
- •Билет № 1 Аралық бақылау-2
- •2. “Халықтың дәрігерлермен қамтамасыз етілуі” көрсеткішін есептеуге қандай мәліметтер қажет:
- •Билет № 2 Аралық бақылау-2
- •1. Кепілдік етілген ақысыз медициналық көмек көлемі қандай есептен қаржыландырылады:
- •2. Нәтиже индикаторларына (Донабедиан триадасы) жатады:
- •7. Тұрақты және толыҚқанДы нарықта әрекет ететін кәсіпкерге өз маркетингтік құлшынысын қалай бағыттағаны дұрыс шешім болып табылады:
- •8. Менеджер өз қызметкерлерінің ынтасын жоғарылату үшін қандай әрекет жасау қажет?
- •9. Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік тиімділік немен сипатталады:
- •Г Пациенттің денсаулық жағдайын жақсарту д Аурушылдық диагностикасын жақсарту
- •10.Денсаулық сақтауды жоспарлау міндеттерін шешу үшін қолданылатын әдістер:
- •Билет № 3 Аралық бақылау-2
- •1.Үй жағдайындағы көмектің көлемі” көрсеткішін есептеуге қажет мәліметтер:
- •2. Қандай көрсеткішті есептеуге болады: қандай көрсеткішті есептеуге болады: егер терапевтік учаскеде 1700 ересек адам болса, олардың 120-сы учаскелік терапевтің диспансерлік тіркеуінде болса:
- •3. Егер стационардың 80 төсек орындық терапиялық бөлімінде жыл бойы 1600 науқас өткен болса, 5-і өлсе, қандай көрсеткішті есептеуге болады:
- •4. Уақытша еңбекке жарамсыздық дегеніміз ...
- •Билет № 4 Аралық бақылау-2
- •Билет № 5 Аралық бақылау-2
- •1. Өндірушілер арасындағы баға және ұсынылатын тауарлар мен қызметтер көлемін анықтауда туындайтын арақатынастар ТипІ –
- •2. Үрдіс ИндикаторЛарына (Донабедиан триадаСы) жатады:
- •10.Денсаулық сақтауды жоспарлау және қаржыландыру жоспарының түрлері:
- •Билет № 6 Аралық бақылау-2
- •Билет № 7 Аралық бақылау-2
- •7. Менеджер әрекетін шектейтін факторлар:
- •8. Денсаулық сақтауды қаржыландыру көздерінің қаражатына жатады:
- •В Міндетті медициналық сақтандыру қаражаты
- •9. Уақытша еңбекке жарамсыздықты қандай құжаттар куәландырады:
- •10. Қалалық аурухананың жылдыº есеп беру м¸лiметтерi бойынша орташа жылдыº т¼сектi пайдалану к¼рсеткiшi - 380 к¾ндi º½рады. Стационар ж½мысы ж¼нiнде ºандай ºортынды жасау¹а болады …
- •Билет № 8 Аралық бақылау-2
- •5.Тестер
- •1. Емдеу-профилактикалық мекеменің жылдық есебінің бөлімдеріне кіреді:
- •2. Стационардың жұмыс көрсеткіштеріне мынадай факторлар әсер етеді:
- •3. Уақытша еңбекке жарамсыздық келесі түрлерге бөлінеді:
- •4. Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптауын жүргізетін емдеуші дәрігердің міндеттері:
- •Б Міндетті медициналық сақтандыру қаражаты
- •Г Ерікті медициналық сақтандыру қаражаты
- •Билет № 9 Аралық бақылау-2
- •1. Уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптау жүргізеді:
- •Билет № 10 Аралық бақылау-2
- •1.Қаржылық жоспар ненің құрамдас бөлігі:
- •2. Құрылым индикаторларына (Донабедиан триадаСы) жатады:
- •8. “Кезеңдік байқаумен қамту толықтығы” көрсеткішін есептеу үшін қандай мәліметтер қажет?
- •9. Жүктілікке байланысты жұмысқа жарамсыздық қағазын қай уақыттан бастап береді?
