Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ashyk-sabak-kz-52a405d7a0661.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446.98 Кб
Скачать

Ерітіндіге байланысты есептеулер

Ерітінділер кемінде екі компонеттен тұрады. Олардың біреуі – еріген зат, екіншісі – еріткіш деп аталады. Олардың арасындағы айырмашылық кейде шартты түрде ғана болады. Егер ерітіндіде химиялық реакция жүретін болса, реакцияға қатынаспайтын компонент еріткіш деп есептеледі. Сулы ерітінділерде су еріткіш болып табылады.

Ерітіндінің маңызды сипаттамасы – оның сандық құрамы. Ерітіндідегі еріген заттың мөлшерін концентрация деп атайды. Ерітіндіде еріген заттың мөлшері көп болса, ерітінді – концентрациялы, ал аз болса – сұйытылған деп аталады.

Концентрацияны белгілеудің бірнеше әдісі бар. Солардың ең жиі қолданылатыны – ерітіндідегі заттың массалық үлесі немесе проценттік концентрация. Молярлық концентрацияны белгілеудің басқа тәсілдері сиректеу қолданылады.

Ерітіндідегі заттың массалық үлесін есептеуге арналған формулалар.

  1. Еріген заттың массалық үлесін есептеу:

m (ер.зат)

ω (ер.зат) = ––––––––––––– •100%

m (ерітінді)

  1. Берілген массалық үлесі бойынша еріген заттың массасын табу:

m (ер.зат) = ω (ер.зат) •m (ерітінді)

  1. Ерітіндінің массасын табу:

m (ерітінді)= m (ер.зат)

––––––––––––– немесе m (ерітінді)= m (ер.зат) + m (еріткіш)

ω (ер.зат)

  1. Еріткіштің массасын табу:

m (еріткіш)= m (ер.зат) - m (ерітінді)

  1. Еріткіштің массалық үлесін табу:

ω (еріткіш)=1- ω (ер.зат) немесе ω %(еріткіш)=100%- ω %(ер.зат)

Ерітіндіге байланысты есептер

8 - 9 сынып

Ерітінді дайындауға арналған есептер:

Массалық үлесі 0,06 немесе 6 % массасы 230 г калий нитратының ерітіндісін дайындауға қажетті су мен калий нитратының массаларын есептеңіздер.

Берілгені:

ω1 (КNО3) =0,06%

m (КNО3) = 230 г

Т/к: m (КNО3) , m (Н2О)-?

Шешуі:

1) Массалық үлестері бойынша ерітіндідегі таза заттардың массаларын есептейміз:

m (ер.зат)

ω (ер.зат) = ––––––––––––– •100%

m (ерітінді)

m (ер.зат) = ω (ер.зат) •m (ерітінді)

m (КNО3) = 0,06•230 = 13,8 г

2) Ерітінді дайындау үшін қажетті судың массасы:

M (Н2О) = m (ер-ді) – m (КNО3) = 230 -13,8 = 216,2 г

Жауабы: КNО3 - 13,8 г; Н2О - 216,2 г.

Массасы 25 г мыс купоросын (СuSO4•5Н2О) көлемі 200 мл ( р = 1 г/см³) суда ерітті. Алынған ерітіндідегі сусыз мыс сульфатының массалық үлесін (%) есептеңіздер.

Берілгені:

m (СuSO4•5Н2О ) = 25 г

V(H2О) = 200 мл

р (H2О ) = 1 г/см³

Т/к: ω (СuSO4)-?

Шешуі:

1) Мыс купоросы мен мыс сульфатының молярлық массаларын есептейміз:

М (СuSO4•5Н2О) = 63,5 +32+16•4 +18•5= 249,5 г/моль

М (СuSO4) = 63,5 + 32 + 16•4 = 159,5 г/моль

2) Кристаллогидрат құрамындағы сусыз мыс сульфатының массасы:

249,5 г СuSO4•5Н2О ––––––––––– 159,5 г СuSO4

25 г СuSO4•5Н2О ––––––––––– х г СuSO4

159,5•25  

х = –––––––––– = 15,98 г

249,5

3) Еріткіштің массасын анықтаймыз:

M (Н2О) = V(Н2О) •p (Н2О) =200 •1 = 200 г

4)Түзілген ерітіндінің массасы:

m (ерітінді) = m (еріткіш) + m(тұз)

m (ерітінді) = 200 +25 = 225 г

5) Мыс сульфатының массалық үлесі:

m (ер.зат)

ω (ер.зат) = ––––––––––––– • 100 %

m (ерітінді)

15,98 г •100 %

ω (СuSO4) = ––––––––––––– = 7,1 %

225

Жауабы: 7,1 %.

Еріген заттың массалық үлесі 50 % , р = 1,3 г/см³, көлемі 250 см³ азот қышқылының ерітіндісіне көлемі 1 л су қосылғанда түзілген ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесін (%) есептеңіздер.

Берілгені:

ω1 (НNО3) = 50 %

V(ер-ді) = 250 см³

р (ер-ді) = 1,3 г/см³

V(H2О) =1 л

Т/к : ω2 (НNО3)-?

Шешуі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]