Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prof_b_mpd_kz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать

4) Иллюстрациялы материал: қосымшада.

5) Ұсынылатын әдебиеттер:

6) Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):

1. Жұмысшыларға қандай өндіріс аймағында шаңды факторлар әсер етеді?

2. Силикоздың патогенезінің негізгі теорияларын атаңыз.

3. Силикоздың негізгі рентгенологиялық белгілері қандай?.

4. Силикоздың емінің негізгі принциптері қандай?

5. Силикозды аурулардың еңбекке жарамдылығын анықтайтын негізгі критерилерін атаңыз.

6. Силикоздың медициналық алдын алудың негізгі әдістері.

1)Тақырыбы №3: Кәсіптік бронх демікпесі.

2)Мақсаты: Кәсіптік бронх демікпесіне анықтама беру, диагностикасы мен емдеу әдістері.

3) Дәріс тезистері:

Қазіргі кезде барлық елдерде ең үлкен мәселе туғызатын аллергоздар болады. Бұлар: крапивница (есекжем), Квинке ісігі, конъюктивит, ринит, ринофарингит, дерматоздар және аллергоздың классикалық түрі - бронх демікпесі. Бұлар кәсіби аурудың арасында кең тараған. Кәсіби аллергендердің спектрінде кәсіптік бронх демікпесі жиі кездеседі және едәуір кең орын алады.

Этиологиясы. Аурудың дамуына себепші әртүрлі аллергендер: өсімдік, ағаш, темекі, перламутр, дән, ұн шаңдары. Рамаццини 1700 жылы ұндық бронх демікпені жазған және мақта, зығыр (лен), коноплн, джут, камьёдан т.б. болатынын айтқан.

Бронх демікпе ауруы суконкамволь тоқу өндірісінде, жиһаз фабрикасында, элеватор, диірмен, нан пісіру жұмыс шаруашылығында жиі кездеседі.

Жануарлық шаң - тозаңдарға: қой, ешкі жүндері, шаш, қауырсын қанаттары, табиғи жібек, микробтар, саңырауқұлақтар, антибиотиктер жатады. Сондықтан құс фермасында, мал шаруашылығында істегендер, қой қырқу, шаштаразшы - шанион (шаш) жасау кәсібінде істегендерде де кездеседі.

Химиялық антигендік қасиеттері мол заттарға: урсол, формальдегид, формалин шаңы аэрозолі, құрғақ лак, полимерлік эпоксидтік смола шандары жатады.

Кейінгі кезде кәсіби бронх демікпесін тудыратын кейбір металдық қосылыстардың: бериллий, хром, никель, кобальт, платина, алтын, күміс және т.б. химиялық заттардың аллергендік әсері анықталды. Соңғы жылдары пестицидтерді, дезинфекциялық заттарды қолданатын, дәрі жасайтын адамдарда әсіресе антибиотиктерді, вакцина, витамин, сульфаниламидтерді, амильнитридтерді, ипекакуана, бромды бронх демікпесі жиі кездеседі.

Патогенезі. Аурудың даму механизмі рефлекторлық, токсикалық - инфекциялық аутоиммундық, неврогендік теориялармен түсіндіріледі.

А.Д. Адо бойынша І-ші иммундық кезеңде, кәсіптік аллергендер әсерінен антиген - антидене конъюгат құрастырылады. ІІ-ші кезең патохимиялық, антиген пайда болған кезден тіндік қан сарысулық ферменттердің белсенділігі өзгереді, протеолитикалық, липолитикалық ферменттердің белсенділігі жоғарылайды, тамырлардың қабатында, тіндерде синовиалды бронх қабықшаларында гистамин, ацетилхолин, серотонин, брадикинин т.б. биологиялық заттардың белсенділігі жоғарылап, көп мөлшерде шығады.

III кезең патофизиологиялық, тегіс салалы броих бұлшықеттердің жиырылуы (бронх мускулатурасының спазмы), бронхтың ісінуі, бездердің гиперсекрециясы тыныс жолдарының обструкциясы, бронх өткізгіштігінің бұзылуы дамиды.

Клиникалық түрі бойынша жіктелуі:

1) инфекциялық - аллергиялық;

2) инфекциялық - аллергиялық емес.

Осының ішінде инфекциялық - аллергиялық емес кәсіптік бронх демікпесі жиі кездеседі. Бұлар ауырлығына қарай I, II, III дәре-желі ауырлықта болады.

Қазіргі уақытта Г.Б.Федосеев ұсынған (1982 ж.) бронх демікпесінің жіктелуі қолданылады.

Бронх демікпе ұстамасының дамуына қарай:

- Демікпе алды (предастма);

- Бронх демікпесі.