- •10. Стационардағы дәрігерлер жұмысын келесі көрсеткіштер сипаттайды …
8. Менеджер өз қызметкерлерінің ынтасын жоғарылату үшін қандай әрекет жасау қажет?
А. - жұмыс нәтижелеріне байланысты қызметте өсіру сұрақтарымен айналысу;
- өз қызметкерлеріне талапты жоғарылату;
- жақсы жұмыс жасағандарды материалдық марапаттап, нашар жұмыс жасағандарды жазалау;
Б.+ - жеке дамуға және өз-өзін құрметтеуге жағдай жасайтын қолайлы жұмыс климатын қамтамасыз ету;
- қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату, өз бетінше шешім қабылдай алатын компетентті қызметкерлер қабылдау;
- қызметте жоғарылату сұрақтарымен және жұмыс нәтижесіне байланысты марапаттау сұрақтарымен айналысу;
В. - қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатумен айналысу;
- қабылданған шешімдердің орындалуын және еңбек тәртібін күнделікті бақылау;
- жұмысшылар арасындағы моральдық-психологиялық климатты қамтамасыз ету;
Г. - жұмысшыларға қойылатын талапты жоғарылату;
- жұмыста қолайлы экологиялық орта құру;
- ыңғайлы режим бойынша жұмыс жасау;
Д. – фирма, өндіріс жұмыстары жөнінде қажетті ақпаратпен беру;
- орындаушылардың жұмысын объективті бағалау;
- жұмысшылаға қойылатын талапты күшейту.
9. Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік тиімділік немен сипатталады:
А + Аурушылдықтың алдын-алу
Б +Мүгедектікті төмендету
В +Өмірдің ұзақтығын арттыру
Г Пациенттің денсаулық жағдайын жақсарту д Аурушылдық диагностикасын жақсарту
10.Денсаулық сақтауды жоспарлау міндеттерін шешу үшін қолданылатын әдістер:
А +Аналитикалық, баланстық, нормативтік
Б Территориалдық, ведомстволық, есеп беру;
В Перспективті, күнделікті;
Г Репрезентативті, іріктелген;
Д Шектеулі.
Билет № 3 Аралық бақылау-2
1. МӘЭК :құрамы, функциялары ,жұмыс мекемелері.
2. Денсаулықты сақтауды басқару моделі. Медициналық мекемелерді басқару стилі. 18 тақырып: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ. БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛАРЫ
Мақсаты: Денсаулық сақтау жүйесі мен қызметтерін басқару негіздерін беру.
Басқару дегеніміз:
мақсаттарды анықтау үдерісі мен қойылған мақсаттарға жету бойынша іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
ұйымды басқаруға немесе мақсаттарға жету бойынша іс-әрекеттер бағытына жауапты адамдар.
Көптеген елдерде денсаулық сақтау қызметтерін басқару бір орынға шоғырландыру мен міндеттерін тапсырудың (децентрализацияның) әртүрлі элементтерінің үйлесуіне негізделген. Басқарудың кез келген тұрпаты бірінші тұлға мен оның командасының жеке бас сипаттамасына бірталай деңгейде байланысты.
ДДСҰ деректері бойынша денсаулық сақтауда ортақтандыруға төмендегілер жатпайды:
саясат ұстанымдары мен стратегиялық шешімдер (негізгі өмірлік құндылықтарды, қызметтің ішкі құрылымдарын анықтау, ірі күрделі құрылысты жоспарлау, қымбат тұратын жабдық сатып алу, зерттеу мен дамыту саласында қызмет, кадрларды даярлау);
реттеу шаралары, өлшемдері (жаңа дәрілік препараттар және емдеу әдістері, медициналық қызмет көрсетулерді қамтамасыз етушілерді аккредитациялау);
тұрғындар денсаулығын бағалау және мониторинг;
денсаулық сақтау қызметтер жұмысын талдау.
Стратегиялық жоспарлау.
Ұйымды тиімді басқарудың алғашқы кезеңі – ұйымды құрайтын құрылымдық бөлімшелерді жете талдау болып табылады. Бұл үдеріске алғашқы және екінші деректерді, сондай-ақ, ұйым туралы шынайы және өз субъективті ақпарат жинау кіреді. Ұйым іс-әрекеті туралы ресми есептерге, сонымен бірге қызметкерлермен бейресми сұхбаттан алынған фактлерге мұқият талдау жүргізу керек. Бұған қаржы, бюджет, өнімділік, сапаны бақылау, кадрлық мәселелер мен т.б. туралы деректер кіреді. Ұзақ мерзімді тенденцияларды анықтау мақсатында бірнеше жылдық деректерге талдау жүргізу керек.
Миссия – бұл ұйымның негізігі құндылықтары мен философиясын қысқаша мазмұндау, сондай-ақ, оның қоғамға ұсынатын өнімдері мен қызмет көрсетулерінің нақты түрлерін сипаттау. Басқа сөзбен айтқанда, бұл қандай ұйым және ол не үшін қызмет етеді дегенді білдіреді. Миссия болашақ іс-әрекетті жоспарлауда өз алдына бір маяктың служит своего рода маяком при планировании будущей деятельности.
Сөйтіп, стратегиялық жоспар осы көрінісі жүзеге асыру үшін ұйымның жүру жолын белгілейді, сонымен қатар өз құндылықтары мен миссиясына адал болып қалады. Ұйымның миссиясы мен мақсаттарынның тұжырымдамасын ұжымға жеткізу керек. Барлық дәрежедегі қызметкерлер ұйымның негізгі мақсатын және олардың жұмысына әсер ететін қисынды шешімдер негіздемесін нақты білуі керек. Ұйымның қаржылық және еңбектік ресурстарын жұмылдыру – оның жетістігінің ең маңызды факторы болып табылады.
Аралық бағалу жасағаннан кейін жауапты тұлғаларға олардың орындап жатқан жоспар элементтеріне қажет болған кезде түзетулер жасалатынын мәлімдеу керек.
Денсаулық сақтауды басқару – бұл осы саланың және оның нормативтік-құқықтық реттеу, медициналық технологиялар, медициналық жұмысшылардың білімі мен шеберлігі арқылы аурушаңдықтардың алдын алу және жою, өлім-жітім мен мүгедектікті азайту, дененің дамуын жақсарту, еңбекке жарамдылықты арттыру және адамдар өмір жасының ұзақтығын ұлғайтуды қамтамасыз ететін ресурстарының (денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлары, материалды-техникалық база, қаржыландыру) ұтымды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күрделі көп сатылы және көп компонентті шаралар жүйесі.
Денсаулық сақтауды басқару үдерісіне мыналар кіреді:
- денсаулық сақтау ресурстары туралы ақпарат көздері мен жолдары;
- басқару нәтижелері туралы ақпарат көздері мен жолдары;
- басқару мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат көздері мен жолдары;
- денсаулық сақтаудың нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базсы, медициналық, сонымен бірге басқаратын технологиялар деректер базасы;
- алынған ақпаратты талдау және үйлесімді басқаратын шешімдер шығаруға арналған құрылымдар.
Денсаулық сақтауды басқарудың қозғаушы күші — қаржыландыру механизмдері, кәсіби қызметті нормативтік-техникалық реттеу, медициналық қызметті стандарттау, сараптау және нормалау, мөлшерлеу.
Әртүрлі ведомстволардың, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелері көрсететін медициналық көмектің жеке түрлерін белгілі бір дәрежеде қайталайды. Ведомстволық медицинаны жоюға қарсы дәлелдеме ретінде, денсаулық сақтаудың ведомстволық мекемелері он жылдар бойы осы салада жұмыс істейтіндердің еңбек, тұрмыс және демалу ерекшелігіне тікелей байланысты құрылғанын айта кету керек. Денсаулық сақтаудың жалпы жүйесінің мекемелеріне қарағанда, ведомстволық денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық көмек көсету деңгейі, әдеттегідей, жоғары. Бұл олардың таңдаулы техникалық жабдықталғанына және жоғары білікті кадрларына байланысты. Бір жағынан, ведомстволық медициналық мекемелерде, оларға ұқсас денсаулық сақтаудың жалпы желісіндегі мекемелерге қарағанда жүктеме төмен.
Егер де салалық министрліктер мен ведомстволарға (темір жол, авиация, күш беретін министрліктер және т.б) бөлінетін денсаулық сақтауға арналған қаражатты жалпы денсаулық сақтау бюджетіне шоғырландыра алмаса, ең болмаса олардың есебін реттеу керек.
Қазіргі таңда бір қатар елдерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қызмет көрсетілетін жанұялар немесе жеке тұлғалар тізімін жасау жүйесі енгізіліп келе жатыр. Бір жағынан, ықтимал пациенттер тізімін жасау шығындарды шектеуге әкеледі, енді бір жағынан — дәрігер мен пациент арасында тығыз қарым-қатынас болу мүмкіндігін жоғарлатады және медициналық қызмет көрсету үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, денсаулықты қорғау тұрғындарға медициналық көмек көрсетумен тікелей байланысты емес көптеген сектораралық өзара әрекеттерді қамтиды, сол екі арада, денсаулық сақтау – бұл тұрғындарға емдеу-профилактикалық көмек көрсететін, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен сот-медициналық сараптаманы жүзеге асыратын мекемелер жүйесі.
Кадрлық саясат, медициналық білім беру және медициналық жұмысшылардың біліктілігін арттыру. Денсаулық сақтау жүйесін реформалаумен бірге, қоғамда әлеуметтік-экономикалық өзгерулер кезінде сала дамуының маңызды стратегиялық құрамдасы ретінде кадрлық ресурстарды басқаруды оңтайландыру өзекті рөлге ие болады.
Реформа жылдары кадрлық саясатқа қашанда тиісті көңіл бөліне бермейді. Төмендегі мәселелер шешілмей қалады: білікті кадрлардың саладан, әсіресе, амбулаторлық-емханалық буыннан кетуі; жалпы бейінді дәрігерлер, тар мамандар, дәрігерлер мен орта медициналық жұмысшылар саны арасында үйлеспеушіліктің бар бар болуы; еңбекақының төмендігі және медициналық жұмысшылар үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілдік тапшылығы.
Денсалық сақтаудың табысты реформасы штаттық құрылымды жоспарлау мәселелерін кешенді түрде қарастырылғанда ғана мүмкін болады, оның ішінде медициналық жұмысшылардың әртүрлі санаттарының, білімінің, кәсіби даярлығының үйлесуі және медициналық қызметкерлер құрамын аккредитациялау, сондай-ақ ынталандыру жүйелері және т.б. Кадрлық қамсыздандырудың қолданыстағы нормативтері аз дегенде әрбір бес жылда қаралып отыруы керек, ал денсалық сақтаудың реформалары кезінде – одан да жиі.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент. Деснаулық сақтау ұйымдарында басқару дағдылыры мен әдістері.
Жүйелер теориясы алғаш дәл ғылымдар мен техникада қолданыс тапты. Басқаруда жүйелер теориясын пайдалану – 50-ші жылдар соңында басқару ғылымының теориялық және практикалық аспектілеріне маңызды салым болып табылды. Әртүрлі жүйелер теориясын бір бүтінге апару және оларды басқаруда пайдалану мүмкіндігін анықтаудың алғашқы талпыныстарының бірі Массачусетс технологиялық институты ғалымдар тобының жұмысы болды.
Басқаруға жүйелер теориясын қолдану басшылар үшін ұйымның сырттағы ортамен байланыста болатын құрамдас бөлімшелерін тұтастықта көру міндетін жеңілдетті. Оның үстінде, бұл теория басқару теориясы мен практикасында әр түрлі уақытта үстем болған барлық мектептер салымдарын ықпалдауға көмек көрсетті. Жүйе дегеніміз не, оның мәні неде?
Мысалы, емдеу-профилактикалық, амбулаторлық-емханалық немесе санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер тізімі әлі де жүйені білдірмейді, мысалы, денсаулық сақтаудың профилактикалық ұстанымдарын іске асыру бойынша. Бірақ та, осы мекемелер тобы өзара байланыста болып, денсаулық сақтаудың сол немесе басқа бір проблемасы бойынша өзара әрекеттессе, бұл мүлдем басқа мәселе. Бұл жағдайда мұндай бірлестік, сыртқы белгісі бойынша жүйе болып көрінеді. Ал егер де қазір бір буын (мекеме) алынып тасталса, онда бұл бүткіл жүйенің жұмыс істеу тиімділігінен сезіледі.
Майкл Мескон мен оның бірлескен авторлар пікірі бойынша, жүйе — бұл бүтін сипаттамасына өз үлесін қосатын қзара байланысты бөліктердан тұратын біршама тұтастық.
Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуі дегеніміз — динамикалық үдеріс, оның ең маңызды орны оның екі тарапына тиесілі. Біріншіден, жүйе құрылысы, оған олардың элементтерінің өзара әрекеттесу сипаттамасы бағынышты болады; екіншіден, осы элементтерге әсер ету, яғни, жүйенің мақсатты қызметін орындаудың ең көп нәтижесіне жеткізетін тәсілдер арқылы. Жүйе жұмыс істеуінің осы екі тараптары ұйымдастыру мен басқару үдерістерінде өз көріністерін табады.
Ұйым дегеніміз не? Ұйымды қоғам мен әрбір тұлға өз денсаулығын сақтау мен қалпына келтіру мұқтаждығын анағұрлым толық қанағаттандыру бойынша нақты жүйенің жоғары тиімді жұмыс жасауын қаматамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-құқықтық және медициналық шараларды жоспарлы түрде жүзеге асыратын ғылыми-негізделген жиынтық ретінде анықтауға болады. Басқаруды ұйымдастыру үдерісінің маңызды мінездемелерінің бірі – бұл оның үздіксіздігі мен жиынтықтығы, бұл келешекте, белгілі бір жұмыстарды, жоспарлылықты және т.б. ұйымдастыру қажеттігін алдын ала қарастырады.
Осы анықтаманың едәуір маңызды элементтері болып төмендегілер табылады:
Мақсаттар – медициналық ұйымдар немесе денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық және тактикалық міндеттерін орындауға кепіл беретін басшылар мен ұжымдар қызметінің күтілетін нәтижелері.
Адамдық ресурстар – басшылар мен орындаушылар жиынтығы, олардың білімі, шеберлігі, дағдысы, зиятты әлеуеті, дәлелдеулер және қойылған мақсаттарға жетуді іске асыруға дайындығы.
Материалдық ресурстар – қаржылық мүмкіндіктер.
Медициналық-технологиялық ресурстар – медициналық ұйымдар мамандарының басқару, клиникалық, иновациялық мүмкіндіктері.
Тиімді қолдану – медициналық ұйымдар немесе денсаулық сақтау жүйесі үшін барынша мол пайдалылықты қамтамасыз ететін адамзаттық, материалдық және медициналық-технологиялық ресурстарды пайдаға асыру.
Қаржылық ресурстарды пайдаланудың шектеулі мүмкіндіктер жағдайында денсаулық сақтаудағы заманауи менеджмент адамзат ресурстарына анағұрлым көп назар қояды. Менеджментті анықтауда мұндай тәсіл бихевиориститік мектеп өкілдерінде байқалады: «Менеджмент – бұл, ұйымды басқаруға адамдарды барынша көп тарту арқылы ұйымның мақсаттарына жету».
Менеджмент – бұл, шектеулі ресурстар жағдайында қойылған мақсаттарға жету үшін ресурстарды тиімді және үнемді үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған ұйым қызметі |
Заманауи денсаулық сақтаудағы менеджердің міндеті жекелік және қоғамдық мүдделерді медициналық ұйымның едәуір тиімді жұмыс жасау үшін біріктіре білуден тұрады, ресурстардың жетіспеушілік жағдайында денсаулық сақтаудағы менеджеріне өмірлік қажетті дағдыларды білдіреді.
