Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР-Мадыкенов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.53 Mб
Скачать
    1. Кан тамыры ішінде қанның ұю механизімі мен себептері.

Қан тамыры ішінде қанның ұюының (тромбоэмболия) казіргі уақытта жиіленіп кездесуіне және мұндай жағдайға душар болтан адамдардың бірсыпырасының өлуіне байланысты оны уақтылы анықтау және емдеу медицинаның өте жауапты проблемаларынын біріне айналып отыр.

Тромбтар (ұйыған қан) артерия, вена қан тамырларында, жүректің шіінде пайда болуы мүмкін. Егер олар өзінің бірінші пайда болъш "өскен" орнынан кан ағынымен басқа денеге көшсе, оны тромбоэмболия (үйыған қан эмболиясы деп атайды).

Тромб пайда болуы себептері көп және бір уақытта бірнеше органдардың қызметі бұзылуымен байланысты.Осыған қоса атеросклероз (қан тамырларының қатаюы), гипертония (қан тасу), ревматизм, семіздік, диабет, өкпе науқастары, қан науқастары және стресс (кейіту,ренжіту), адинамия (аз қозғалу, қара жұмыс жасамау) т.б.

Осы жағдайларға қоса қан тамырларының интимасы (ішкі оболочкасы — қапшығы) бүзылса, склерозге айналса эндотелийдің коллагені тромбоциттердің "жабысқақтығын" күшейтіп, тромб пайда болуына соғады.

Тромбоциттер адреналин, нородреналин, серотинин шығарып, фибриногеннің (белок) фибринге айналуын тездетеді.

Тромбоциттердің адгезиялық - жабысқақтық (жыртылған қан тамырына, лейқоциттерге) қасиеті бар. Бұл организімде қорғаныс қызметін орындайды.

Адгезия — операциядан соңғы уақытта, травмадан соң, цирроз (бауырдың ауыруы), тромбофлебит (қан тамыры воспалениесі), денеде су жетімсіздігіенен соң, рак ауруларынан соң күшейеді.

Агрегация деп тромбоциттердің біріне—бірі жабысуын атайды. Бұл қасиет микробтарды фагоцитозбен (ерітіп) жою үшін, антигендер мен антителдер реакциясы ұшін қажет. Дегенмен осы жабысқақтық тым күшейсе, онда қан тамыры ішінде тромб пайда болады да окклюзияға (қан тамырының үйыған қанмен — тромбамен жабылуына) соғады.

Сау (аурусыз, жарақатсыз) қан тамырында және тромбоцитте электрлік заряд жоқ (отрицательный заряд), сондықтан cay, жарақатсыз қан тамырындағы тромбоциттер қан тамырына жабыспайды. Жарақаттанған қан тамырында электрлік заряд (положительный заряд) пайда болады да осьгған байланысты өзіне тромбоциттерді тартып, жабыстырады. Осыған қоса қан айналысының нашарлануының әсері зор.

Қан ұю үш түрлі процесстен түрады—протромбиназа (тромбопластин) пайда болу, оның тромбинға айналуы одан соң фибрин пайда болуы.

Қан үю процессі қөп компонентті және көп фазалы процесс. Бұл процесс нерв, эндокрин және гуморалъды (қан) системаларының басшылығымен (себебімен) орындалады. Мысалы, егер қанда көп тромбин пайда бола қалса, организм гуморальды факторларды (фибринді ерітетін) көп шығарып, фибринолизистік процессті күшейтеді, гепаринді көбейтіп қанның қоюлануына қарсы эсер етеді.

Тромоэмболияны емдеу үш түрлі әрекеттен құралады:

1. Тромбоциттердің агрегациясына қарсы

2. Фибриннен тромб пайда болуына қарсы.

3. Тромбты еріту.

1. Тромбоциттердің агрегациясына қарсы (ацетилсапицил кислотасы, курантил, персантин). Тромбоциттердің адгезия және агрегациялық қасиеттерін төмендететін препараттар (ацетил салицил кислотасы, бутадион, индометацин, реополиглюкин, аминазин,қурантил,папаверин, никотиндік кислота) қанның қоюлану процессіне және фибринолизге онша әрекет жасамайды. Олар тек тромбоциттердің адгезивті — агрегациялы (жабысқақтық) қасиетін азайтады.

2. Антикоагулянттар:

а) прямого действия — қанның қоюлануына қарсы адамның организімінде және организімнен тыс жағдайда эсер ете алады. Бүлар гепарин, Цитрат натрия.

б) непрямого действия — қанның қоюлануына тек организімде эсер етуші препараттар. Бұлар — неодикумарин, пелентан, синкумар, финилин, амефин.

Гепарин -универсальды антикоагулянт. Тромб пайда болу процессінің барлық фазаларына қарсы эсер етеді (тромбпластин,тромбин,фибринге қарсы). Организмде гепарин тучные деп аталатын клеткаларда пайда болып, қан қоюланып тромб пайда болуы қаупі туғанда қан тамырына қөптеп түсіп, қанның сұйықтығын сақтауға қатысады. Осымен қатар фибринолизді (фибринді еріту) процессін қүшейтіп, пайда бола бастаған тромбтерді ерітеді. Гепарин және де аналгезирующее (дене ауыруын азайтады), гипоксияға (кислород жетімсіздігіне) қарсы, регенерациялық процесті күшейтеді, воспалениеге қарсы, қан қысымын төмендетеді, диурезді (зәрді) молайтады.

