Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазакстан тарихы az.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
474.11 Кб
Скачать

Орыс демократиялық мәдениеті және ш. Уәлиханов

1180.ХІХғ. ІІ жартысында Алтай, Жетісу, Орта Азияға саяхат жасап, зерттеу жүргізген - Семенов-Тянь-Шаньский.

1181 .Мейердің «Орынбор ведомствосының қырғыз даласы» еңбегі - Кіші жүз тарихын сипаттауға арналған.

1182. Іле, Жетісуды зерттеп, халық ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеп жариялаған - Шығыс зерттеушісі академик Радлов.

1183. Шевченконың қазақ жерінде айдауда болған уакыты - 1847-57жж., оның қазақ, украин халықтарын салыстыра жырлаған өлеңі - «Менің ойларым».

1184.Қазақстан тарихы зерттеуді ғылыми жолға қоюда орыс географиялық қоғамының Орынбордағы, Омбыдағы, Семейдегі бөлімшелері - 1845ж.ашылды.

1185. Ш.Уәлихановтың шын есімі - Мұхамед-Қанапия. (1835-65жж.).

1186. Шоқан Құсмұрьн бекінісінде туған.

1187. Шоқанның сана-сезімінің ерте оянуына әсер еткен - әжесі Айғаным.

1188.1847ж. 12жасар Шоқан Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп 18 жасында бітірді.

1189. Ол географ Семенов-Тянь-Шаньскиймен бірге болып, 1856ж. Құлжаға барып қайтады.

1190.Шоқанның досы, ғалым, географ - Семенов-Тянь-Шаньский.

1191 Қырғыздың «Манас» жырын зерттеген.

1192.Оны әлемге әйгілі еткен - 1858-59ж. Қашғар саяхаты.

1193.Шоқанның досы орыс жазушысы - Достоевский.

1 194.1864ж. Шоқан генерал Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алудағы әскери қимылдарға қатысады.

1195.1864Ж. Шоқан Верныйда болды.

1196.«Русский инвалит» газетінің 51-санында Қытайдағы дүнгендер көтірілісі туралы ақырғы еңбегі 1865ж. жарияланды.

1197.Шоқан 1865ж. сәуірде Алтын Емелде қайтыс болды.

1. Қазақстандағы халық ағарту ісі

1198.Түркістан статистикалық комитеті қашан құрылды? 1868 ж.

1199. Семей статистикалық комитеті қашан құрылды? 1878 ж.

1200 Өлкені зерттеуді жолға қоюда ерекше орын алған облыстық статистикалық комитеттер қашан құрылды? XIX ғ-ң 80 жылдарында.

1201. Семей облыстық статистикалық комитетінің мүшесі болған - Абай.

1202. Алғашқы қоғамдық кітапхана қашан және қайда ашылды? 1883 ж, Семейде.

1203. Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі қайда, қашан ашылды? 1883 ж, Омск қаласында.

1204. XIX ғ. Теңізде жүзу ісін үйрететін мектеп ашылған қала- Атырау.

1205. Исламдық мектептерге шек қоюға бағытталған Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандықпен күресу шаралары» қашан бекітілді? 1867 ж.

1206. Жетісу облыстарын басқару туралы ережеге сай ағарту ісінің дамуына қазақтарға өз еріктерімен қаржы жинау құқы берілді.

1207.Сырдария, Жетісу обл. Оқу орындарының қызметін бақылаған кім? Түркістан генерал-губернаторы.

1208. Ақмола, Семей облыстарындағы оқу орындары Батыс Сібір округіне бағындырылды.

1209. Ресей империясы мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы мәселе алғаш рет үкімет шешімінде қашан бекітілді? 1870 ж.

1210. «Ереже» бойынша медреселердің оқу жылы мамырда басталып,тамызда аяқталған.

1211. Петропавл қалалық мұсылмандар кітапханасы думаның қаржыландыруы мен қашанға дейін жұмыс істеді? 1910 ж дейін.

1212.1888 ж. деректер бойынша Түркістан өлкесіндегі медреселер саны қанша? 106 медресе.

1213.1896 ж. Торғай обл. Ресейдің оқу орындарында білім алған қазақ студенттерінің саны —50 ге жуық.

1214. Петербург университетінің заң факультетін бітірген, Семей облысынан шыққан алғашқы кәсіпқой қазак заңгері - Жақып Ақбаев.