Бүгінгі таңда, медициналық ұйымның бір басшылары нарықтық жағдайда денсаулық сақтаудың жұмыс жасауының құқықтық, экономикалық және әлеуметтік механизмдерінің жетілмегендігіне, қаржыландырудағы көбейіп келе жатқан қарбаластыққа байланысты туындаған басқару проблемаларын көптеген мамандарсыз шеше алмайды. Сондықтан денсаулық сақтауды дамыту заманауи кезеңінің мақсаттарына жету үшін менеджерлер қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану бойынша шешімдер қабылдауда жеткілікті өктемді өкілеттіктерге ие болуы тиіс.
Көптеген бастықтар белгілі бір дағдылар мен білім минимумысыз жақсы менеджер болу мүмкін емес деген пікірге келеді. Бұл минимум менеджменттің өзекті дағдылары деген атқа ие болып, үш білімдер/дағдылар санатынан тұрады:
Техникалық білімдер/дағдылар.
Адамдармен жұмыс жасау дағдылары.
Басқарудың тұжырымдылық дағдылары.
Басқару ғылымы менеджменттің 5 көпшілік қабылдаған функцияларын атайды:
Жоспарлау.
Ұйым.
Қызметкерлер құрамын басқару.
Көсемділік.
Бақылау.
Денсаулық сақтау практикасында барлық функциялар өзара байланысты және жүйені немесе медициналық ұйымды басқарудың үздіксіз топтамасын білдіреді.
Жоспарлау – бұл ұйымдастырушылық мақсаттарын әзірлеу үдерісі және оларға жету үшін іс-әрекет беталысын таңдау.
Ұйым – белгілі бір жұмыс түрлеріне мамандандырылған, осыған сәйкес біліктілігі бар және ортақ мақсаттарға жету үшін бірлесіп жұмыс жасайтын адамдар қауымдастығы. Осы анықтаманы толығымен қарастырайық:
Басқару - Денсаулық сақтау саласы көп еңбек сіңіруді қажет етеді, онда көптеген кәсіпқойлар жұмыс жасайды. бұл басшылар алдына тек осы салаға тән міндеттерді қойып қана қоймайды және де жеке адамдардың өзара тілдесуінің айтарлықтай дағдыларын талап етеді.
Көсемділілік - Көсемділіліктің көптеген түсініктемесі бар, алайда көсемділіліктің денсаулық сақтау саласыдағы рөлі әлі зерттеліп бітпеген. Поинтер мен Санчез пікірі бойынша, «Көсемділілік– бұл адамның сол немесе басқа мақсаттарға жету үшін басқа адам немесе топқа ықпал етуге саналы түрде тырысатын үдеріс».
Бақылау – бұл күтілген нәтижелерге жетуге бағытталған ұйымның қызметін бақылау үдерісі.
Тиімділілік – қойылған мақсаттарға жету үшін ресурстарды ұтымды пайдалану.
Менеджер жұмысының табыстылығы немесе сәтсіздігі екі өлшемдермен – тиімділік пен үнемділікпен белгіленеді.
Тиімділілік нәтижелілікті немесе мақсаттарға жетуді білдіреді. Медициналық ұйымның бүткіл қызметі қойылған мақсаттарға жету үшін бағытталуы тиіс. Медициналық ұйым басшылары жиі тиімділіктің нақты түсінігін түсінбегендіктен өз жұмысын тиімді деп санайды. Ұйым мақсатсыз табысты жұмыс жасап жатқандай елестейді де, бірақ тиімділікке жетпейді. Бір жағынан мақсаттарға шамадан тыс бағамен жетеді.
3. Медициналық көмек сапасының басқару жүйесінің мақсаттары мен міндеттері
Ситуациялық есеп:
А деген науқас әдеттегі демалыс барысында шетелде ауырып қалып, оған уақытша жұмыссыздық туралы қағаз береді. Емдеуші дәрігер берген еңбекке жарамсыздық парағын емдеу-профилактикалық мекеме әкімшілігімен бекітілген қағазға ауыстыруға бола ма?
Тесттер