Гепаринді қан тамырына, ет арасына, терінің астына жібереді. Денеден гепарин 2—6 сағаттан соң бүйрек арқылы шығады. Цитрат натрия қандағы калъцийдің иондарын байлап, ерімейтін қоспа пайда болуына соғады да осы арқылы қан қоюлануына қарсы эсер етеді. Сондықтан 4—5% цитрат натрийді донордың қанын консервациялауда қолданады.

Неодикумарин,пелентан синкумар, фенилин, амефин т.б. синтетикалы антикоагулянттар— қанның қоюлануына ғана қарсы емес, олар қан тамырларының сіңіру—өткізу процесстерің күшейтеді, қан тамырын кеңейтеді. Ау^руды ұйықтатады, дене ауыруын азайтады, зәрді көбейтеді, өт шығуын көтереді, ферментті және иммунды процесстерді төмендетеді. Бұл непрямые антикоагулянттар ауыз (тамақпен) арқылы ішіледі. Өйтқені олар толығымен ішек-қарында сіңеді. Канға қосылғаннан соң олар алъбуминмен байланысып, кумулятивті (ұзақ уақыт организмде сақталу) эсер етуі мүмкін. Бүлардың әрекеті 24—48 сағаттан соң байқалады. Емдеу курсынан соң препараттарды пайдалану біртіндеп,ақырындап тоқтатылады. Тез тоқтатқанда "синдром отмены" деп аталатын ауыртпалы жағдай кездеседі.

Антикоагулянттарды пайдалану келесі тексерістердің нәтижесіне сүйене отырып жұргізіледі:

1. Время свертывания крови по Ли—Уайту — қанның қоюлану уақыты 5—10 мин.

2.Қандағы кальцийдің жоғалуы(время рекальцификаций-1-2минут.

3. Толерантность плазмы к гепарину — плазманың гепаринге шыдамдылығы 6—12 мин.

4. Протромбинді индекс 100%

5. Фибриногеннің концентрациясы 0,2—0,4г/л.

6. Фибринолитическая активность—фибринді еріту қимылы 183—263 мин.

7. Тромботест - ІҮ ст.

8. Қан ағу уақыты 1—3 мин.

Әрдайым антикоагулянттар пайдалану алдында қан ағу уақыты межеден 2—3 рет үзақ болуы, зәрде эритроциттер болмауы керек.

Антикоагулянттық терапияның асқыныстары: препараттарды шамадан (дозасынан) артық қолданумен,не болмаса адам организімінің бұл дәрілерді қабылдамауымен (индивидуальная-повышенная чувствительность) байланысты. Осы жағдайларда ішек-қарыннан қан ағуы, зәрмен қан шығуы мүмкін. Бүндай адамдарға антикоагулянттар қолдану жедел тоқтатылады, не олардың дозасын азайтады. Гепариннің антогонисі — (қарсы)—протамин сульфат 0,1мл 1%; витамин К, викасол Імл 1% 2—8рет 1 сөткеде, қанның плазмасы, хлорлы кальций пайдаланылады.

Анафилактикалы не аллергиялы реакцияларға қарсы белгілі жалпы ем қолданылады.

Антикоагулянтты емді мына жағдайларда қолдануға болмайды:

1. Язва ауруымен науқастарға

2. Бүйрек ауруларында

3. Бауыр ауруларында (цирроз,гепатит).

4.Қан ауруларында (гемофилия,гемаррагиялы васкулит)

5. Авитаминоз — К, С — витаминдер жетімсіздігінде

6. Эндокардит — жұрек ауруында

7. Беременным женщинам — жүкті әйелдерге

8. Қаны тасыған ауру, атеросклерозде

9. Күре тамырлар аневризмасында.

Тромбо (фибринолитическая) терапия — тромбты,фибринді еріту терапиясы.

Тромболитиктер (тромбті ерітушілер):

а) прямые - фибринолизин

б) — стрептокиназа, урокиназа, стрептодеказа.

Фибринолизин (плазмин) — тромбты ерітетін фермент.

Оны плацентадан (баланың жолдасы) жинаған қанның сывороткасынан жасайды, (шығарады). Пайдаланар алдында физиологиялық суда ерітеді. Оны денеге қан тамыры арқылы минутына 15—20 тамшыдан жібереді. Бір күндік дозасы 90—120 мың ЕД. Фибринолизин канда активный плазмин кұрып,фибринді ерітеді.

Стрептокиназа (стрептаза, стрептолиаза,авелизин) - гемолитикалы стрептококктен шығарылады. Препарат фибринолиздік процесті тікелей күшейтеді. Препаратты қан тамырына Змлн.ЕД 20—ЗОмл. физиолоғия ерітіндісінде ерітіп пайдаланады.

Кейде фибринолиздіқ препараттарға аллергиялық реакция орын алуы мүмкін (дене тітіркенеді, қызады, қызарады, бөртпе пайда болады, қан қысымы төмендейді). Сондықтан фибринолитиктер эр себептен қан ағуы мүмкін адамдарға — язва ауруы, операциядан соңғы 3—4 сөтке, босанған әйелдерге, сепсисте, эндокардитте, ішкі органдардың воспалениесінде (аппендицит, холецистит,панкреатит) туберкулез, диабет, гипертония,инсульт,цирроз,аллергия ауруы барларда қолданылмайды.

ХІ-ТАРАУ. ТІК ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ.