Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР-Мадыкенов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.53 Mб
Скачать

11.5. Тік ішектің шығуы — prolapsus recti.

Тік ішектің шығуына іш қуысындағы қысымның өсуі, тік ішектің байламдарының босандығы себеп болады.

Тік ішектің түсуі барлық хирургиялық науқастардың 0,5—6,2% жетеді. Көбінесе ер адамдарда байқалады. Бұл олардың анатомиялық ереқшеліктерімен және ауыр жұмысымен байланысты. Әйелдерде дуглас қалтасы саяз, жатыр ішекті қысып құшті беқітеді, олардың тік ішек сфинкторы берік.

Тік ішек түсуінің түрлері:

1. Тек кілегейлі қапшықтың түсуі

2. Ішеқтің барлық қабаттарының түсуі.

Аведисов қелесі тұрлерін бөледі:

Бірінші дәрежелі - түскен ішектің ұзындығы 4см. дейін, оның жарақаты жоқ, өз бетімен орнына түседі.

Екінші дәрежелі — 8см. дейін, ішек қызарған, ісінген, қан ағуы, ауыруы мүмкін. Вправляется самостоятелъно.

Үшінші дәрежелі — 8— 12см. шығады, ішек қабынған, ісінген, тыртықтанған. Ішеқ орнына салынғаннан соң сфинктер жабылмайды (зияет) аурудың жағдайы ауыр.

Төртінші дәрежелі — 12см. артық ішектің түсуі жөтелгенде, түшкіргенде т.б. болмашы қимылдарда байқалады.Түскен ішек өз бетімен орнына салынбайды.

Тік ішеқтің түсуінің жеңіл түрлері балаларда әр түрлі ішек науқастары (дизентерия) салдарынан, ересектерде — геморрой салдарынан байқалады.

Ішектің үзақ уақыт түсуінде онда созылмалы қабыну көріністері, эррозиялар мен язвалар, қан ағуы байқалады.

Ауруды тексеруде оны екі аяғына отырғызып көру нәтижелі. Бұнымен ішектің айналып түсуі анық көрінеді.

Бұған қоса тік ішекті тексеру қажет. Бұнымен тік ішек тұсуін ұзын полиптердің түсуінен айырады.

Ректороманоскопия орындалады. Ішек түсуінің ауыр түрлерінде сфинқтер әлсізденеді, ол 1—2—3 саусақтарға қеңейеді. Ішекке саусақ енғізғеннен соң аурудың сфинктерді қысуын өтінеміз. Сфинктердің кеңейуін анықтау қажетті операцияны дұрыс анықтауға көмектеседі.

Диагнозды ажырату — Геморройлық түйіншектердің шығуынан айыру қажет.

Тек ішек түсуін емдеудің қөптеген тәсілдері белгілі.

Гиппократ дәуірінен көптеген жабайы тәсілдер қолданылатын. Мәселен ауруды аяғынан байлап төмен салбыратып іліп қою.

Консервативті тәсілдер көбінесе жас балаларда қолданылады:

1. Ішеқ түсуіне себеп науқасты емдеу (дизентерия,қолит).

2. Сфинктерді күшейту — парареқталды клетчаткаға спирт немесе басқа склероздендіргіш дәріні егу.

3. Ішекті көтеріп тұратын обтураторлар (у детей)

4. Физиотерапия (массаж ,ванны).

Ересектерді мүмкіндігінше ерте операцияға алу қажет. Бұл ауыр өзгерістердің алдын алады. Операциядан бүрын ішеқ толық тазартылады.

Операциялар түрлері:

1. Анусты тарылтатын операциялар.

а) Тирш операциясы. Анусты айналдыра тері астымен сым өткізіледі. Ішеқке енгізілген саусақпен бақылаумен сымньщ ұштары тартылып анус тесігі тартылады.

б) Габриэль алтын сым, жібек жіп пайдаланған. Киршнер — аяқтан даярланылған фасцияны қолданған, Н.Н.Соколов фасцию на ножке пайдаланған.

2. Внутри и внебрюшинные фиксации прямой кишки (тік ішекті ішке немесе іштің бетіне бекіту) операциялары:

а) P.P.Вреден операциясы — анусты айналдыра кесілген жарамен тік ішектщ төменгі бөлшегін бір жанына бүгіп (180 градус) теріге тігеді.

б) Локкарт-Муммерн операциясы тік ішекпен копчиктің арасына майланған тампон енгізіп онда спайкалармен рубецтің пайда болуын күтеді.

в) Жаннелъ операциясы (внутрибрюшинная) — сигма ішегін жоғары қөтеріп брюшинаға тігеді.

г) Радзиевский А.Г. — Сигма ішегін іштің сыртқы қиғаш етінің апоневрозіне тігеді.

д) Кюммель — ішекті омыртқалар сіңіріне тігіп бекітеді.

Чухриенко ішекті омыртқалар сіңіріне капронды лентамен бекітеді

е) тік ішек резекциясын орындайды.

Аталған операциялардан соңғы рецидив 5,8—40—60% дейін байқалады. Қазіргі уақытқа дейін 210 тәсілдер белгілі (Аминев). Бүл олардың нәтижесіздігін дәлелдейді.

Наукас 26. 45 жасар колхоз тұрғыны. Клиникаға қелесі шағымдармен түскен: азғана кұшенгенде, жұк көтергенде,жөтелгенде,түшкіргенде тік ішектің шығып (түсіп) кетуіне. Жас кезінде брюшной тифпен ауырған. Ауыр жұмыспен ерте жас кезінен шұғылданған. 1983 жылы оған тік ішекті жоғары көтеріп бекіту операциясы орындалынған. Операциядан екі ай өткенде anus арқылы тік ішектің кілегейлі қабатының шығуы (түсуі) қайта басталды. Бұдан әрі азғана кұшенгенде де тік ішектің барлық қабаттарының (толық) түсуі қайталанады. Түсетін шіектің ұзындығы 12см. Шыққан ішектің кілегейлі кабаты қызарған, оған қан құйылған бөлшеқтері бар. Саусақпен тік ішекті теқсергенде сфинктердің созылып кеңейгендігі анықталынады.

Тік ішек науқастарына арналған әдебиеттер.:

  1. Аминев А.М.- Геморрой, Горький,1954

  2. Аминев А.М.- Руководство по проктологии, Куйбышев, 1979

  3. Баженова А.П.- Островцев Л.Д.- Рак толстой кишки. М., 1969

  4. Бронштейн Б,Л.- Рак толстой кишки, М., 1956

  5. Брайцев В.Р.- Заболевание прямой кишки, М., 1952.

  6. Блиничев Н.М.- О парапроктитах, Куйбышев, 1954

  7. Дульцев Ю.В.- Парапроктит., Саламов К.Н., М, Медицина, 1981

  8. Канделис Б.Л.- Неотложная проктология. Л. Медицина, 1981

  9. Рыжих А.Н.- Хирургия прямой кишки. М., 1956

  10. Рыжих А.Н.- Атлас операций на прямой и толстой кишках. М., 1968

  11. Заремба А.А.- Клиническая проктология, Рига, Звайнге, 1978

  12. Проктология под руководством Федорова Б.А., Дульцева Ю.В./ М., Мед., 1984

  13. Ривкин В.Л. Капуллер Л.Л.- Гемаррой, М., Медицина, 1985: