %-қ 14 мл натрий гидроксидінің ерітіндісінде (р= 1,43 г/мл) сіңірілді.Түзілген тұздың массасын есептеңіздер.
Жауабы: 16,8 г.
14) Күкірт массалық үлесі 60 % -қ концентрлі азот қышқылының ерітіндісімен (р = 1,37 г/мл) әрекеттескенде күкірт қышқылы мен көлемі 67,2 л азот (ІІ) оксиді (қ.ж.) түзілді. Реакцияға түскен күкірттің массасын және азот қышқылының көлемін табыңыздар.
Жауабы: 48 г және 229,9 мл.
15) Массасы 20 г тұзды 180 г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.
Жауабы: 0,1 немесе 10 %
B-деңгейі
1) Судың 500 миллилитріндегі 100 л хлорсутек (қ.ж.) ерітілді. Алынған ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер.
Жауабы: 0,246 немесе 24,6 %
2) Бір литр өсімдік майының (тығыздығы 0,85 г/мл) массасын табыңдар.
Жауабы: 850 г.
3) Күкірт қышқылының массалық үлесі 10%, тығыздығы 1,07г/мл, көлемі 200 мл ерітіндісіндегі H2SO4 – тің массасын табыңдар.
Жауабы: 21,4 г.
4) Натрий гидроксидінің массалық үлесі 10 %, көлемі 20мл ерітіндісін даярлау үшін гидроксидтің қандай массасы қажет болатынын есептеңдер.
Жауабы: 2,22 г.
5) Күкірт қышқылының массалық үлесі 10 %, тығыздығы 1,07 г/мл, көлемі 450 мл ерітіндісіне күкірт қышқылының массалық үлесі 96 %, тығыздығы 1,84 г/мл, көлемі 50 мл ерітіндісі қосылды. Түзілген ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесін есептеңдер.
Жауабы: 23,8 %.
6) Натрий хлоридінің массалық үлесі 0,05, массасы 100 г ерітіндісімен, құрамында натрий хлоридінің массалық үлесі 0,15, массасы 300 г ерітіндісі араластырылды. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.
Жауабы: 0,125 немесе 12,5 % .
7)8 г тұзды 1 л суда еріткенде алынған ерітіндідегі натрий хлоридінің массалық үлесін есептеп шығарыңдар.
Жауабы: 0,008 немесе 0,8 %.
8) Массасы 27,8 г темір купоросына (FeSO4•7H2O) көлемі 172,2 мл су қосқанда түзілген ерітіндідегі темір (II) сульфатының массалық үлесін табыңдар.
Жауабы: 7,6 %.
9) 13г мырыш пен 24,5 г күкірт қышқылының ерітіндісі әрекеттескенде түзілетін сутектің Ұқ.ж.Қ көлемі.
Жауабы: 4,48 л.
10) Натрий гидроксидінің массалық үлесі 10 % (немесе 0,1) , массасы 45 г ерітіндісіне 105 г су қосылды. Алынған ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі қандай екенін табыңдар.
Жауабы: Натрий гидроксидінің массалық үлесі 10 %, массасы 45 г ерітіндісіне 105 г су қосылғанда алынған ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі 3 % болады.
С-деңгейі:
1)Натрий хлоридінің 20°С кезінде судың 100 грамындағы ерігіштігі -36г. Осы жағдайда қаныққан ертіндінің 340грамында қанша грамм еріген тұз бар?
Жауабы: 90г
2) Калий нитратының 60°С кезінде қаныққан 200г ерітіндісі берілген. Оны 35°С дейін суытқанда қанша грамм KNO₃ тұнбаға түседі? Калий нитратының 60°С кезіндегі ерігіштігі 1100г\л, ал 35°С кезіндегі ерігіштігі- 570г\л.
Жауабы: 50,5г
3) Бастапқы 80°С кезінде қаныққан ерітіндідегі еріген зат пен еріткіштің массаларын табамыз.
Жауабы: 50,47г
4) 60°С кезінде калий селитрасының қаныққан ерітіндісінде еріген заттың массалық үлесі-52,4, ал 20°С-та 24%. Егер қаныққан ерітіндінің 250грамын 60°С-тан 20°С-қа дейін салқындатса, онда тұнбаға түсетін тұздың мөлшері:
Жауабы: 93,42г
5) 20°С кезінде қаныққан ерітінді дайындау үшін 100г суда 36г тұзды еріту керек. Осындай қаныққан ерітінді алу үшін сол тұздың25%-тік ерітіндісінен қанша суды буландырып жіберу керек?
Жауабы: 17,8г
Пайдаланылған әдебиеттер:
Химия – есептер мен жаттығулар жинағы Ә. Темірболатова. Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқу құралы.
Химия – есептер мен жаттығулар жинағы Ә. Темірболатова. Жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқу құралы.
Мемлекеттік аралық бақылауға дайындалуға арналған химия пәні бойынша тест тапсырмалары ЖИНАҒЫ.
Білімділер сайты.
Ашық сабақтар сайты - http://ustaz.kz/sait-bolimderi/category/2-ximya
Химия есептері Қ.Бекішев