Түрлеріне қарай:

1. Иммунологиялық

2. Иммунологиялық емес

Патогенетпикалық механизмдеріне қарай:

1. Атопиялық

2. Инфекцияға тәуелді

3. Аутоиммундық

4. Дисгормоналдық

5. Нерв-психикалық

6. Адренергиялық дисбаланс

7. Біріншілік өзгерген бронхтардың реактивтілігі

Ауырлық агымына қарай:

1. Жеңіл ағымды

2. Орта ауырлықты ағым

3. Ауыр ағымды

Өршу кезеңіне қарай:

1. Өршу

2. Толық емес ремиссия

3. Ремиссия

Асқынуларына қарай:

1. Өкпелік - өкпе эмфиземасы, тыныс жетіспеушілігі, ателектаз, пневмоторакс және т.б.

2. Өкпеден тыс - миокард дистрофиясы, өкпелік жүрек, жүрек жетіспеушілігі.

Ескерту: демікпе алды деген бронх демікпесінің пайда болу қауіпін сипаттайтын жағдайлар. Оларға жататындар: жедел және созылмалы бронхит бронхоспазммен бірге жүретін, қосарланған вазомоторлы ринит пен есекжем, вазомоторлы ісік пен мигрень және қанда эозинофилия немесе ұстама кезінде қақырықтың құрамындағы эозинофилдер мен жиі байқалатын иммунологиялық механизмдерімен түсіндірілетін пневмония.

Клиникалық көрінісі: Негізгі клиникалық көрінісі - тұншығу ұстамасы. Бұл бронхоспазм мен бронх бездерінің гиперсекрециясынан және бронх қабықшасының ісінуінен, яғни кәдімгі бронх демікпесіндегі клинико - морфологиялық көрініс. Ал ауырлық дәрежесінің клиникасы көбіне мына асқынуларға байланысты: өкпе эмфиземасына, созылмалы бронхит, пневмония, пневмосклероз, өкпелік жүрек және адамнын заттарға деген поливалентті сезімталдығының жоғары болуына.

Таралған бронхоспазм, тыныс бұлшықетгерінің дисфункциясы, бронхтардың шырышты қабаттарының ісінуімен байланысты тұншығу болады.

Кәсіптік бронх демікпесі кенеттен тұншығумен басталады, тұншығу ұстамасы сенсибилизациялаушы қасиеті бар заттармен жұмыс істегенде жақсы денсаулық тұсында пайда болады. Басында ұстама өндірістік аллергенмен қатынасқанда тез басталып, аллергеннен тыс ұстама тез жойылады. Көп жыл аллергенмен қатынаста ұстама жұмыстан кейін тұрақтануы мүмкін.

Ұстама кезінде науқас мәжбүр жағдайда болады - ортопноэ, шулы ысқырықты тыныс, тері қабатының цианозы, ұзарған дем шығару, өкпенің төменгі қырларының қозғалуының шектелуі.

Бастапқы сатыда ұстама аралық кезінде бронх демікпесінің симптомдары болмайды. Аурудың жеңіл түрінде бронх демікпесінің қиындауы орташа ентігумен, жөтелмен, кейде аз қақырықпен қосарланып жүреді. Өкпеде қатаң тыныс, жайылған құрғақ сырылдар естіледі.

Бронх демікпесі ұстама кезінде шеткі қанда эозинофилия, қақырықта эозинофилдер, Куршман спиралдары, Шарко-Лейден кристалдары, аз мөлшерде шыны тәрізді қақырық болуы тән.

Сонымен қатар ауыр сатысында науқас қанында диспротеинемия, а2 және γ-глобулиндердің жоғарылауы, гистамин, гистамин тәрізді қосылыстар байқалады, зәрмен 17-оксикортикосте - роидтардың экскрециясы төмендейді, т.б.

Диагностикасы. Кәсіптік бронх демікпесінде диагноз қою қиын, себебі оның клиникалық көрінісіндегі айырмашылық кәсіптік емес бронх демікпесінен аз. Бірақ кәсіптік бронх демікпесі диагнозын қоюда дәлелденген кәсіптік анамнезді, ерекше клиникалық мәліметтерді, демікпе ұстамасы өндірістік аллергенмен қатынасқанда байқалатыны, арнайы аллергиялық және иммунологиялық тесттердің, басқа да аспаптық - лабораторлық зерттеулердің мәліметтерін табу көмектеседі.

Кәсіптік бронх демікпесінің этиологиясын дәлелдейтін критерийлері бар, егер науқас анамнезінде бірінші ұстама алдында өндірістік аллергендермен қатынаста болғаны анықталса, мұндай науқастарда үй жағдайында, демалыс күндері немесе кезекті демалыс уақытында тұншығу ұстамасы мүлдем байқалмайды. Диагностикалық әдістеріне: терілік - аллергиялық тесттер, оның модификациялары, яғни скарификациялық және терілік сынамалар және аллергендермен ингаляциялық, назалдық сынамалар кіреді.

