Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қоректік орта залалсыздандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.88 Кб
Скачать

Қоректік орта құрамы

Қоректік орта құрамы оптимальды болуы керек. Онда әртүрлі ББЗ синтезін және микроорганизмдердің өсуін, көбеюін анықтайды. Қоректік орта күрделі және қарапайым болуы мүмкін. Күрделі қоректік орта құрамына 50 компонент және одан да жоғары кіруі мүмкін, ал қарапайым қоректі орта құрамына 5 компоненттен көп болмауы мүмкін.

Қоректік ортаны белгілеу:

  • жасушалардың физико-химиялық жағдайда өсуі үшін оптимальдылығын сақтау (рН, еН, рО2, рСО2 және т.б.).

  • Биомасса және басқа өмір сүруге қажетті өнімдер синтезі үшін қоректік заттарды жасушалармен қамтамасыз ету.

Қоректі орта екі топқа бөлінеді:

  1. 5-20% табиғи сарысу енгізуін қажет ететін орта (адам қанынан немесе ірі-қара малдық эмбриональды экстракты).

  2. Белгілі құрамдағы синтетикалық-химиялық орта.

Сарысу (қанның эмбриональды сарысуы, жылқының сарысуы немесе тауық эмбрионының тазарталған экстракты), олардың жоғары молекулалы фракциясы (α-, β- терендіктері) жасушаларды зақымдалуынан сақтайды және ДНҚ синтезін ынталандырады.

Қоректі орта негізін аминоқышқыл, пурин, пиримидин қосылыстары ақуыз және нуклеинді қышқылдар синтезі үшін құрайды, глюкоза – көмірсу және энергия көзі ретінде, майда және суда еритін витаминдер, минералды тұздар – буфер сыйымдылығын, рН мәнін және қажетті осмос қысымын ұстау үшін. Сондай-ақ орта құрамында асептикалық жағдайды ұстау үшін аз концентрацияда антибиотиктер болады.

Айтылған компоненттер өте қымбат, сондықтан кең көлемдегі өндірісте бәрінен бұрын көмірсуларды , арзан крахмал – сірнелік өндіріс өнімдерімен алмастырады.

Су қоректік ортаның алмастырылмайтын элементі.

Қоректік орта үшін арнайы дайындалған су пайдаланылады. Суды тазалау 4 сатыдан өтеді:

  1. префильтрдегі механикалық ластануын жою (кеуекті шыны, электрокоагуляция);

  2. органикалық ластанудан тазалау (активтендірілген көмір)

  3. ионалмасу смола пайдалана отырып деионизациялау (катионидтер, аниониттер)

  4. кеуек өлшемі 0,22 мембраналық фильтрде стерильдеуді.

Қоректік ортаны стерильдеу үшін термиялық стерильдеу және стерильдеу фильтрациясы (қысым астында бумен) пайдаланады. Қоректік ортаны стерильдеу мақсаты – бактерия спораларын бұзу. Қоректік ортаның көп компаненттері (витаминдер, гормондар және ББЗ) ұзақ температура әсерлеріне сезімтал, сондықтанда қоректік ортаны арнайы үздіксіз және үздікті термиялық стерилдеу режимдері құрылған. Стерильдейтін фильтрацияда мембраналық фильтрлейтін элемент қолданады.

Егу материалын дайындау

Биологиялық препараттар өндірісі үшін микроорганизм штаммдары ампулада таза дақыл түрінде консервленген болады. Әр дақыл құжатында қоректік ортасы, морфологиялық, физиологиялық сипаты және т. б. сақтау мерзімі және өсірілуі, оларды ұстау жағдайы сипатталады. Дақылды сақтау режимі салқындатуды, қатыру немесе сусыздандыруды жорамалдайды. Барлық жағдайда кенет қысқару немесе жасушалы зат алмасудың толық тоқтатылуы.

Штамм культураларын сақтауы:

  • қисық агарда 1-5 0 С температурада;

  • 20 0 С температурада қатырылған, қайта ерітіп қатыруға болмайды;

  • бірнеше жыл бойы сақталған ампулада лиофилизирленген ;

Сүт қоректі жануарлар жасушасы дақылдарының көбісі, соның ішінде адамдардың да жасушаларын көп уақыт бойы қатырылған түрде –180 0 С температурада арнайы ортада сақтауға болады.

Белгілі уақыттан соң микроорганизмнің өзіндік әр түріне және сақтау түріне байланысты, дақылды қайта отырғызады.

Технологиялық процес бастау алдында дақылды оптимальды қоректік орта құрамы кезінде стерильдеу жағдайында және өсіру режимінде көбейтеді. Өсіру саты ұзақтылығы – 24 сағат.