Кәсіптік бронх демікпесін диагностикалуда аллергологиялық әдістерінің арасында келесі сынамалар да қолданылады:

1) аллергиялық антиденелердің комплементті байланыстыру реакциясымен (РСК) анықтау;

2) аллергиялық антиденелерді пассивті (белсенсіз) гемагглютинация реакциясымен (РПГА) анықтау;

3) базофилдердің спецификалық бұзылыс көрсеткіш реакция-сымен (РСПБ) анықтау.

Бұл реакциялар ауыр жағдайда болғанда терілік, ингаляциялық сынақтарды жүргізуге болмағанда жүргізіледі.

Салыстырмалық диагноз. Бронх демікпесін бірінші шаңды бронхитпен және басқа кәсіптік өкпе ауруларымен ажырату жүргізіледі. Бронх демікпесіне қарағанда созылмалы шаң - тозаңды бронхит баяу дамуымен сипатталады, аурудың бастапқы кезінде тұншығу ұстамасы болмайды. Науқаста пайда болатын ұзартылған ентігу жиі бронхтарда қақырықтың жиналуымен байланысты. Созылмалы бронхитте науқасты құрғақ немесе қақырықпен жөтел мазалайды, экспираторлы тұншығу, қанда қабынуға тән өзгерістер мен эозинофилия және қақырықта бронх демікпесінің элементтері болмайды. Салыстырмалы диагнозды созылмалы бронхиттен басқа жүрек демікпесімен, өкпе ісігімен, саркоидозбен, т.б. ұқсас ауруларымен жүргізеді.

Емі.

1. Этиологиялық факторларды табу және жою.

2. Патогенетикалық емінде: арнайы, арнайы емес десенсибилиздеуші ем жүргізу, тері астына біртіндеп көтеріңкі дозада аллергенді жіберу, гистаминге қарсы гистоглобулин 1, 2, 3 мл, 2-3-4 күн сайын №5-10.

3. Бронхты кеңейтетін заттар: интал, астмопеит, беротек; муколитиктер: трипсин, хемотрипсин, калий йодид және ауыр жағдайда преднизолон 30-90 мг тәулігінг немесе дексаметазон фосфат 8-12 мг тәулігіне, дезинтоксикациялық препараттар тағайындалады.

4. ЕФК, массаж, климатобальнеотерапия, санаторлық - курорттық жағдайда немесе таулы құрғақ жерлерде демалу тағайындалады.

МӘС жеңіл түрінде рационалды еңбекке орналастыру керек. Ауыр түрінде жұмыс істей алмайтын жағдайда мүгедектікке шығару, ал орта жағдайда жеңіл аллергенсіз жұмысқа көшіруге тиісті.

5. Қақырықты жұмсарту үшін йодты препаратты (калий йодит ертіндісі) протеолитикалық фермент (трипсин, химотрипсин ),жылы су ішке қабылдау, натрий гидрокарбонат ертіндісін күре тамырға енгізу.

Астмалық статустың ауыр дәрежесінде дәрілердің әсери болмаған жағдайда реанимациалық іс шара – бронхоскопиалық диализ көрсеткіш болып табылады.

Аллергенді сынамаларды терілік, теріастылық жүргізгенде анафилактикалық шок дамуы мүмкін. Сол кезде тез арада аллерген енгізген аймақтан жоғары жгут байлап, ине еккен теріге 0,5 мг – 0,1% адреналин гидрохлорид ерітіндісін жіберу қажет.Әсер болмаған жағдайда 10-15 мин уақыттан кейін адреналинді қайталау қажет. Ине еккен жерге мұз бөлшегін қою керек, бұлшықетке антигистаминді препараттар (димедрол, супрастин, пипольфен), теріастына – кофеин, кордиамин, тұншығу жағдайда – күре тамырға эуфиллин. Кортикостероидты күре тамырға тамшылатып жіберу, жұтқыншақтың тарылу кезінде трахеотомия жасау қажет.

Бронх демікпесі бар науқастарға қосымша ауруларды емдеу барысында бірнеше дәрілерге сенсибилизация әсері байқалады. Сол себепті антибиотиктерді десенсибилиздеуші дәрілермен тағайындау қажет.

Профилактикалық шараларына жұмысқа түруда кәсіби таңдауды жақсы және кезекті медициналық қарауды уақытында жүргізу, ШРЕК - ың сақтау, санитарлық ағарту жұмыстарын, санитарлық - техникалық жұмыстарын жүргізуді қарастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]